"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Тәрбие жұмысы

 

     

 

Талдықорған гуманитарлық- техникалық колледжінің студентері мен ата-аналарына жиналыс өтті.

Жиналыста ата -аналарға жалпы құқықбұзушылықтың алдын алу,сессия тапсыру мәселесі,жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі т.б. мәселелер қарастырылды.


 

  

  


"Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу"

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 25 қыркүйек күні студенттермен Талдықорған қаласының ІІБ қызметкері, колледж инспекторы Б.Жанысбековтің "Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу" онлаин кездесуі өтті. Кездесуге студенттермен қатар директордың орынбасары Х Карипжанова мен барлық топ кураторлары қатысты. Кездесуде Б.М. Жанысбеков жастар арасында көп кездесіп жатқан құқықбұзушылық әрекеттер, яғни мезгілсіз уақытта көшеде жүру, қақтығыс, төбелес, ұрлық, түнгі кезде кафелерде жұмыс істеу т.б мәселелерді қозғады. Студенттерге кәмелеттік жасқа толғанға дейін тәртіп бұзған жағдайда әкімшілік жаза ата -аналарына қолданылу жолдарын айтты.Қазіргі кезде қоғам болып әр адамның бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескертті.. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Карипжанова қиындық жағдайларға тап болсаңдар топ кураторы мен психологқа, кез келген колледж педагогына хабарласуларын тапсырды.

      


     "АИТВ/ЖИТС таралу қарқынының алдын алу "тақырыбында ONLINE семинар"


     "Қос қанат Жетісу" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 23 қыркүйек күні карантиндік іс-шараларға байланысты шектеулерді ескере отырып, жасөспірімдердің денсаулығын сақтау бойынша 1 курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта семинар ұйымдастырылып өткізілді. Іс - шараның негізгі мақсаты:Талдықорған қаласының білімгерлер арасында ЖИТС-тің алдын алу,қауіп-қатерге салауатты баламаларды қалыптастыру. Семинарға колледждің орынбасары Х.Карипжанова, психолог У. Джакубаева, медбике А Есенеева және 1-2 курстардың студенттері қатысты. Семинарды Талдықорған қалалық №1 емханасының инфекционист дәрігері Смайлова Айгүл Мұсағұлқызы жүргізді. Смаилова Айгүл Мусагуловна ВИЧ, СПИД-тен қорғану жолдарын,жұқтырудың қаупін,емделу тәсілдерінен мағлұмат берді.Студенттерге салауатты өмір сүруді насихаттады.Колледж директорының орынбасары Хафиза Советқызы Карипжанова студенттерге осындай қиын кезде таза жүріп, кездейсоқ оқиғалардан алыс болуларына ақыл -кеңес берді.

      


Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 қыркүйек -Білім күніне арналған
" Айбары асқақ Ата Заң! " атты онлаин ашық тәрбие сағаты өткізілді.

     Тәрбие сағатында барлық топтың студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтай келе, пандемия кезінде шыдамдылық пен сабырлық сақтап, білім алу жолында аянбай шыңдалуларын тіледі. Тәрбие сағатында еліміз үшін ата заңымыздың маңызы мен адам өмірі үшін қажеттілігі де кеңінен талданып, бейнебаяндар көрсетілді


Колледж ардагерлері біз сіздермен біргеміз!

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің еріктілер тобы колледжде талай жылдар еңбек етіп, оқу орнының  өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан зейнеткерлер Ү. Қуатбековке, Ж. Акажановқа, Қ. Құсмолдиноваға, К. Идрисоваға, Ш. Нұхтарханға, Е. Ткенбаевқа, А. Кисирядоваға  қазіргі төтенше жағдайға байланысты үйлерінен ұзап шыға алмай отырғандарына байланысты азық-түлік жеткізіп, қол ұштарын берді. 'Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді" дегендей, қарттарымыз шексіз  ризашылықтарын білдіріп, колледж  басшысы А. Джумадиловпен ұжым мүшелеріне амандық пен саулық тіледі. 

      

      

 


8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Сарқылмайтын жылылық, Ана аты- ұлылық " атты мерекелік іс- шара ұйымдастырылып өтті.

     Талдықорған гуманитарлық- техникалық колледжінде 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Сарқылмайтын жылылық, Ана аты- ұлылық " атты мерекелік іс- шара ұйымдастырылып өтті. Колледж директоры Джумадилов Асет Қазыйұлы барлық колледж аналары мен ару қыздарын төл мерекелерімен құттықтап, отбасыларына сүйіспеншілік пен ізгілік нұрын, еліміздің гүлдену жолындағы жасампаз еңбектеріне сәттілік тілеп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Колледждің өнерпаз білімгерлері өз өнерлерін көрсетіп, барлық аналарға жаксы көңіл- күй сыйлады.  

            


Жатақханада тұратын білім алушылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы  өткізілді.

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 20 ақпан күні жатақханада тұратын білім алушылар арасында тәрбиешілер С.Ибраимжанова,Н.Боканова,Н.Жұмабайдың ұйымдастыруымен   «Жігіт сұлтаны» байқауы  өткізілді. Жігіттердің «сегіз қырлы бір сырлы» болу жолындағы өнерін ,білімін,шешендігін,жауапкершілігін, мәрттігін   бес кезең бойынша сынатты.Таныстыру кезеңінде  Сабалақов Нұрлыбек  Ұлы Абайдың 175 жылдығына жеңісімді тарту етемін десе, Тілектес Ернұр «Бөлшектенбей бар қазақ  бір болайық»-деп жырлады.Жігіттер   күш атасын танымас  демекші  ұлттық ойынымыз «Аударыспақты көрсетіп, күш сынасты.Олар тек күш сынасып қана қоймай, «Білімді мыңды жығар демекші, білім сынына да түсті.Ұлы Айбайдың 175 жылдығына байланысты сұрақтарға ұтымды жауап берді. Ақтық сынға сүрінбей жеткен  жігіттердің  ішінен 1 орынды 282 топ студенті Тілектес Ернұр, 2 орынды 292 топ студенті Сабалақов Нұрлыбек,3 орынды 290 орынды Базарбаев Абдрашид жеңіп алды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара  өте қызықы,  тартымды  өткізілді.Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға колледж әкімшілігі бағалы сыйлықтар  тарту етті. 

   

      


"Мен өмірде жырлау үшін келгенмін" атты поэзия кеші өтті. 

Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған "Мен өмірде жырлау үшін келгенмін" атты поэзия кеші өтті. Қазақ болып туғанына мақтан еткен Мұқағали ақынның еліне ,жеріне тіл тағдырына өмірдің сан қилы қырына, асыл сезім махаббатқа, табиғатқа арнаған өлеңдерін жастарымыз жатқа оқып көрерменге рухани, ләззат сыйлады. Кеште ақиық ақынның жауһар жырларынан басқа сахналық көрініс көрсетіліп, ақын сөзіне жазылған әндер айтылды. Ақынның рухына арнап залдағы көрермендермен бірге "Есіңе мені алғайсың" әнін шырқады. Кешті ұйымдастырған З.Чурегеева,А Мусекенова, Н Жұмабайға директордың орынбасары Х.Карипжанова жастардың бойына адамгершілік пен отансүйгіштік сезім ұялатқандары үшін рақметін айтып,шығармашылық табыс тіледі.

       


   Талдықорған гуманитарлық-техниклық колледжінде қызметкерлердің бүлдіршіндеріне арналған кәсіподақ шыршасы өтті.

     30.12.2019ж Талдықорған гуманитарлық-техниклық колледжінде қызметкерлердің бүлдіршіндеріне арналған кәсіподақ шыршасы өтті. Шыршада бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, аяз атадан сыйлықтарын алып, көтеріңкі көңіл- күймен үйлеріне қайтты. Кәсіподақ шыршасын ұйымдастыруға үлес қосқан колледж әкімшілігі және 281- топ шебері М.Қ. Наймановамен топ студенттеріне алғысымызды білдіреміз. Келе жатқан жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, береке, денсаулық және табыс әкелсін.

      


"Біз,таланттарды іздейміз!" атты іс-шара өткізілді.

3 желтоқсан күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде "Біз,таланттарды іздейміз!" атты іс-шара өткізілді.Бұл шараға 1 курс білім алушылары қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты колледжге жаңа түскен білімалушылардың бойындағы өнерлерін көрсете алуларына жағдай жасау, колледждің «қоғамдық өміріне» қатысу белсенділігін арттыру
және оларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, сахна, эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Болашақ мамандар өздері таңдаған мамандықтарын ән-жырмен сипаттап,өз өнерлерін паш етіп шараны қызықты өткізуге ат салысты . Әсіресе, 288 топ студенті Жақсыкельдинова Данеляның қобызбен орындаған Абайдың "Көзімнің қарасы" шығармасы көрермендердің көңілінен шықты.1 курс білім алушыларының арасында талантты , дарынды балалар анықталып марапаттарға ие болды.

      

      

      


"Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық -зомбылыққа бірлесіп қарсылық білдіреміз!"

     25-26 қараша күні Талдықорған қаласында "Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық -зомбылыққа бірлесіп қарсылық білдіреміз!"тақырыбында Халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті. Аталған конференцияға Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, тәрбие орынбасыры және колледж психологы қатысты. 

       


 «25 қараша – әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық күні» 

     Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі және Талдықорған аумақтық әйелдерді қолдау орталығымен бірлесе «25 қараша – әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық күні» аясында және 2019 жылы Халықаралық еңбек ұйымы қабылдаған № 190 Конвенцияның міндеттерін қолдау мақсатында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын ұйымдастырды.
     Шара Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі білімгерлерінің қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел басында өткен кездесуде жастар көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды, пікірлерімен алмасты, тақырыптық бейнероликті көріп, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын қолдайтындықтарын жеткізді.

      

      


   "Қарттарым асыл- қазынам" атты қайырымдылық концерті

       18.10.2019 ж. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің "Жүрек жылуы" еріктілер тобы қаламыздағы "Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып "Қарттарым асыл- қазынам" атты қайырымдылық концертін өткізді. Көңілдері жабырқап қиындықты көп көрген ақсақалдар мен апайлар студенттермен бірге ән шырқады. Қарттарымыз жастардың өнерін көріп, қуанып ақ баталарын берді.

      


   "Құқықтық сауаттылық-заман талабы"

    Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында Талдықорған гуманитардық- техникалық колледжінің Жастар үйінің тәрбиешілердің ұйымдастыруымен "Құқықтық сауаттылық-заман талабы"-тақырыбында колледж инспекторы:Жанысбеков Бейбіт кездесу өтті.

                 

 2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары

                             Тәрбие жұмысының мақсаты:    

                     Білім алушыларды  Қазақстан Республикасының азаматтары мен патриоттары ретінде ой-өрісі кең, рухани-адамгершілікті,    салауатты өмір салтын ұстанған,   бәсекеге қабілетті, кәсіби интеллектуалды  маман иесі  етіп тәрбиелеу.

                             Тәрбие жұмысының міндеттері:

*колледжде денсаулығы  мықты, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбиенің негізін құру және дамыту,

*білім алушыларды отансүйгіштікке, азаматтыққа,  зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу,

*өзінің және қоғамның алдында жауапкершілігін сезіну, табиғи, мәдени ортада өзінің іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптасыру,

*мемлекеттік және басқа да тілдерді үйрену арқылы білім алушылардың ұлттық  және әлем мәдениетін игерулеріне, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуіне және қабылдауларына жағдай жасау,

*жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде колледжде танымдық қызығушылықтарын,  шығармашылық қабілеттерін, жалпы білім мен мамандыққа икемділіктерін, өзін өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, бейімділіктерін қалыптастыру,

* қазіргі кездегі қоғамдық өмірге  және тиімді  кәсіби іс-әрекетпен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру,

*қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу,

* жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдағы қарсы әрекет ете алатын дағдыларын қалыптастыру,

* отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және  ата-аналармен байланысты  күшейту.

 

                                                   Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру  шаралары

 

атқарылатын іс-шаралар

өткізілу мерзімі

жауаптылар

1

Педагогикалық ұжымды 2019 жылғы облыстық  Тамыз кеңесінде  тәрбие мәселесі бойынша көтерілген мәселелермен таныстыру

тамыз

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (ДТІЖ орынбасары)

2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру мекемелерінде студенттерге жатақхана беру Ережесін бекіту туралы»

№66 Бұйрығын негізге ала отырып, студенттерді жастар үйіне орналастыру, олардың ортаға бейімделуіне жағдай туғызу

тамыз-қыркүйек

ДТІЖ орынбасары

тәрбиешілер, жатақхана меңгерушісі

3

1 қыркүйек-Білім күніне дайындық жұмыстарын жүргізу.

1 қыркүйек-Білім күніне  арналған  салтанатты жиын.

 ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен жоспарына сай алғашқы ашық тәрбие сағатын өткізу

тамыз-қыркүйек

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері, шеберлері музыкант

4

«ҚР  Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің   2012 ж. 12 наурызындағы №320 Қаулысын іске асыру жұмыстарын жүргізу.

қыркүйек

әкімшілік

5

Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  білімгерлердің  мәлімет картотекасымен жұмыс жасау,  олардың сабақ кезіндегі  және сабақтан тыс уақытын, тұрмыстық жағдайын, тамақтануын ұйымдастыру, оларды ортаға  бейімдеу  бойынша жұмыстар жүргізу,  мемлекет  тарапынан бөлінген қаражатты уақтылы алуларына басшылық жасау, ақыл-кеңес беру

қыркүйек-маусым

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері, шеберлері, психолог

6

 Колледж  білім алушыларын   медициналық тексеруден  өтулерін ұйымдастыру, денсаулығына байланысты есепке қою, емдеу процедураларын жүргізу, оқу үрдісінде білімгерлердің денсаулық топтарын есепке алу

кесте бойынша

медбике, топ жетекші, шеберлері

7

Топ жетекшілерінің бірлестігінің жұмыс жоспарын құру, жетекшісін сайлау

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары, топ жетекші, шеберлері

8.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің     Жастар жылына байланысты жоспарындағы  «Саналы ұрпақ», «Ашық жүрек», «Көшбасшы», «Жас сарбаз», «Кәсіпқой», «Ұлы дала», «Ата-аналар мектебі» жобалары бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары, топ жетекші, шеберлері

9

Колледж психологымен жаңадан келген студенттердің (жетім балалар, әлеуметтік  жағдайы төмен білімгерлер, көп балалы отбасының балалары, қиын балалар) картотекасын жаңартудағы бірлескен жұмысы

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары, психолог

10

Студенттердің өзін –өзі басқару  ұйымы мен  топ белсенділерінің, жастар үйінің белсенділерінің  жұмысын жандандыру,  басшылық жасау

қыркүйек

 ДТІЖ орынбасары, жастар ісі комитеті

 

11

 ҚР «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы» Конституциялық Заңын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар  жоспарын жасап,  насихаттау жұмыстарын  жалғастыру

үнемі

ДТІЖ орынбасары,

оқытушылар мен шеберлер

12

Мемлекеттік мерекелер мен кәсіби мерекелерді  ұйымдастырып өткізу. Мерекелерге арналған колледжішілік қабырға газеттерін шығару

кесте бойынша

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері, шеберлері, музыкант

13

Колледжішілік Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен кездесу, кеңес жұмысын жандандыру

кесте бойынша

әкімшілік, педагог қызметкерлер

14

Қалалық наркологиялық, тері аурулары, өкпе аурулары, әйелдер кеңесі  емханаларының  қызметкерлерін шақырып, дөңгелек үстелдер мен тренингтер  өткізу

кесте бойынша

ДТІЖ орынбасары,

медбике

15

Құқық бұзушылықтың алдын алу  мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру  бойынша ІІБ қызметкерлерімен «Нөлдік төзбеушілік» бойынша  кездесу,  дөңгелек үстелдер өткізу. Колледжішілік және  ІІБ есепте тұрған білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу

үнемі

ДТІЖ орынбасары ,

ІБ қызметкерлері, психолог, топ жетекшілері, шеберлері, «Шанс» қоғамдық бірлестігі

16

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 

2014 ж. 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын іске асыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру. «Таза сессия» айлығын өткізу

үнемі

директордың ДӨОІЖ орынбасары,

 ДТІЖ орынбасары

 

 

17

Қазақстан халқының бірлігін нығайту мен діни-экстремизм мен терроризмнің  алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру,  діни қызметкерлермен  кездесулер өткізу

кестеге сай

ДТІЖ орынбасары

тәрбиешілер,

топ жетекшілері

18

Білім алушылардың сабақтан тыс шаралар мен спорттық секцияларға  қатысуын  ұйымдастыру.  Спортшылардың жарыстарға  қатысуына қолдау көрсету

қыркүйек-маусым

әкімшілік,

үйірме жетекшілері

19

Республика, облыс, қала  көлемінде ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік, спорттық жарыстарға  білім алушыларды қатыстыру

кесте бойынша

әкімшілік,  колледж қызметкерлері

20

Жастар үйінде тұратын білім алушылармен  жоспарға сай тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып өткізу, олардың  әлеуметтік-тұрмыстық, материалдық жағдайларын тексеру, рухани-психологиялық көмек беру,  жастар үйінің жұмысын  жақсарту жолдарын ұйымдастыру

үнемі

ДТІЖ орынбасары

тәрбиешілер

21

Колледжішілік   ата-аналар  жиналысын өткізу

қаңтар

колледж әкімшілігі, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы

 Д. Қыдырбаева

22

Қазақстан Республикасының  «Жастар саясаты туралы» Заңының орындалуын ұйымдастыру. Колледждегі дарынды, өнерлі білім алушыларының өзіндік қабілеттерінің ашылуына қолдау көрсету, оларды байқау, сайыстарға қатыстыру

үнемі

ДТІЖ орынбасары , жастар ұйымының төрағасы, музыка жетекшісі

 

23

Студент қыздар арасында «Балауса» қыздар клубының  жұмысын  жалғастыру

2 айда 1 рет отырыс

клуб  жетекшісі

 К.С. Айнағұлова

 

24

Мәдениет,  өнер саласындағы  қызметкерлермен, еңбек  ардагерлерімен  кездесу ұйымдастырып,  өткізу

кесте бойынша

ДТІЖ орынбасары, жастар ұйымы

25

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 22 сәуірінде №227 Бұйрығымен  бекіткен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» көрсетілген тәрбиелік мақсаттарды іске асыру, 8 бағыт бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу

жыл бойы

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен шеберлері

26

Жастар арасында азаматтық, әскери-патриоттық жұмыстарды жандандыру, студенттерді әскери-спорттық сайыстарға қатыстыру, «Жас сарбаз» үйірмесін құру

үнемі

АӘД пәнінің оқытушысы

 

27

Колледжішілік қиын балалармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу, ата-аналарымен байланыс орнату, бала тәрбиесі туралы ақыл-кеңестер беру

үнемі

ДТІЖ орынбасары, психолог

топ жетекші, шеберлері

28

Білім алушылармен  директорлық кездесу өткізіп, алдағы мақсаттар туралы ой бөлісу

2 айда 1 рет

әкімшілік

29.

Мемлекеттік қызмет көрсету талаптары бойынша жұмыстар жүргізу

үнемі

директордың орынбасарлары

30.

Колледж кітапханасында  Қазақстан Республикасының мемлекеттік Заңдары мен Жарғыларына,   мерекелеріне, танымал адамдардың мерейтойларына кітап көрмелерін, бұрыштар ұйымдастыру. Әр түрлі тақырыпта танымдық кештер, дөңгелек үстелдер өткізу, қызметкерлерді БАҚ материалдарымен таныстырып отыру

жоспарға сәйкес

кітапханашы  

 

31.

Алматы облысының  Жастарға қызмет көрсету орталығы,  қалалық жастар саясаты, «Жас  Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып, студенттерді қоғамдық жұмыстарға тарту.

үнемі

колледждің жастар ұйымы

32.

«Жас Отан» жастар қанатымен, «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестіктерімен  бірлесе отырып жастардың белсенділіктерін көтеру бойынша жұмыстар жүргізу, оқу бітіретін  ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды жұмысқа орналастыру шараларын жүргізу

желтоқсан-

маусым

ДТІЖ орынбасары жастар ұйымының төрағасы

33

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылы сәуір айында шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу. «100 нақты қадам», Мәңгілік ел» доктринасын «Ұлы даланың 7 қыры » жобаларын жұмыс барысында  іске асыру

үнемі

топ жетекшілері, шеберлері

34.

Колледжде кәсіби бағдар жұмысы бойынша іс-шаралар жоспарын құру.  Ашық есік күнін өткізу. Мамандықтарды жарнамалауға үгіт-насихат тобын құру, оларды  қала мектептерімен аудандарға  іссапарға жіберу, педагогикалық кеңесте колледжге талапкерлерді қабылдау ережесін қабылдап, бекіту

жыл бойы

ДТІЖ орынбасары,

ұжым мүшелері

35

 

 Білім алушылардың  оқу бітіру кешін дайындап, өткізу. Үздік студенттерді, ата-аналарды марапаттау

маусым

ДТІЖ орынбасары, Қ.Сулейменова

 

 

 

 

тәрбие бағыты

мақсаты

жоспарланған іс-шара

мерзімі

жауапты

1

2

3

4

5

 

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,  құқықтық тәрбие

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту, білім алушылар  мен жастардың құқықтық санасын қалыптастыру,  жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

1- қыркүйек-Білім күніне арналған салтанатты жиын.

Тақырыптық ашық тәрбие сағатын өткізу

 

01.09.2019 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДТІЖ орынбасары,

А. Ибраева

топ жетекшілері  шеберлері

 

 

 

 

 

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу  мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру  бойынша «Жастар және қылмыс» ІІБ

 кездесу өткізу,  білім алушылардан сауалнамалар алу

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары

колледж инспекторы, «Шанс»  қоғамдық бірлестігі, облыстық ата-аналар комитеті

 

Жастар жылы жоспарындағы «Ұлы дала» жобасы бойынша   білімгерлерді М. Тынышбаев, І. Жансүгіров,  Ш.Уәлиханов  мұражайларына саяхатқа апару

кесте бойынша

 ДТІЖ орынбасары, топ жетекші, шеберлері

22 қыркүйек-Қазақстан Республикасының  Тілдер мерекесіне «Абай –дара, Абай-дана қазақта» тақырыбында  ұлы ақынның 175 жылдығына  іс-шара өткізу.

 

қыркүйек

ЖББ бірлестігі

«Саналы ұрпақ» бойынша   іс-шаралар ұйымдастырып өткізу

кесте бойынша

үйірме жетекшісі

Қалалық  оқу орындары арасында өтетін патриоттық акцияларға қатысу

қараша

музыка жетекшісі, топ жетекшілері

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы     «Туған жерге туың тік!» бағдарламасы бойынша танымдық кеш

қазан-қараша

жастар үйінің тәрбиешілері

1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай іс-шара өткізу (Мемлекеттік Гимн мен колледж гимнін айтудан байқау, «Қазақстаным-ғажайып мекенім» тәрбие сағатын өткізу)

желтоқсан

ДТІЖ орынбасары, музыка жетекшісі, А.С. Ишмухамедова

 «Елімнің еңсесін көтерген Елбасым» тақырыбында тәрбие сағаты

қараша

топ жетекшілері мен шеберлері

 

«Тәуелсіздік жеңістері», «Қазақстанның болашағы білімгердің көзімен» танымдық сағаттары

желтоқсан

 

топ жетекшілері мен шеберлері

 

16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай іс-шаралар ұйымдастырып өткізу

 

желтоқсан

ДТІЖ орынбасары, музыка жетекшісі,

Н. Болатбек

«Мәңгілік ел» идеясы  «Құқықтың сақталуы - әділет пен парасат жолы» дебат өткізу

 

желтоқсан

тарих пәнінің оқытушысы

« Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде  «Туған жердей жер болмас» (Қазақстан жеріндегі 7 керемет)  жайлы    ашық тәрбие сағаты

ақпан

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 Рухани жаңғырудағы  «Туған жерге туың тік» жобасы аясында  іс-шара ұйымдастыру

сәуір

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған қалалық  мерекелік, мәдени-спорттық  іс-шараларға  қатысу

мамыр

колледж ұжымы, дене шынықтыру пәнінің оқытушылары,

7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай «Отан оттан да ыстық!» тақырыбында акт залында тәрбиелік шара ұйымдастырып өткізу

 

мамыр

ДТІЖ орынбасары, музыка жетекшісі

 Қ. Сулейменова

 

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған тәрбие сағаты

 

 

 

мамыр

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен шеберлері

 Рухани – адамгершілік тәрбиесі

Тұлғаның өмірінің жалпыадамзаттық  құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген   рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын бойларына сіңіру, моральдық қасиеттерді, көзқарастарын қалыптастыру, ой, сөз және істің бірлігіне, адамгершілік шешім қабылдауына тәрбиелеу

«Сәлемдесу-кісіліктің белгісі» атты тақырыбында тәрбие сағаты

 

қыркүйек

 

 

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен шеберлері

1 қазан – Қарттар күніне орай «Тоқта балам, атаң келеді артыңда!» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты

қазан

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

Ұстаздардың кәсіби мерекесі мен қарттар күніне орай ардагерлермен  кездесу, мерекелік іс-шара ұйымдастыру

 

қараша

 

ДТІЖ орынбасары, музыка жетекшісі,

Б. Әділбекова

Колледж студенттерімен «Жаныңда жүр жақсы адам» 

Алматы облысының Құрметті ардагері, «Парасат» орденінің иегері, өнер қайраткері- Әлімғазы Райымбековпен кездесу өткізу

 

ақпан

ДТІЖ орынбасары

 

8 наурыз –Халықаралық әйелдер  мерекесіне орай «Ана – өмірдің жыры» тақырыбында «Екі жұлдыз» байқауын өткізу

наурыз

ДТІЖ орынбасары,

А. Мусекенова

«Кішіпейілдік-кісіліктің белгісі» тәрбие сағаты

сәуір

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

Топтарда «Арыңды жасыңнан сақта» ашық тәрбие сағаты

 

мамыр

топ жетекшілері мен шеберлері

Колледжішілік «Ашық жүрек» қайырымдылық қорын ұйымдастыру

кесте бойынша

әкімшілік

 «Ақиқатты айту- арлының ісі» танымдық сағат

мамыр

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

Ұлттық тәрбие

Тұлғаны ұлттық және жалпы азаматтық  құндылықтарды, ана тілін және мемлекеттік тілді құрметтей білуге тәрбиелеу,  қазақ халқының,  Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау

22 қыркүйек-Қазақстан Республикасының  Тілдер мерекесіне орай  ашық (қазақ, латын) тәрбие сағаттары  өткізу.

 

 

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекші, шеберлері

 

« Ұлы даланың 7 қыры» жайлы топтарда  пікірталас өткізу

қазан

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

«Жүрек жылуы» еріктілер клубының жұмысының жалғастыру

қараша

жастар комитеті

 

«Дінге артылса сенімің-Имандылық болар серігің» танымдылық сабақ

 

желтоқсан

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекші, шеберлері

 

Жастар үйінің студенттерімен «Қыз сыны» байқауын ұйымдастырып өткізу

ақпан

ДТІЖ орынбасары, музыка жетекшісі,

тәрбиешілер

 

Колледжішілік «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырып өткізу

ақпан

ДТІЖ орынбасары,

Ж.Майбатайрова

 

«Анашым, тастамашы мені» Қазақстандағы балалар үйіндегі тастанды балалар туралы дөңгелек үстел өткізу

ақпан

ДТІЖ орынбасары,

психолог, медбике

 

1 Наурыз-Алғыс айту күніне орай акция өткізу

наурыз

жастар ісі жөніндегі комитет

 

Колледжішілік «Қыз сыны» байқауын ұйымдастырып өткізу

наурыз

ДТІЖ орынбасары, музыка жетекшісі,

тәрбиешілер

 

 «Молшылықтың бастауы-   әз  Наурыз » тәрбие сағаты

наурыз

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 «Құт болсын Наурыз,

 Мол болсын дәм-тұз» колледж асханасында білімгерлерге

наурыз көже беру 

 

наурыз

 

 

әкімшілік, асхана қызметкерлері

 

 

 

«Жетім көрсең жебей жүр» ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жағдайы төмен отбасы балаларының  ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу,  мемлекет  тарапынан бөлінген қаражатты уақтылы алуларына басшылық жасау,  ақыл-кеңес беру

үнемі

ДТІЖ орынбасары,

әкімшілік, топ жетекшілері мен шеберлері

 

Отбасы тәрбиесі

-         Колледждегі тәрбие үрдісіне ата-ана қауымын қатыстыру;

-         қоғамдық және оқу дағдылары кезінде балаға тиімді әсер ету әдістерін үйрету,

-         бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және жауапкершілігін арттыру

 

«Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында білімгерлерге ойтолғау  жаздыру

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен  шеберлері

 

 

«Менің отбасым-менің қорғаным»  отбасы тәрбиесіне байланысты сауалнама алу

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары,

жастар үйінің тәрбиешілері

 

«Мен құрмет тұтатын тұлғалар» ата-аналарына деген құрметі туралы дөңгелек үстел

қараша

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

«Менің отбасым - менің шаттық мекенім» тренинг

қараша

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен  шеберлері

 

«Отбасы –тәрбиенің ұясы» тәрбие сағаты

желтоқсан

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

Колледжішілік ата-аналар жиналысын өткізу

қаңтар

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

Еңбек,  экономикалық және экологиялық  тәрбие

-         Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын  қалыптастыру,

-         білім алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын еңбек қызметінің сан алуан түрлеріне шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарауға,

-         ұжымда, топта жұмыс істей білу икемділігін қалыптастыру;

-         білім алушылардың экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту

«Ұлттық валюта күніне арналған тәрбие сағаты

қараша-желтоқсан

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

Колледжішілік кезекшіліктің дұрыс ұйымдастыруларына басшылық жасау

үнемі

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

Қоршаған ортаны қорғаудың 30 жылдығына арналады. «Табиғат-екінші анаң!» 

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен шеберлері

 

Тақырыптық тәрбие сағаттары

 «Таза болса табиғат, аман болар адамзат!», «Қазақстанның апатты аймақтары»

кесте бойынша

ДТІЖ орынбасары,топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

Колледжде кәсіби бағдар жұмысы бойынша жоспар құру,  іске асыру.

 Колледждің Мәдени ашық есік күнін өткізу 

қыркүйек

 

 

сәуір

ДТІЖ орынбасары

 

 

әкімшілік

 

«Мамандығым-мақтанышым»,  тақырыбында  пікірталас өткізу

ақпан

 ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

 

-          

«Менің  мамандығым-менің болашағым!» тақырыбында ойтолғау  жазу

 сәуір

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

 

-          

«Пара алу құрдымға бастар жол»,

 «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік зауал» тақырыптарында тәрбие сағаттары

 

 

мамыр

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

 

-          

 «Таза қала - сәніміз!»  студенттерді қалалық, колледжішілік сенбіліктерге қатыстыру

кесте бойынша

әкімшілік

 

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

-         Білімгерлердің белсенді ойлау қабілетінің дамуын, негізгі құндылықтар арқылы осы заманғы ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды жүргізу;

-         ақыл-ой қабілеті мен білімге деген құштарлығын дамыту.

 «Абай- дана, Абай- дара» Ұлы Абай ақынның туғанына 175 жыл толуына поэзия кеші

қыркүйек

ДТІЖ орынбасары

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

«Жастар жылы» жобасына орай  «ҚР 100 студенті»  таныстыру туралы тәрбие сағаты

кесте бойынша

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

«Біз таланттыларды іздейміз!» атты 1 курс студенттерінің танысу кешін ұйымдастыру

қазан

ДТІЖ орынбасары,

 К. Айнағұлова

 

Рухани жаңғырудағы «Халық-тарих толқынында» бағдарламасы негізінде

М. Тынышбаев,

 І. Жансүгіров атындағы мұражайға саяхат

 кесте бойынша

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

«Болашағыңды жасыңнан ойла»

желтоқсан

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

Ш.Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына «Шоқтығы биік Шоқан» тақырыбында тәрбие сағаты

қараша

ДТІЖ орынбасары .

топ жетекшілері мен шеберлері

 

Колледж қызметкерлерінің бүлдіршіндерінің Жаңа жылдық  ертеңгілігін  ұйымдастырып өткізу

желтоқсан

ДТІЖ орынбасары,  кәсіподақ ұйымы,

М. Акимбаева,

М. Найманова

 

Қазақтың үш арысы –Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің туғанына 125 жыл толуына арналған «Елімнің үш арысы» атты кеш

 наурыз

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

 

«Менің өмірлік жоспарым, келешегім, мүмкіндігім!» тақырыбында барлық топтарда дөңгелек үстел өткізу

қаңтар

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстаным-ғажайып мекенім» атты эссе жаздыру

қазан-мамыр

ДТІЖ орынбасары,

топ жетекшілері мен шеберлері

 

Біз - Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай   пікірталас

мамыр

Жастар комитеті,

 Д. Идрисова

 

 

-          

31 мамыр- Қуғын-сүргін көргендерді еске алу күніне орай «Азаттықты аңсаған ағалар» атты дөңгелек үстел

 

ДТІЖ орынбасары,

 тарих пәнінің оқытушысы

Д. Сейтқұрманов

 

 

-          

Студенттердің оқу бітіру кешін ұйымдастырып өткізу

маусым

ДТІЖ орынбасары .

музыка жетекшісі,

А. Оразалина

 

Көпмәдениетті  және көркем-эстетикалық тәрбие беру

Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру 

« Қазақстан-достықтың  бесігі» атты тақырыпта тәрбие сағаты

қазан

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен  шеберлері

 

 

 

«Біз дұрыс киіне білу сенің мәдениетіңнің көрсеткіші» тақырыбында топтарда дөңгелек үстел

 

қараша

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен  шеберлері

 

 

 

«Сән және талғам» тақырыбында танымдық сағат

ақпан

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен  шеберлері, тәрбиешілер

 

 

 

«Дұрыс сөйлей білу-тәрбиеліктің көрінісі» тәрбие сағаты

кесте бойынша

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен  шеберлері

 

 

 

Білім алушыларға Талдықорған  қаласында орналасқан мұражайлар мен тарихи тұлғалардың  ескерткіштерін көрсету, олардың өнегелі өмірін үлгі ету

кесте бойынша

ДТІЖ орынбасары, топ жетекшілері мен  шеберлері

 

 

 

«Поэзия, сен менімен егіз бе едің?» М. Мақатаевтың поэзия кеші

ақпан

қазақ және орыс тілі оқытушылары

 

 

 

«Менің қоғамдық ортадағы орным!» тәрбие сағаты

наурыз

топ жетекшілері мен  шеберлері

 

 

 

Колледжішілік «Денсаулық фестивалін»  ұйымдастырып өткізу

 

қыркүйек

дене шынықтыру пәнінің оқытушылары, колледж қызметкерлері

 

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты

-         Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық дағдыларын, денсаулықты сақтау және нығайту шараларын;

-         білімгерлердің өз денсаулығын сақтауға және зиянды заттарды пайдаланбауға дағдыландыру;

үйірме жұмыстарын жандандыру арқылы денсаулықтарын түзету

19 қараша -Халықаралық шылым шегушілерден  бас тарту күніне орай  «Жирен жаман әдеттен» тақырыбында қалалық наркологиялық диспансерінің маман дәрігерлерімен темекі мен насыбайдың зияндығы туралы кездесу өткізу

қараша

әкімшілік, медбике

 

 

 

«Спорт - бейбітшілік жаршысы» тәрбие сағаты

желтоқсан

топ жетекшілері мен шеберлері

 

 

 

Білімгерлердің денсаулығы жайлы паспортты толтыру, тереңдетілген медициналық тексеруден өткізу, студенттердің гигиеналық жағдайын бақылауға алу

үнемі

медбике

 

 

 

1 желтоқсан - СПИД-ке қарсы күресу күніне орай «Замана зауалы» тақырыбында  акция өткізу

желтоқсан

жастар комитеті

 

 

 

Колледждің спорттық секцияларының жұмысын жандандыру

 үнемі

дене шынықтыру пәнінің оқытушылары, үйірме жетекшілері, топ жетекші мен шеберлері

 

 

 

Колледжішілік спорттық жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаз команданы қалалық жарыстарға қатыстыру

 кесте бойынша

дене шынықтыру пәнінің оқытушылары

 

 

 

«Жастар арасында көп кездесетін жыныстық  аурулар»  жайлы маман дәрігерлермен кездесу өткізу

 

кесте бойынша

салауатты өмір салты орталығының мамандары,

медбике

 

 

 

Адам организміне зиянды заттар мен ауру түрлерінің алдын алу үшін бойынша санбюллетеньдер шығару

 үнемі

медбике

 

 

 

Колледжде темекі, насыбай  қолданатын балалармен тәрбиелік жұмыстар  жүргізу

үнемі

психолог, тәрбиешілер,топ жетекші, шеберлері

 

 

 

Студенттерге  дұрыс тамақтану, анемия, тұмау, желшешек,  ларингит, қышыма,  «Кене энцефалиті» т.б аурулардың    алдын алу бойынша дәрігерлік  кеңестер беру

үнемі

медбике