"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Қабылдау ережесі

 


ТАЛДЫҚОРҒАН  ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ
 

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА  ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралыбұйрығына сәйкес әзірленген.

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  • Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуға қабылдаудың осы үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және колледжге оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
  • Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
  • Түсу емтихандарын тапсыру түрлерін колледж белгілейді.

 

ІІ. КОЛЛЕДЖГЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ  ТӘРТІБІ

  • Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі 2020-2021 оқу жылына «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», "Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)», «Интерьер дизайны», «Жиһаз өндірісі», «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану»мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс түрінде талапкерлерді қабылдайды.
  • Құжат қабылдауда талапкерлердің, ата-аналардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларын ұйымдастырылады. (дезинфекциялық құралдар, санитайзерлер, маскалық режим және т. б.)
  • Колледжге қабылдау туралы әлеуметтік желілер, колледж сайты және басқа да интернет-ресурстар арқылы халықты ақпараттандыруды қамтамасыз етіледі.
  • Колледжге қабылдау туралы әлеуметтік желілер, колледж сайты және басқа да интернет-ресурстар арқылы халықты ақпараттандыруды қамтамасыз етіледі.
  • Күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін колледж басшысы бұйрығымен қабылдау комиссиясының құрамы бекітіледі. Қабылдау комиссиясының төрағасы колледж басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады. Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы және техникалық хатшылар тағайындалады.
  • Күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін колледж басшысының бұйрығымен емтихан комиссиясының құрамы бекітіледі. Төраға көпшілік дауыспен сайланады.Колледж педагогтері қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша кемінде екі адам болуы тиіс. Апелляциялық комиссияның құрамынан оның мүшелерінің көпшілік дауысымен төраға сайланады.
  • Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурстық комиссияның құрамынан оның мүшелерінің басым дауысымен төрағасы сайланады.
  • Қабылдау комиссиясының шешімі, егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда, заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
  • Колледждің қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері облыстық білім басқармасы келісімі бойынша шешіледі.
  • Колледжге күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 25 тамызы аралығында білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша құжаттар қабылдайды.
  • Қабылдау комиссиясының, виртуалды қабылдау комиссиясының (оның ішінде АКТ пайдалана отырып) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Колледждегі колл-орталықтың үздіксіз жұмысын, колледж директоры блогының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіледі.АЖ-де өнер және мәдениет мамандықтарына түсетін арнайы және шығармашылық емтихандардың қорытындылары, жұмысшы біліктілігі бойынша түсетін талапкерлердің деректерін толтырылады.
  • Негізгі орта білімі (негізгі жалпы), жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтарға, арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші тұлғалар шығармашылық емтихан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды немесе мамандық бойынша талапкердің портфолиосын (қағаз немесе электрондық түрде) қолдану арқылы тапсырады. Емтиханды онлайн режимінде тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, талапкерлер білім беру ұйымына шығармашылық тапсырманы орындаумен бейне жібереді.
  • Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясы бейне-конференц-байланыс жүйесі арқылы талапкерлермен әңгімелесу өткізеді.
  • Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша мамандар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін шығармашылық емтихандар өткізіледі.
  • Күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары мен әңгімелесу нәтижелерін ескере отырып, іріктеледі.
  • Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету сұқбаттасу нәтижелерін бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.Апелляциялық комиссияның жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2.17.Білікті жұмысшы кадрлар бойынша оқуға немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде өтініштерді тікелей колледжде қабылданады.

2.18.Оқуға түсушілер  келесі құжаттарды тапсырады:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен  бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама

Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

 Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
            Жұмыс мамандықтары бойынша қабылданған өтініштер туралы ақпаратты АЖ-не күн сайын енгізеді.

ІІІ. ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

  • Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.
  • Колледж басшысының бұйрығымен әңгімелесуді, емтихан алды консультацияларды және арнайы және шығармашылық емтихандарды (қажет болған жағдайда) өткізу кестесі бекітіледі. Кестені әңгімелесу өтетін күні мен уақытын, кешіктірмей бекітеді және оны ақпараттық стендтер мен колледж интернет ресурстарында орналастырады.
  • Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.     Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
  • Емтихан мен сұқбаттасуды өткізуде комиссиясы жұмысының, қабылдау комиссиясының қорытынды отырысының бейне-аудио жазбасын қамтамасыз етіледі.

ІV. БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА ҚАБЫЛДАУ

4.1. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау сұқбаттасу негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

 4.2. Білікті жұмысшы кадрларды бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау оқудың күндізгі түріне - 25 тамыз бен 31 тамыз аралығында өткізіледі.

4.3. Колледжге қабылдау мамандықтар бойынша, оқыту тілі бойынша қабылдау

комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

  • Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы

ақпаратты жұмысшы мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі түріне 31 тамызға дейін, ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет-ресурсына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.Колледж басшысының бұйрығымен колледж білім алушыларының құрамына қабылданады.

 

 

 

Техникалық  хатшы:  С. Кунапиянова 

 

 

Қабылданатын құжаттар тізімі:

 


1) Құжаттардықабылдаутуралыөтініш;


2) Білімітуралықұжаттыңтүпнұсқасы;


3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;


4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен  бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама

 

Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.