"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 


Колледжімізде білім алушыларға бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілуде:


1. «Техникалық және кәсіптік білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

2. «Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы білімалушыларға жатақхана беру»
3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»
4. «Техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»
5. «Техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
6. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»
7. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру»

 


Мемлекеттік қызмет eGov бұрышы

          Елімізде мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы ету үшін ХҚКО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын eGov бұрыштары жұмыс істейді. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу ғимараттары, сауда және тағы басқа орталықтарының ғимаратында орналасқан. Сондай eGov бұрышы Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде де жұмыс жасайды. Осы eGov бұрышында виртуальді көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильді базасында тіркелуге болады. Егер портал бойынша қиындықтар туған жағдайда 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, қызметкерлердің кеңесін ала алады.