Әдістемелік кабинет
https://tdk-tgtk.kz/kz/rylymdy-b-limder/distemelik-kabinet.html#sigFreeId4b716d4adc
Колледждің әдістемелік мәселесі:
Мамандар даярлауда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Мақсаты:
Білім беруді жаңғырту жағдайында әдістемелік қызметтің мазмұнын жаңарту және педагогикалық ұжымға болашақ құзырлы маманды қалыптастыру үшін педагогикалық дағдыларды жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
- білім үрдісіндегі оқу-әдістемелік кешендерін жасау мен жаңартуда оқытушыларға көмек көрсету;
- жаңа технологиялар мен алдыңғы қатарлы әдістемелерді, озат педагогикалық іс- тәжірибе таратуды;
- педагогтарға ашық сабақ, әдістемелік материалдарды дайындауда, инновациалық бағдарламалармен технологияларды оқып енгізуде әдістемелік кеңес беру;
- педагогтардың біліктілігін көтеруді жоспарлау мен ұйымдастыру;
- колледжде педагогикалық оқуларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру;
- педагогтардың республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, конференцияларға, семинарларға қатысуын ұйымдастыру;
- колледждің ұжымының педагогикалық шеберлік шығармашылық байқауларды ұйымдастыру;
- колледж жұмысының тиімділігін арттыруда ішкі құжаттар үлгісін жасау;
- редакциялық баспасөз қызметін ұйымдастыру;
- білім үрдісінің мазмұнын инновациялық кәсіби білімдік бағдарламалар арқылы және инновациялық педагогикалық технологиялар мен оқытудың әдістерін қолдана отырып жетілдіру;
- педагогтар мен студенттердің әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын, шығармашылық қызметтерін дамыту;
- педагогикалық ұжымның тәжірибелерін тарату мен жинақтау және оларды ұжым жұмысына енгізу;
- педогог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін көтеру жұмыстары;
- білім беру үрдісіне модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу;
- оқытудың дуальды жүйесін енгізу;
- оқытушыларды сабақта және сабақтан тыс қызметінде құзыреттілік тәсілді пайдалануға оқыту бойынша әдістемелік жұмысты жобалау;
- ПЦК шеңберінде колледж педагогтарының жұмысына әдістемелік жетекшілік ету;
- әлеуметтік әріптестермен жұмысты ұйымдастыру;
Білім жетілдіру курсынан біліктілігін арттыру көрсеткіші
Оқу жылы
2016-2017
2017-2018
2018-2019
2019-2020
2020-2021
Барлығы ИПК
43
48
49
48
48
Біліктілікті арттыру курстары өтті
20
27
32
10
29