"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Жетістіктер

 

 Республикалық "Абыройлы Әскери жетекші" сырттай байқауы

    Колледжіміздің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Шарипов Ерғали Кенжебекұлы Республикалық "Абыройлы Әскери жетекші" сырттай байқауына қатысып 2 дәрежелі дипломмен және "Абыройлы Әскери жетекші" төсбелгісімен марапатталды.

 


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

   Ұлағатты ұстаз, ҚР суретшілер одағының мүшесі, өндірістік оқыту шебері Асқаров Айдар Тұрғанбайұлы Алматы облысы филиалының ұйымдастыруымен "Отқа оранған жастық шақ" атты ұстаз және кәсіби суретшілер арасында көрмеге қатысып, жүлделі 1-орын және "Құрметті ұстаз" медалымен марапатталды. 

      

 


Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жалпы білім беретін пәндер арасында облыстық "Тәжірибедегі оқытудың жаңа жүйесі" сырттай байқауы

 

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жалпы білім беретін пәндер арасында облыстық "Тәжірибедегі оқытудың жаңа жүйесі" сырттай байқауына колледжіміздің физика пәнінің оқытушысы Айнағұлова Камчат Сақанқызы қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.

 


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

     Талдықорған гуманитарлық колледжінің "Дизаин" мамандығының студенті Байбулатова Назика Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің Алғыс хатымен марапатталды.


"Kazenergy" қауымдастығының 15 жылдығын мерекелеу аясында өткен Республикалық оқушылар мен студенттерге арналған "Энергия - өмір көзі" анимацилық және танымдық видеороликтер байқауы

 

Жас маман Айгожанов Темирлан "Kazenergy" қауымдастығының 15 жылдығын мерекелеу аясында өткен оқушылар мен студенттерге арналған "Энергия - өмір көзі" анимацилық және танымдық видеороликтер байқауына қатысып сертификат иеленді.


«Абай әлемі» (Абай шығармаларына иллюстрациялар) тақырыбында Республикалық жас суретшілер байқауы

     Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «Абай әлемі» (Абай шығармаларына иллюстрациялар) тақырыбында Республикалық жас суретшілер байқауына колледжіміздің «Дизайн» мамандығының ІІ,ІІІ курс білім алушылары қатысып жүлделі орындар иеленді.
Дарибаева Ботагөз – І дәрежелі диплом
Найманова Аружан - ІІІ дәрежелі диплом
Қабдеш Аружан, Жамалбек Жанбота, Идрышев Гани сертификат
Білім алушыларға жетекшілік жасаған оқытушылар А.Асқаров, М.Найманова, А.Оразалина «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Жеңістеріңіз және марапаттарыңыз құтты болсын!


Mектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған«Менің анамның бейнесі»атты көрме – байқауы өтті.

     4 наурыз 2020 жылы, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған мектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған«Менің анамның бейнесі»атты көрме – байқауы өтті.Байқауға 100 астам туындылар қойылды. Қатысушыларды Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Марлен Қапашұлы құттықтап, марапаттады. Көрме-байқауында колледжіміздің "Дизайн" мамандығының ІІІ курс студенттері өз шеберліктерін көрсетіп жүлделі орындар және ақшалай сертификаттар иеленіп қайтты. І орын және 30 000 теңге сертификатты Тусупбекова Айдана, ІІ орын және 20 000 теңге сертификатын Мадый Аяжан иеленсе, ІІІ орын және 10 000 теңге сертификатын Табынова Жасмин жеңіп алды. Сонымен қатар, байқауға түскен суретшілер арасында колледжіміздің суретшілер одағының мүшесі, "Дизайн" мамандығының өндірістік оқыту шебері Асқаров Айдар Тұрғамбайұлы ІІІ орын иеленіп, 50 000 теңге сертификатымен марапатталды. Байқауға қатысқан жеңімпаздар, жеңістеріңіз құтты болсын!

      


  СӨСҚ мамандары "Біз темекісіз Қазақстан үшін!" атты мүсіндік композиция жарысын өткізді.


     Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер мен жастар арасында денсаулықты сақтау, темекі шегуден саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдалану арқылы темекі тарту проблемасына назар аудару, жас таланттарды анықтау және қолдау.
Жарыстың марапаттау рәсімі бүгін ұйымдастырылды.? Барша жүлдегерлерді, жетекші мұғалімдерді, қатысушыларды құттықтаймыз! «Ерте қартаюға жол берме!»
     І орын - Ерназаров Абылай , Байбулатова Назика. Жетекшісі: Оразалина Алтынгуль, Акимбаева Мадина - Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі

 


     Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ" атты көркемсөз байқауы.

     11 желтоқсан күні Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және  Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен "Жастардың бойына рухани құндылықтарды дарыту және патриоттық тәлім-тәрбие беру мақсатында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ" атты көркемсөз байқауына колледждің жас маманы Жұмабай Нұрсұлтан Жеңісұлы қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Нұрсұлтан Жеңісұлы марапатыңыз құтты болсын! Жаңа бастаған еңбек жолыңызға шығармашылық табыс, сәттілік тілейміз!

      


  «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі»

           Елімізде 11 қыркүйек күні латын графикасы негізінде қазақ тілінде жалпықазақстандық ашық диктант жазу акциясы болды. Диктанттың тақырыбы «2019 jyl – Jastar jyly» деп аталады. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының тікелей ұйымдастыруымен өтті. Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі кітапханалар мен жоғарғы оқу орындары синхронды түрде қатысты. Диктант жазу барлық облыс, қала және аудандық кітапханалар мен ЖОО-ларда, мектептерде бір мезгілде, яғни сағат 11.00-де басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған мәліметке қарағанда айтулы шараға 180 000 адам қатсыпты. Біздің Алматы облысы бойынша 67000 ға жуық адам қатысты .
       Соның ішінде Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері де іс-шараға белсене атсалысты. Осындай ауқымды шараны ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болды. Диктантты қатесіз, сауатты жазған қатысушы Ассамблея атынан марапатталатыны жайлы да айтылған болатын. 16 қазан күні Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» атты облыстық семинар соңында жалпықазақсатандық ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша арнайы комиссия құрамының шешімімен жеңмпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.Комиссия құрамының шешімімен жалпықазақстандық ашық диктантта Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері КЕЗДІКБАЙ ГҮЛІМ, МАМАЖАН ЕЛАМАН "ҮЗДІК НӘТИЖЕ" КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ!!МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !!   

 

        


"Кәсіподақтар күніне" орай...

10 қазан Қазақстан Республикасы "Кәсіподақтар күніне" орай кәсіподақ жүйесіндегі көп жылғы еңбегі үшін және кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқаны үшін колледж директоры Джумадилов Асет Қазиұлы марапатталды.Марапат құтты болсын!!!

      


"Өлке өнері" атты облыстық кәсіпқой суретшілердің көрме байқауында бас жүлдеге ие болды.  

    07 маусым күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Өлке өнері" атты облыстық кәсіпқой суретшілердің көрме байқауы өтті. Байқауға колледжіміздің Дизайн мамандығының өндірістік оқыту шебері Асқаров Айдар Тұрғамбайұлы және арнайы пән оқытушысы Әділбекова Бақытгүл Зиядақызы қатысып өз мамандықтары бойынша шеберліктерін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Айдар Тұрғамбайұлы БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп 200 000 т сертификат иеленсе, Бақытгүл Зиядақызы белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Әріптестерімізге марапаттарыңыз құтты болсын дей отырып, өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

      

"Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ!"

       27 мамыр күні колледждің "Дизайн" мамандығының ІІ курс студенттері Б.Әділбекованың жетекшілігімен "Мүшелтой" балалар мен жасөспірімдер клубы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ!" тақырыбында қаладағы колледж білімгерлері арасында өткен аймақтық жарыста жүлделі ІІ-ІІІ орындар және "Дарынды суретші" номинациясын иеленіп қайтты. ІІ-орын Жұман Жібек, ІІІ-орын Түсупбекова Айдана, "Дарынды суретші"-Ербосын Дәурен. Жас ұрпақты оқытудың қажырлы еңбегі мен жоғары талапшылдығына, тұлғаны азамат етіп қалыптасуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жетекшісі Әділбекова Бақыт Зиядақызы Алматы облысының білім басқармасының басшысы Д.Жүнісовтің Алғыс хатымен марапатталды.

           

          


Облыстық «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру мен тарату» форумы өтті.   

 2019 жылдың 17 мамыр күні Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру мен тарату» форумы өтті.
      Форумның мақсаты: колледждердегі жастардың бейнеролик бағытындағы кәсіптік жұмыс жүргізе бастаған шығармашылық көзқарасын дамыту. Студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылықтары мен кәсіптік білім беру ұйымдарының беделін арттыру, өз колледждерін бейнероликтер арқылы насихаттау
     Форумда шығармашылық бейнеролик, анимация, музыкалық клип, мультфильм жанрындағы бейнероликтер сарапқа салынады, бағаланады. Біздің колледжіміздің студенті өз бейнеролигінде «Жиһаз жинақтаушы» мамандығының қыр сырын терең білетіндігін және көпшілікке жаңашылдық формада мағыналы түсіндіре білген Шуиншалин Нұрлан жүлделі ІІІ орынды иеленіп 25000 теңге сыйақы және мақтау қағазымен марапатталды.

         

         


«Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» атты үздік сабақтар фестивалі өтті.

      15 мамыр күні Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестиваліне колледжіміздің «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының өндірістік оқыту шебері Рысбеков Нүркен Ертанұлы ашық сабақ көрсетіп жүлделі ІІІ орын иеленді.

            

                                


           ҮЗДІК ДИРЕКТОР – 2018

      Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай білім беру ұйымдарының директорларының арасында өткен «Үздік директор - 2018» республикалық байқауының жеңімпазы ретінде колледж директоры Джумадилов Әсет Қазыйұлы І дәрежелі дипломмен және білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік директор - 2018» төсбелгісімен марапатталды.

          Әсет Қазыйұлы! Кең байтақ еліміздің білім саласына сіңірген еңбегіңіз шексіз. Әріптестеріңіз Сізді іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамаларды қолдаушы ретінде жоғары бағалайды. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін, мерейіңіз үстем болсын демекпіз.

               


#ЖАСТАРИХШЫЛАР

#БАСЖҮЛДЕ

             11 желтоқсан күні Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен "Жас тарихшылар мен өлкетанушылар" атты облыстық форум өтті. Форумға Алматы облысынан 28 оқу орнынан білім алушылар қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Форумның қорытындысы бойынша бас жүлдені біздің студентіміз Алиасқар Балжан жеңіп алды. Балжан бұл ғылыми жобамен 2 - ші жыл айналысып келеді. Жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Динара Құдайбергенқызы. Ғылыми жұмыстың жалпы мақсаты - қаламыздағы ескерткіштер мен скульптуралардың тәрбиелік мәнін арттыру, жастарды тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауға шақыру. Білім басқармасының Бас жүлде грамотасы мен 40 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. БАС ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ТГТК!    

            

                                                    


СӨЗДЕН ІСКЕ КӨШЕТІН ЗАМАН - ЖАСТАРДІКІ

     21 қараша күні «Жалпы білім беретін пәндер» ЦК-нің онкүндігі қарсаңында «Сөзден іске көшетін заман - жастардікі» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Білім мен ой жарысына 2 курс студенттері қатысты. Ойын ерекше форматта өтіп, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды. Топ жарып шыққан 271 топ І орынды иеленді, ал 273 топ ІІ-ші және 274 топ ІІІ - ші орындарға тұрақтады. Аталған топтардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.

                   


ҮСТЕЛ ТЕННИСІ – 1 ОРЫН

      "Қазақстандықтардың әл - ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" жолдауын жүзеге асыру мақсатында Талдықорған оқу орындарының студенттер арасындағы "Үстел теннисі" біріншілігінде ұлдар арасында 1 - орынды колледжіміздің білімгері Қиса Мадияр жеңіп алды. Құттықтаймыз!

        


ҚОШ КЕЛДІҢ БІЗГЕ, ЖАС ТАЛАП

         Колледждегі І курс білім алушылары арасында «Қош келдің бізге, жас талап!» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты топтардың ұйымшылдығын мамандыққа деген көзқарасын, шығармашылығын дамыту, өзі білім алып жатқан колледждің мәртебесін көтеруге, жауапкершілікке бағыттау. Іс-шараға қатысқан І курс білім алушылары ішінен І орынды 282 топ «Электромонтер» мамандығының білім алушылары, ІІ орынды 284 топ «Радиоэлектроника және байланыс», ІІІ орынды 281 топ "Дизайн" және 283 топ «Слесарь-сантехник» мамандықтарының білім алушылары иеленіп, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

            


 САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ

     Талдықорған қаласындағы оқу орындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыру және спорт саласының дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуга үлес қосқан колледжіміздің оқытушылары марапатталып қайтты.

          


ОБЛЫСТЫҚ ВЕЛОЖАРЫС – 1 ОРЫН

"Діни экстремизмге жол жоқ" атты облыстық веложарыста колледжіміздің білімгері Түкен Мерей 1 - орынды жеңіп алды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

              


 МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІНЕ ЖОЛ АШАМЫЗ

       Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты облыстық байқауына колледжіміздің «Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері» мамандығының ІІІ курс студенті Елубек Сейтжан қатысып «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдап біл де, талап қыл» кезеңі бойынша І орын иленіп қайтты. Жеңісіміз құтты болсын!

           


 «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» пікір – сайыс 1 – ОРЫН

     2018 жылғы 16 қазан күні Жастарға қызмет көрсету орталығында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» атты қалалық пікір-сайыс ойыны өтті. Ойынға Талдықорған қаласының колледждерінің білімгерлерінен құралған 6 топ қатысты. Ойын екі форматта өте қызықты әрі тартысты өтті. Білімгерлер пікір-сайысқа үлкен дайындықпен келгенін көрсетіп, белсенділік танытты. Пікір-сайыста І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгері, облыстық, республикалық пікір-сайыс ойындарының жеңімпазы Жұмахан Дидар төрелік етті. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің “Жастар” тобы иеленіпсыйлыққа ұялы телефон берілді. Қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Құттықтаймыз!

            


 «ҮЗДІК КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ»

      

    Мұғалімдер күні қарсаңында Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиында колледжіміз ІІ дәрежелі «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!


«ЕҢ ҮЗДІК КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ - 2018»

        Қыркүйек айының 28 күні Алматы облысы әкімдігінің және облыстық білім басқармасының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес инновациялық білім беру қызметінің үздік тәжірибесін қолдау және тарату мақсатында Техникалық және кәсіптік оқу орындарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2018» облыстық байқауы өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ете білетін үздік колледждерді анықтау, қолдау және мадақтау. Байқауға облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 11 оқу орны қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің презентациясы, екінші кезеңде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында кәсіптік білім беру орындарының оқу-тәрбие үрдісінің моделін қорғау. Аталған екі кезеңде біздің колледж өз білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білді.

         

       Бірінші кезең бойынша колледжіміздің артықшылықтары мен жетістіктерін көрермендерге кең көлемде таныстырып өттік.

       Екінші кезеңде колледж моделі ретінде қазақтың киелі қара домбырасын алып, домбыраның әр бөлшегін колледждегі он мамандықпен оқу-тәрбие үрдісіне негіздеп жасадық.

     Жалпы байқаудың екі кезеңінде де өз колледжіміздің абыройын асқақтатып жоғары деңгейде көрсетіп, нәтижесінде жүлделі екінші орынға ие болдық. Жеңісіміз құтты болсын! Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындырамыз деген сенімдеміз.

 


«ТУҒАН ЖЕРІМ – ТҰҒЫРЫМ» - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЛЕНЭРІ

     Алматы облысы әкімінің қолдауымен, «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ – мен «Көркемөнер галереясы» МКҚК – ның ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған, кәсіпқой суретшілердің «Туған жерім – тұғырым» атты 2018 жылғы 10-19 қыркүйек аралығында Кеген ауданы, Саты ауылында өткен Халықаралық пленэрі өз мәресіне жетті.

     Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында биыл екінші жыл халықаралық пленэр ұйымдастырылуда. Биылғы пленэрге 15 суретші: Қырғызстан Республикасынан, Астана, Алматы, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Атырау облысы және Алматы облысынан, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің ұлағатты ұстазы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Асқаров Айдар Тұрғанбайұлы қатысты.

          

     Пленэрдің мақсаты: Ұлттық мәдени-мұраны сақтау, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани байлығымызды жоғалтпай, асқақтату, ұлттық рухта тәрбиелеу. тарих тағлымдарын кеңiнен насихаттау. Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Кеген ауданының шырайлы жерлерін насихаттау. Халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэрлік жұмыстарынан жинақталған көрме ұйымдастыру, олардың тың шығармаларымен галерея қорын толықтыру. Аталған іс-шара қорытындысы бойынша колледжіміздің ұстазы Айдар Тұрғанбайұлы, облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталовтың марапатын иеленіп, қаржылай сыйлық алды. Құттықтаймыз!


    

"Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен пікірталас сайысында 1 - орынды, колледжіміздің 271 - топ білім алушылары жеңіп алды. Құттықтаймыз!


"ЕҢ ҮЗДІК ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БІТІРУШІ ТҮЛЕК - 2018"

                 

        2018 жылдың 13 маусым күні Талдықорған қаласындағы Жастар саябағында Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Габбасұлы  ғылым, мәдениет, спорт, өнер және кәсіптік білім беру саласында халықаралық республикалық, облыстық жетістіктерге жеткен  "Ең үздік және дарынды бітіруші түлектерді" марапаттады. Бұл марапатқа Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледж студенттері Заханов Айбар, Сәрсенұлы Санат пен Сәрсенұлы Саматта ие болды.


«БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»

        18 мамыр күні  білім алушылардың теориялық және тәжірибелік білімдерін шыңдау мақсатында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Білімді жастар – ел болашағы» атты облыстық олимпиадасы өткізілді,  Сайдағали Асель І орынға, Имашева Аяулым ІІ орынға ие болса, дәнекерлеу ісі бойынша қатысқан Шайзат Аян ІІІ орынға ие болып арнайы дипломмен марапатталды.

             


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

    12 мамыр күні Алматы қаласындағы Орталық  Азия университетінде өткен 44-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан колледж студенттері техника секциясы Айтбек Ұлбосын (жетекшісі – Жуман Мергенбек) 4 орынды иеленсе, әлеуметтану секциясы бойынша Алиасқар Балжан (жетекшісі – Идрисова Динара Құдайбергенқызы)   3 орынды иеленді.  Бұл біз үшін үлкенжетістік. Студенттеріміз биіктен көріне берсін!

                                                                     


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ БАЙҚАУЫ

   "Қос қыран" білім мен шығармашылықты дамыту орталығы және республикалық "Спорт жұлдыздары" журналының ұйымдастыруымен Астанамыздың 20 жылдығына орай "Астана-елімнің жүрегі" республикалық көркемсурет байқауында Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері Табынова Жасмина, Несіпжан Нұрлан, Ербосынов Дәурен 1-орынға ие болса, жетекшісі арнайы пән оқытушысы Әділбекова Бақыт Зиядақызы арнайы дипломмен марапатталды.


ШАҒЫН ФУТБОЛ

        ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорған қала оқу орындары ер балалар арасында ұйымдастырылған шағын футбол жарысында Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінің ұлдар  командасы жүлделі 1 - орынды жеңіп алды.

                                                              


 «WORLDSKILLS ТALDYKORGAN - 2018»

    2018 жылы 24 сәуір күні аймақтық «Worldskills Тaldykorgan» чемпионатына «Электромонтер», «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша қатысқан Талдықорған гуманитарлық-техникалық  колледж студенттері байқау қорытындысында жүлделі орындарға ие болды. «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша Әбілхан Абат жүлделі ІІ орындыиеленсе, «Электромонтер» мамандығы бойынша Дүйсенхан Дамир «Бас жүлдені» жеңіп алып, аймақаралық  «Worldskills-2018»  байқауына  жолдама алды. Бұл біздің колледж үшін үлкен жетістік. Бүгінгі күні Дүйсенхан Дамир Алматы қаласында өтіп жатқан республикалық сайыста бағын сынауда. Дамирге сәттілік тілейміз! 

                      


 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "БІЛІМ ШЫҢЫ-ҒЫЛЫМ СЫРЫ"

         Ғылыми шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, білімін жоғары дәрежеде таныта отырып, Республикалық «Білім шыңы-ғылым сыры» журналының сапалық деңгейінің өсуіне өлшеусіз үлес қосқаны үшін Республикалық  «Білім шыңы-ғылым сыры»  ғылыми-әдістемелік, танымдық, мәдени-рухани журналы порталының  сертификаты және грамотасымен колледж кітапханашысы А.Қ.Ибраева марапатталды.

                                                       


БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН

          8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиында білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбектерімен жетістіктері, ғылыми қабілеттілігі мен жоғары деңгейдегі нәтижелі көрсеткіштері үшін колледж оқытушылары: Айнағұлова К.С., Джакубаева Ұ.Ә.  "За вклад в развитие образования" медалімен марапатталып,  білім беру саласындағы үздік педагог ретінде халықаралық энциклопедиясына енді.

                                                  


ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

              Абу - Даби қаласында өткен әлем чемпионатында Джиу - джитсу спорт жарысынан колледж студенттері Сәрсенұлы Санат «Неваза» түрінен - күміс медаль, ал  Сәрсенұлы Самат  - қола медальды иеленді.

                     


ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

           2018 жылдың 7 - 10 ақпан күндері Ақмола облысының Шучинск қаласында Джиу - джитсу спортынан жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында колледжіміздің 2 - курс студенттері жүлделі орындарды жеңіп алды.  Сәрсенұлы Самат, Сәрсенұлы Санат, Сәрсенұлы Сәкен І - орынды иеленсе, Джакупов Ануар 85 кг салмақта сайысқа түссе де ІІ - орынды жеңіп алды. Бұл көрсеткіштер Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжі үшін үлкен жетістік. І - орын иеленген Сәрсенұлы Самат пен Санат Абу - Даби қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Әлем чемпионатынан да алтын медальмен оралуларына тілектеспіз!

                            


 «ҮЗДІК ОҚЫТУ МЕКЕМЕСІ»

           Мемлекетаралық сараптау кеңесі төралқасының ұсынысы бойынша «Үздік оқыту мекемесі» номинациясында І дәрежелі дипломымен  Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі және колледж директоры  Джумадилов Асет Қазыйұлы «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

               

             


«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 20-ЖЫЛДЫҒЫ

          «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астана қаласының 20 - жылдығы аясында оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы өткен шахмат жарысынан Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі командалық есепте жүлделі  І - орынға ие болса, тоғызқұмалақ  жарысынан жүлделі ІІ орынды иеленді.

                                                    


«ТАЛДЫҚОРҒАН АРУЫ - 2017»

              Қыркүйек айының 27 күні «Көктем гранд» комплексінде әсем шахарымыздың «Қала күні» мерекесінің аясында «Талдықорған Аруы» сұлулық байқауына қатысқан колледж студенті Төлеуханова Ботагөз«Вице Мисс Талдықорған» атағына ие болды,  жеңімпаздарды  Талдықорған қаласының әкімі Ә.Б. Қарасаев марапаттады.

             


КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

              2017 жылдың 29 қыркүйегі күні Қазақстан халқы тілдері күні аясында заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай  көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті. Байқауға колледждің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Макенова Гүлайым Елтайқызының жетекшілігімен колледжіміздің 265 топ студенті Жексенбай Шұғыла қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 4 - ШІ ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

             Қазақстан Республикасының 4 - ші Жастар спорттық ойындарында спорттық жарыстың ДЖИУ-ДЖИТСУ түрінен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледж студенттері Сарсенұлы Самат - алтын, Сәрсенұлы Санат пен Ырғалбек Әлібек - күміс,  Жакупов Ануар  мен  Сарсенұлы Сәкен -  қола медальдарға ие болып, облыс мәртебесін биіктен асқақтатты.

                                                                


«ЕҢ ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ - 2013»

            Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен  өткізілген  кәсіптік  білім беру мекемелерінің арасында өткен облыстық «Ең үздік сынып жетекшісі - 2013» байқауында 237 - топ «Электргазымен дәнекерлеуші» мамандығын алушы жастардың кураторы Жұмаділова Аида Қазыйқызы 24 үміткердің арасынан суырылып шығып, Бас жүлдені жеңіп алып,  колледждің мәртебесін асқақтатты. Биылғы оқу жылы А.Қ. Жұмаділова облыстық «Ең үздік оқу орны-2013» байқауында «Болашақ оқу орнының үздік моделінің» жобасын құрып, оны жоғары деңгейде  қорғап, облыстық  кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында тағы да жеңімпаз атанды.


ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯДА

      Оразалина Алтынгүл Мэлсқызы  2014 жылы ақпан айында  облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен өткізілген «Техникалық және кәсіптік оқытудың дамуы: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» атты облыстық  арнайы пәндер оқытушылары арасында өткен конференцияда  «Бейнелеу өнерінде  ақпараттық технологияларды қолданылу тиімділігі» атты баяндама жасап,  облыстық білім мекемелерінен барған 11 үміткердің ішінен жеңімпаз атанып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

                                                            


ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ - ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

        Айнағұлова Камшат Сақанқызының  «Болашаққа бір қадам алға» атты  облыстық ғылыми-практикалық конференцияға  дайындаған  студенті Ауталипова Айнұр «Ұялы телефонның адам өміріне зияны» тақырыбында баяндама жасады. Жоба облыс бойынша оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының  ең үздік жобасы  танылып, бас жүлдені жеңіп алды.

                                                           


«ЭКОНОМИКА МАҚТАНЫШЫ»

            Колледж директоры Джумадилов Асет Қазыйұлы колледждің қаржылық-экономикалық үнемделуі мен материалдық-техникалық базасының өсуіне зор үлес қосқаны және кәсіпорын қызметін сапалы, заман талабына сай ұйымдастыра білген шеберлігі үшін «Экономика мақтанышы» орденімен марапатталды.

                                                            


«КӘСІБИ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН»

          Бас есепші Коптағаева Гүлнар Омарқызы еңбектегі жоғары кәсіби шеберлігі мен қаржылық есепшоттарды мақсатты істерге үнемдеп аударғаны үшін «Кәсіби сіңірген еңбегі үшін» медальмен марапатталды.

                                                             


«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ»

       Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Қалиев Жарқынбай Құрманұлы «Жылдың үздік маманы» атты Ұлттық сертификатын иеленді.

                                                             


«ҮЗДІК ОҚУ ОРНЫ»

       2015 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық «Жасыл ел» жастар бағдарламасын іске асыруға орасан үлес қосқан «Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжіне» «Үздік оқу орны» атағы беріліп, өндірістік оқыту шебері Рысбеков Нұркен Ертанұлы және колледж студенті Мусабек Таңжарық «Алғыс хат» пен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

                


«ЖАС ҚЫРАН», «ЖАС ҰЛАН» І - ОРЫН

              Колледжде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жолы да жақсы жолға қойылған Қала және облыс көлемінде  жүйелі түрде өткізіліп тұратын «Жас қыран», «Жас ұлан» әскери- патриоттық сайыста 1 - орын алып, колледж мәртебесін асқақтатты. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Р.С. Садырбаев бірнеше жыл қатарынан облыстық әскери комиссариаттың грамотасымен  марапатталды.

                                                     


 ОБЛЫСТЫҚ – ҚАЛАЛЫҚ «АЛТЫН КҮЗ»

         Топтар арасында волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, футбол, жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдастырылды. Жастарды шынықтыру үшін тренажер залы бар. Жеңімпаз топтардан команда жинақталып қала көлеміндегі оқу орындары арасында өткен жарыстарға қатысты. Команда «Алтын күз»  жеңіл атлетикадан 3 - орын, қалалық, және облыс көлеміндегі тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан 2 орын,  шағын  футболдан ұлдар командасы 3 - орын иеленді.Сонымен қатар колледж студенттері Жастарға қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық қол күрестен жақсы нәтижелер көрсетті.  Сейітжан Жақсылық 1 - орын, Төлеуғазы Елдос 2 - орын, Төлеуғали Айдос 3 - орын  иеленді. Жакупов Ануар жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған облыстық джиу-джитсу сайысында 1 - орын алып, Қазақстан құрамының мүшелігіне енді.

                                                      


«МҰХТАР ШАХАНОВ ОҚУЛАРЫ» БАС ЖҮЛДЕ

             Студенттердің өзіндік өнер - дарындарын, зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында қала аумағындағы жастар ұйымдарымен, қалалық әкімшілікпен, Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен,  Жастарға қызмет көрсету орталығымен біріге тәрбие жұмыстарын іске асырудамыз.

    

     Колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Х.С.Карипжанова наурыз айында республика көлемінде өткізілген «Мұхтар Шаханов оқуларына» қатысқан  Заханов Айбарды дайындап, көркемсөз оқу мен ән айтудан бәйгеге түсіріп, бас жүлдені жеңіп алып колледждің мәртебесін асқақтатты. Байқауға 127 мектеп оқушысы, 55 кәсіптік білім беру колледждерінің студенттері қатысты.


«НАУРЫЗ АРУЫ», «АНА ТІЛІ АРУЫ», «АНА ТІЛІ СҰЛТАНЫ»

        Жастарға қызмет көрсету орталығында  кәсіптік және арнаулы оқу орындары арасында өткен пікірсайыста Темен Әлішер үздік спикер атанды. Колледжің арулары мен жігіттерін музыка жетекшісі У.А. Джакубаева    қалалық «Наурыз аруы», «Ана тілі аруы», «Ана тілі сұлтаны» байқауларына дайындап, баптап  жүлделі  1 - орындарды иелендірді. Арулар: Төлеухан Ботагөзді,  Бердіқожа Іңкәрді, «Ана тілі сұлтаны - » Заханов Айбарды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде облыс әкімі А.Баталов марапаттап, бағалы сыйлықтар берді. Төлеуханова Ботакөз «Наурыз аруы 2017» атанды.

                                       


«WORLDSKILLS TALDYKORGAN»

       Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен аймақтық «Worldskills Taldykorgan» чемпионатында  өндірістік оқыту шебері Диханбаев Аман  жетекшілігімен колледж  білім алушысы   Усенов Арнур "Дәнекерлеу технологиялары" мамандығы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.

               


«ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ»«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ» 

         1-қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.С. Карипжанова, арнайы пән оқытушылары А.М. Оразалина,Б.З.Адильбекова «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталса, химия  пәнінің оқытушысы Ж.А. Ахметова «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.

               


«ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ»«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ» 

           Ұстаздар мерекесі қарсаңында колледж директорының өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Б. Самалбаев, оқу ісі жөніндегі орынбасары М. А. Каримов, физика пәнінің  оқытушысы К.С. Айнағұлова, «Ұлағатты ұстаз»  төсбелгісімен   марапатталса, орыс тілі пәнінің оқытушысы А. К. Джумадилова «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.

      


«ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ»«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ»

        Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында колледж әдіскері С. М. Кунапиянова, аға шебер Е.А. Жанғалиев «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталса,  өндірістік оқыту шебері А.М. Бюлюкеева «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.

                     


«ЕҢ ҮЗДІК ТӨРЕШІ» ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТ

     ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен қалалық дебатқа колледж студенті Темен Алишер қатысып, «Ең үздік төреші» номинациясы бойынша марапатталды. 

                                              


 ҚР КҒАХХVІ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

       Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қалалық пікір сайысында Алматы облысы студенттер төрағасы Е. Сапаров Темен Алишерге алғыс хат,  колледждің арнайы пән оқытушысы А.С. Ишмухамедова «Мақтау грамотасымен» марапаталды.  Сонымен қатар 06.03.2017 жылы Талдықорған политехникалық колледж базасында өткен ҚР    КҒАХХVІ облыстық ғылыми-практикалық конференцияғақатысқан колледж студенттері Сайдағали Асель жүлделі ІІ - орынға, ал Темен Алишер  ІІІ - орынға ие болды.

                                     


«ART-FEST-2016»

«МЕНІҢ ЕҢ ҮЗДІК КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫМ» 

«МЕН ТУҒАН ӨЛКЕ»

         Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасында өткен облыстық «ART-FEST-2016» фестиваліне колледж студенттері  мен оқытушылары қатысып,  «Менің ең үздік кураторлық сағатым» номинациясы бойынша ІІ жүлделі орынды колледж оқытушысы Идрисова Динара Құдайбергенқызы иеленсе «Мен туған өлке» интеллектуальді турнирі бойынша Идрисова Динара Құдайбергенқызы жетекшілік еткен колледж студенті Тай Лина ІІІ орынды иеленді.

                               


«ШЫНАЙЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ»«ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТЕАТРАЛДЫ МИНИАТЮРАСЫ»  

           «Шынайы жобаларды қорғау» номинациясы бойынша І - орынды Беков Жанаділ Қалиұлының жетекшлігімен колледж студенті Нұржанова Жанна иеленді. Сонымен қатар Адильбекова Бакыт Зиядақызының жетекшілігімен «Үздік студенттік театралды миниатюрасы» номинациясы бойынша Сарсенбаев Аян  жүлделі ІІІ - орынды иеленді.

                      


«АВТОМОБИЛЬДЕР ҚҰРЫЛЫСЫ»

«ЕҢ ҮЗДІК»

КОМАНДАЛЫҚ 1 - ОРЫН

                      2017 жылдың ақпан айында  Талдықорған политехникалық колледжінде «Автомобильдер құрылысы»  пәнінен қалалық колледждер арасында өткен  пәндік олимпиадаға арнайы пән оқытушысы Нұрдаулет Қайратұлының басшылығымен колледж студенттерінен құралған «Нұрлы жол» командасы  қатысып, колледж студенті Бағымов Еламан «Ең үздік» деп танылып, мадақтамаға ие болды. Ал жалпы командалық жарыста, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжді жүлделі І - орынға ие болып, арнайы пәндер оқытушысы Нусупбеков Нұрдаулет Қайратұлы жетекшісі ретінде марапатталды.

                                    


«ЗАМАНАУИ САБАҚ - ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ КӨРСЕТКІШІ»

ҮЗДІК САБАҚТАР ФЕСТИВАЛІ

ІІ - ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

                  Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері және  қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады дегендей, наурыз айында «Заманауи сабақ - педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында өткен облыстық үздік сабақтар фестивалінде колледждің өндірістік оқыту шебері Ш.А.Абилкаримов қатысып, жүлделі ІІ - дәрежелі дипломмен марапатталды.