"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

"World Skills"

Жемісті де жеңісті «WORLDSKILLS ТALDYKORGAN - 2020»

         2020 жылдың қараша айының 18-26 аралығында "Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары", "Ақпараттық кабельдік желілер", "Графикалық дизайн" құзыреттіліктері бойынша "Worldskills - 2020" өңірлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа колледж студенттері қатысып, төмендегі орындарға ие болды.

1-ші орын (Gold) - Қыдыр Еркежан (Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары)

2-ші орын (Silver)  - Ғалым Сулейман (Ақпараттық кабельдік желілер)

Үздік медальоны (For Excellence) - Жақұла Айша (Графикалық дизайн)

Жеңімпаздарды, қатысушыларды және жетекшілерді құттықтаймыз!!!

   


"Құрғақ құрылыс және сылақ" құзыреттілігі бойынша колледжіміздің 3 курс "Ғимараттармен құрылымдарды салу және пайдалану" мамандығының студенті Қыдыр Еркежан қатысуда.     

          22 мамыр күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында "Құрғақ құрылыс және сылақ" құзыреттілігі бойынша колледжіміздің 3 курс "Ғимараттармен құрылымдарды салу және пайдалану" мамандығының студенті Қыдыр Еркежан қатысуда. Чемпионат екі күнге жалғасады. Чемпионат қорытындысы 24 мамыр күні шығарылады. Еркежанға сәттілік тілейміз!

                       

      


«Электромонтаждық жұмыс» құзыреттілігі бойынша WORLDSKILLS TALDYKORGAN - 2019 чемпионаты өз жұмысын бастады.     

      22 мамыр күні Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледж базасында «Электромонтаждық жұмыс» құзыреттілігі бойынша WORLDSKILLS TALDYKORGAN - 2019 чемпионаты өз жұмысын бастады. Чемпионатқа Алматы облысының колледждерінен 9 сайыскер қатысты. Чемпионаттың мақсаты Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау.
     «Электромонтаждық жұмыс» құзыреттілігі бойынша чемпионат қорытындысы 24 мамырда шығарылады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

         


"World Skills Taldykorgan" аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.         

 "Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін арттыру және ұлттық чемпионатқа қатысатын үтімкерлерді анықтау" мақсатында Алматы облысының білім басқармасы 2019 жылдың 21-24 мамыр аралығында "World Skills Taldykorgan" аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Чемпионатты Алматы облысының білім басқармасының басшысы Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов ашып, чемпионаттың мақсат-міндеттерін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионатта 16 құзыреттілік бойынша білім алушылар өз кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жарысады.

         


 «WORLDSKILLS ТALDYKORGAN - 2018»

    2018 жылы 24 сәуір күні аймақтық «Worldskills Тaldykorgan» чемпионатына «Электромонтер», «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша қатысқан Талдықорған гуманитарлық-техникалық  колледж студенттері байқау қорытындысында жүлделі орындарға ие болды. «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша Әбілхан Абат жүлделі ІІ орындыиеленсе, «Электромонтер» мамандығы бойынша Дүйсенхан Дамир «Бас жүлдені» жеңіп алып, аймақаралық  «Worldskills-2018»  байқауына  жолдама алды. Бұл біздің колледж үшін үлкен жетістік. Бүгінгі күні Дүйсенхан Дамир Алматы қаласында өтіп жатқан республикалық сайыста бағын сынауда. Дамирге сәттілік тілейміз! 

                      


«WORLDSKILLS TALDYKORGAN»

       Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен аймақтық «Worldskills Taldykorgan» чемпионатында  өндірістік оқыту шебері Диханбаев Аман  жетекшілігімен колледж  білім алушысы   Усенов Арнур "Дәнекерлеу технологиялары" мамандығы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.