"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Психолгиялық қызмет

"Баланың бас ұстазы ата-ана" атты жиналыс.

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту кезінде  ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған. Ата-аналармен әлеуметтік желілер арқылы бала тәрбиесіне, кері байланыстың маңызы туоалы түсіндірме жұмысы жұргізіліп келеді  тұрамыз. Соның бірі 290-топта өткен "Баланың бас ұстазы ата-ана" атты жиналыс. Оған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х. Кар ипжанова, психолог У. Джакубаева топ кураторы Қ. Сулейменова, топ шебері Ш. Абилкаримов және ата -аналар қатысты. Х. Карипжанова жалпы балалармен жүргізіліп жатқан жұмыс, олардың әлеуметтік жағдайын қолдау үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айта келе,  құқықбұзушылық әрекеттерге арандап қалмауларын ата-аналарға тапсырды. Колледж психологы ата-аналарға тренинг жүргізіп,жасөспірімнің психологиясынан онлайн кеңес берді.Ата-аналар бүгінгі жиналыста  айтылған кеңестерді бала тәрбиесінде қолданатындарын жеткізіп, колледж ұжымына рақметтерін айтты.

      


Психологиялық тренингтер

   


ПАНДЕМИЯ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗІНДЕГІ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ МЕН АТА-АНАЛАРЫНА

ПСИХОЛОГТАН АРНАЙЫ КЕҢЕСТЕР


            

      

Талдықорған гуманитарлық –техникалық колледжінің  психологиялық  қызметінің  негізгі жұмыс бағыттары

  1. Психологиялық диагностика - оқушының, ата – ананың тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми негіз деп беретін сала. Психологиялық диагностиканың мақсаты: жеке тұлғаның дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті – педагогтарға ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті ақпарат беру. Психологиялық диагностикаға кіріспестен бұрын, оқу жылы барысында тесттердің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау қажет.
  2. Психологиялық ағарту (профилактика) – мұғалім, ата анасы, оқушыны психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психологиялық ағартудың мақсаты – тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру. Психологиялық ағартуға әдістемелік кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау. Балаларға қазіргі уақытта бақытты арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу. Психологиялық алдын алу – мүмкін болған ауытқудың алдын алу шаралары. Психологиялық алдын алудың мақсаты: барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және он іске асыру, алдын алу шараларын қолдану, мектептегі тәрбие мен оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жадай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты.
  3. Психотүзету (психокоррекция) және дамыту - түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді.
  4. Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу – диагностикалық негізде туындайды. Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
  5. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар: 1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу; 2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру; 3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу. Аналитикалық іс-әрекеттің мақсаты: туындаған проблемалық себептердің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру, педагогикалық процеске қатысушыларға кешенді ұсыныстар жасау. Психологиялық білімді көтеру – мақсаты: педагогикалық үрдістерге қатысушыларды психологиялық мәдениетін көтеру.
  6. Қазақстане Республикасы психологының этикалық кодексіне сүйеніп қызмет етуде.

                         Қашықтықтан оқыту.                                                            Қашықтықтан оқыту. 

                   Психологиялық ұсыныстар                                              Ата аналар, студенттер назарына!

                                


Қашықтан оқыту

     Құрметті ата-аналар, карантин енгізілуіне байланысты, жанұяда психо-эмоционалдық күйі өзгеру мүмкін. Өздеріңіздің және балаларыңыздың денсаулығын және қауіпсіздігін бақылауыңызды сұраймыз.

Отбасыларда атмосфераны тұрақты ұстап тұруға көмектесу мақсатында,  сіздерге  «Коронавирус туралы балалармен қалай сөйлесу керек» туралы ұсыныстар жібереміз.  Егер сіз (немесе сіздің балаңыз) психологиялық қызметімен хабарласқыңыз келсе, онда осы телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалуыңызға болады.

Қазіргі кезде жасөспірімдер көп уақытты өздеріне жұмсайды, сондай-ақ олардың кейбіреулері, еркіндікте отырғандықтан, сіздер мұқият болу керексіздер және де балалардың әлеуметтік желілердегі қызығушылықтарын бір мезгіл тексеруді ұсынамыз. Сіздің балаңыз алатын кейбір ақпараттар ағыны олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Ол үшін сіз телефонда және компьютерде ата-аналық бақылау қолданбаларын қоса аласыз және алынған ақпаратты сүзіп, дәлелдеріңізді дәлелдей отырып, балаларыңызға түсіндіре аласыз.

 

Аты-жөні

Ұялы телефон нөмері

 Кунапиянова Сауле Медетбекқызы

    оқу ісі жөніндегі орынбасары

8 (707) 8295140

Карипжанова Хафиза Советқызы

  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

8 (701)3327881

Жақыбаева  Ұлжанат Әуелханқызы

                психолог

8 (708) 192 33 57


 

ПСИХОЛОГТЫҢ КЕҢЕСІ

 


АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНА


Коронавирус (COVID-19) пандемиясы кезінде жасөспірімдер психикалық денсаулығын қалай қорғай алады?

 Жаңа (уақытша) нормаға тап болған жасөспірімдерге арналған

6 стратегия

Жасөспірімдік жас – адам өміріндегі күрделі кезең, ал коронавирус жұқпасы (COVID-19) оны одан бетер күрделі етеді. Мектептердің жабылуына және іс-шаралардың өткізілмеуіне байланысты жасөспірімдер өмірлерінің балғын шағындағы көптеген маңызды оқиғалардан, соның ішінде, күнделікті достарымен көрісуден және мектепке барудан бас тартуға мәжбүр. Таралып бара жатқан сырқаттың кесірінен өмірлерінің үйреншікті барысы өзгеріп жатқан,әрі үрейге, түңілуге және оқшаулық сезіміне бой алдырған жасөспірімдер есте сақтағаны жөн: олар жалғыз емес. Біз жасөспірімдермен жұмыс жасайтын психолог маман, бестселлерлер авторы және ай сайынғы «NewYorkTimes» басылымының колумнисі д-р Лиза Дэймурмен жасөспірімдер өздерін және психикалық денсаулықтарын қалайкүте алатынын білу үшін әңгімелестік.

  1. Алаңдау – толығымен қалыпты реакция екенін мойындаңыздар

 Егер сіздерді мектептердің жабылуы және үрей ұялататын жаңалықтар алаңдатса, біле жүріңіздер, сіздер жалғыз емессіздер. Шындығында дәл осындай эмоцияларды бастан кешіру қажет. «Психологтар бұрыннан біледі, үрей сезімі – бізге қауіп-қатер туралы ескертетін және қорғануға шара қолдануға көмектесетін қалыпты және дұрыс реакция, - дейді д-р Дэймур. – Алаңдау сіздерге  нақты бір сәтте жалғыз дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі, мысалы, басқа адамдармен немесе үлкен топтарда уақыт өткізбеу, қол жуу және бетті қолмен ұстамау». Осындай сезімдер өздеріңізді ғана емес, өзгелерді де қорғауға көмектеседі. «Біз осылайша қоғамның басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетеміз. Бізді қоршаған адамдарды да естен шығармаймыз».

 COVID-19 айналасындағы жағдайға қатысты алаңдаушылық әбден түсінікті болғанымен, ақпаратты «… сенімді көздерден [мысалы, ЮНИСЕФжәне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңсайттарынан] алатындарыңызға көз жеткізіңіздер немесе басқа, бәлкім, соншалық сенімді емес дереккөздерден алған кез-келген ақпаратты тексеріңіздер», - деп кеңес береді д-р Дэймур.

 Егер сіздерде сырқат симптомдары пайда болғанына алаңдасаңыздар, осы туралы ата-аналарыңызбен сөйлесу қажет. «Есте сақтаңыздар, COVID-19 тудыратын сырқат әдетте, әсіресе, балаларда және жастарда жеңіл түрде өтеді», - дейді д-р Дэймур. Сондай-ақ, көптеген COVID-19симптомдарын емдеуге болатынын естен шығармау маңызды.

 Д-р Дэймур жасөспірімдерге өздерін нашар сезінгенде немесе вирусқа қатысты алаңдағанда, ересектерден көмек алу үшін ата-анасына немесе өзге ересек адамға айтуға кеңес береді.

 Әрі, есте сақтаңыздар: «Өздеріңізді және айналадағыларды қорғаудың және жағдай бақылауда екеніне сенімді болудың көптеген тиімді тәсілдері бар. Оларға келесілер жатады: жиі қол жуу, бетті қолмен ұстамау және адамдардан алшақ жүру».

>>Қол жууға қатысты кеңестерімізтуралы толығырақ

  1. Көңілді басқаға аудару әдістері

 «Психологтарға мәлім, ұзаққа созылатын өмірлік қиын жағдайға түскенде, мәселені екі санатқа бөлудің пайдасы мол: біріншісіне мәселені шешу үшін қолымыздан келетін істер, ал екіншісіне біздің бақылауымыздан тыс құбылыстар жатады», - дейді д-р Дэймур.

 Қазір көбісі екінші санатқа түседі, бұл – қалыпты жайт. Бірақ, мәселені шешуге көмектесе алатын әдіс бар – көңілді басқаға бұру әдісі. Д-р Дэймур күнделікті өмірде сабырға келу және тепе-теңдікке жету үшін келесі тәсілдерді ұсынады: үй шаруасымен айналысу, сүйікті фильмді көру немесе төсекте жатып роман оқу.

  1. Достармен байланыста болудың жаңа жолдарын табыңыздар

 Егер әлеуметтік алшақтық әдісін қолдана отырып, достарыңызбен бірге уақыт өткізгілеріңіз келсе, әлеуметтік желілер – керемет байланыс тәсілі.Шығармашылық қабілеттеріңізді паш етіңіздер: мысалы, #қауіпсізқолдарTik-Tok ойынына қатысыңыздар. «Мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін төмен бағалайын деген еш ниетім жоқ, - деп атап өтті д-р Дэймур. – Олар бір-бірімен Ғаламторда [араласу] үшін бұрын пайдаланған әдістерінен өзгеше болатын жаңа тәсілдерді табады деп ойлаймын».

 «[Алайда] үнемі монитор алдында және/немесе әлеуметтік желілерде отыра беру – жақсы шешім емес. Бұл денсаулыққа зиян, тиімсіз және үрей сезімін өршіте түсуі мүмкін», - деп жалғастырады д-р Дэймур және жасөспірімдерге ата-аналарымен бірге отырып, компьютер алдында өткізетін уақыт кестесін жасауға кеңес береді.

  1. Өздеріңізге көңіл бөліңіздер

 Жаңа бір істі үйренгілеріңіз келіп пе еді? Жаңа кітап оқығыларыңыз келе ме? Әлде музыкалық аспапта ойнап көргілеріңіз келе ме? Қазір – ең қолайлы уақыт. Өздеріңізге көңіл бөлу және пайда болған бос уақытты өздеріңізге пайдалы етіп өткізу жолдарын іздеу – психикалық денсаулықтарыңыздың қамын ойлаудың жемісті жолы. «Осындай жағдайларда мен оқығым келген кітаптардың және тындырғым келген істердің тізімін жасайтынмын», - дейді д-р Дэймур.

  1. Сезімдеріңізді толығымен сезініңіздер

Адам достарымен бірге түрлі шараларға қатыса алмаса, сүйікті ісімен айналыса алмаса немесе спорт сайыстарына бара алмаса, қатты түңіліп кетеді. «Бұл – жасөспірімдердің көңілін шынымен түсіретін ауқымды тауқымет», - дейді д-р Дэймур. Түңілуді жеңудің үздік тәсілі қандай? Өздеріңізге түңілу сезімін толығымен сезініп көрінуге рұқсат етіңіздер. «Жанға жара салатын уайым сөз болғанда, жағдайдан шығар жалғыз жол – сол эмоцияны толығымен сезіну. Егер мұңайып тұрсаңыздар, өздеріңізге мұңаюға рұқсат беріңіздер, сонда өздеріңізді тезірек жақсы сезінетін боласыздар».

Әр адам эмоцияларын әрқалай басқарады. «Кейбір балалар өнерге бет бұруы мүмкін, басқалары достарымен сөйлесіп, мұңын шаққысы келуі мүмкін, сонда бетпе-бет тілдесу мүмкін болмаған кездерде ортақтастық және бірлік сезімі туады. Ал өзгелері азық-түлік қорын толтырғысы келеді», деп жалғастырады д-р Дэймур. Маңыздысы, өздеріңізді жақсы сезінуге көмектесетін істермен айналысу қажет.

  1. Өздеріңізге және өзгелерге мейірімді болыңыздар

Кейбір жасөспірімдер коронавирус жұқпасына байланысты мектепте қудалауға және зорлық-зомбылыққа тап болады. «Осындай жайттарға куә болғандардың белсенді ұстанымы - кез-келген қудалау түрін жеңудің үздік тәсілі, - деп атап өтті д-р Дэймур –қудалау нысанына айналған балалар мен жасөспірімдер жәбірлеушілеріне қарсылық көрсетеді деп күтпеген жөн; керісінше, сондай балаларды достарынан немесе ересектерден көмек пен қолдау сұрауға ынталандыру қажет».

Егер әлдекімнің достарыңызға жәбір көрсеткеніне куә болсаңыздар, онымен сөйлесіп, қолдау көрсетуге тырысыңыздар. Әрекетсіздік адамды бүкіл әлем оған қарсы шықты және ешкімнің онымен шаруасы жоқ деп ойлауға мәжбүрлейді. Сіздердің сөздеріңіз жағдайды жақсы жағына қарай өзгертуге көмектеседі.

Әрі, есте сақтаңыздар: қазір біз бөліскен ақпарат немесе біз айтқан сөздер басқа адамдардың жанына бұрын-соңды көрмеген жара салуы мүмкін екенін ескеру қажет.