"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Кәсіподақ жұмысы

         Ибраева Ардақ Қадыржанқызы,Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің бастауыш  кәсіподақ ұйымының төрайымы  

КӘСІПОДАҚ: ЖҰМЫСШЫ МҮДДЕСІНІҢ ҚОРҒАЛУЫ – БАСТЫ МІНДЕТ

Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінің кәсіподақ ұйымы  – бұл біздің колледжіміздің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттерін олардың өндірістік және өндірістен тыс салалардағы қызметінің жалпы мүддесі бойынша біріктіретін тәуелсіз, ерікті, кәсіби қоғамдық  ұйым.

Кәсіподақ комитеті жұмысының басты міндеті колледж қызметкерлері мен студенттерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Кәсіподақ ұйымы ҚР Конституциясы, Еңбек Кодексі мен ҚР «Кәсіподақтары туралы» Заң негізінде өз қызметін іске асырып келеді.

Кәсіподақ мүшелері жастармен бірге стратегиялық дамудың негізгі ресурсы ретінде колледж дамуының әлеуметтік-экономикалық жоспарын жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мұның бір дәлелі – жастарды шығармашылық күш ретінде колледж өмірінің барлық саласы мен бағыттарына қатыстыру. Кәсіподақ комитеті барлық жағдай жасап, жастарды жан-жақты дамыту үшін бірнеше бағыттар бойынша дамиды: Колледждің қоғамдық өмірінде жастар ұйымы мен жастарды дамытуға көмектесетін тиімді база құру. Қазіргі кезде әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің бастамасы бойынша қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға арналған ұжымдық шарт құрастырылып іске асырылуда.

Білім беру сапасы мен деңгейін арттыру, жастарды  тәрбиелеу,  Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан азаматтарын патриоттық тәрбиелеу туралы» бағдарламасын қолдай отырып, жастарға патриоттық тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінеді. Жастар арасында олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі шараларды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Біздің елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды жалғастыра отырып, дені сау, рухы мықты жастарды тәрбиелеу.Нашақорлық пен алкоголизмге қарсы түрлі акциялар жүргізеді. 

Студенттердің әлеуметтік құқығын қорғау, Ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге материалық көмек көрсету, жатақханадан орын бөлу, тегін тамақтануға ықпал ету,
шәкіртақы беру.

Колледж кәсіподақ комитетінің құрамында 7 адам бар, олардың әрқайсысы өзіне бекітілген сектор жұмысына жауапты. Кәсіподақ комитетінің мүшелері өздерінің қызметтерінде қызметкерлер мен студенттерді кәсіподақ қатарына тартудың инновациялық түрлері мен әдістерін белсенді қолданады. Жылдық жұмыс жоспары негізінде кәсіподақ комитеті ұжымдық шарттағы шарттардың орындалуын бақылайды, оны іске асыру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережесінің жағдайы, еңбекақы төлеу, шәкіртақы және еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша ереже, жинақтаушы қорларға зейнетақылық салымдарды жіберу жолындағы колледж әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің есебі тыңдалады. Кәсіподақ комитеті колледж оқытушыларын аттестаттауға, еңбек демалысының кестесін келісуге, тарификациялау жұмыстарына қатысады. Колледждің кәсіподақ ұйымы кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жазғы уақытта сауықтырылғанына көп көңіл бөледі.

Бүгінгі күні  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Кеңесінің 2018 жылдың 21 ақпанындағы № 4 Қаулысына сәйкес Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру – сайлау жиналыстары өтуде. Осындай маңызды жиынның бірі ағымдағы жылдың 7 қарашасында Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінде ұйымдастырылды. Бастауыш  кәсіподақ  комитетінің  есепті-сайлау жиналысына  білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Н.Әбдіқадыров, сонымен қатар 80-ге жуық әкімшілік қызметкерлері қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымын қайта сайлау және тексеру комиссиясын сайлау мәселелері қаралды.

Шара барысында ең алғашқы болып кәсіподақ ұйымының төрайымы Ұ.Ә.Жақыбаеваның баяндамасы тыңдалды. Төрайым есеп беру кезеңінде атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда, қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыру, ұжымдық келісім-шарт жасасу, марапаттау және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып өтті. Сондай-ақ,Ұлжанат Әуелханқызы есеп бере отыра кәсіподақ комитеті қызметін  жарғыға  сәйкес  еріктілік, демократиялық, заңдылық, ұйымдық  бірлік  ұстанымдары  негізінде  жүзеге  асырылғанын атап  көрсетті.

Ұйым төрайымы баяндамасында кәсіподақ жұмысының барлық негізгі бағыттарын қамтып, қоғамдық бірлестіктің 86 мүшесімен қоян-қолтық жұмыс жасап, колледж әкімшілігімен бірлесіп атқарған шаралар жайында да айтып өтті. Келесі болып бастауыш кәсіподақ ұйымының бухгалтер-қазынашысының есебі тыңдалды. Кәсіподақ ұйымының қазынашысы Н.С.Салехова кәсіподақ жарналарының жұмсалуы туралы есеп берді. Сонымен қатар, шағын мекемедегі тексеру комиссиясы төрағасының есебі де назардан тыс қалмай, қанағаттанарлық деген баға беріліп, облыстық конференцияға баратын делегаттар сайланды. 

Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Ж.Қалиев, колледжіміздің кітапхана меңгерушісі А.Ибраева, жас маман А.Нұрпейісова жарыссөзге шығып бастауыш  кәсіподақ  ұйымының  жұмысына  оң  баға  берді. Кәсіподақ мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша бастауыш  кәсіподақ ұйымының төрайымы Ұлжанат Әуелханқызы Жақыбаеваны қайта сайлап, кәсіподақ комитетінің жаңа құрамын және бақылау комиссиясын сайлау шешімі қабылданды. Жұмыс берушінің Қоғам қызметкерлері алдындағы міндеттері нақты жазылатын ұжымдық шартты жасау мәселесіне үлкен мән берілді.

Жиын барысында сөз кезегін алған Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы Әбдіқадыров,  Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексінің жекелеген баптарына түсініктеме беріп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауындағы ізгі бастамаларды да қозғап тілге тиек етті. Сөз соңында барлық кәсіподақ мүшелерін  жиналыста қабылданған негізгі құжаттар мен шешімдердің орындалуына бағытталған мақсатты жұмыстарды жүргізуге шақырып,Талдықорған аумақтық ұйымы атынан белсенді  кәсіподақ ұйымының  мүшелері Н.С.Салехова, М.С.Жорабаеваны өз қолымен аумақтық ұйымның Құрмет грамотасымен марапаттады. Жиын өте жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі сайланған жаңа құрамдағы бастауыш  кәсіподақ комитетінің алдағы жұмысына биік табыстар мен  сәттілік тілейміз!