"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Қабылдау ережесі

 

ТАЛДЫҚОРҒАН  ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА  ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес әзірленген. ҚР ӘМ 2018 жылғы 7 қарашада №17705 болып тіркелді) 

                                                                                      

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  • Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуға қабылдаудың осы үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тармақшасына сәйкес әзірленді және колледжге оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
  • Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
  • Колледжге оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағындаайқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.
  • Т үсу емтихандарын  тапсыру түрлерін колледж белгілейді.

 

ІІ. КОЛЛЕДЖГЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ  ТӘРТІБІ

 

  • Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі 2019-2020 оқу жылына 5 мамандық және 10 қысқартылған мерзімдегі жұмысшы мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс түрінде қабылдайды.
  • Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу кезінде әңгімелесу өткізу мерзімінде және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж директорының бұйрығымен 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурстық комиссияның құрамынан оның мүшелерінің басым дауысымен төрағасы сайланады.

          

  2.3.    Қабылдау комиссиясының шешімі, егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда, заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

 

  • Колледждің қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері Облыстық білім басқармасы келісімі бойынша шешіледі. Колледжге тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  • Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау келесі мерзімде жүзеге асырылады:

      

1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша 20 маусым мен 5 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

 

2.6. Оқуға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

 

- Директордың атына өтініш

 

- Білімі туралы құжаттың төлнұсқасы

 

- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын

 

-  3х4 көлемді 4 фотосурет.

  

Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

 

ІІІ. ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

 

3.1  Колледжге түсу орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

     

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

     

2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән) әңгімелесу;

     

   

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

       

Оқуға түсушілермен әңгімелесу кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені әңгімелесу өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып колледж директоры 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді және оны ақпараттық стендтер мен колледж интернет ресурстарында орналастырады.

           

Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.

           

Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.     Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

           

3.2. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі түріне түсу емтихандары 1 тамыз бен 27 тамыз аралығында өткізіледі. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі түріне түсу емтихандары 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында өткізіледі.

 

3.3   Әңгімелесу түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

 

  • Колледжде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және әңгімелесу нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж директорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің басым дауыспен төраға сайланады. Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

 

3.5. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

 

  • Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

 

ІV. БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА ҚАБЫЛДАУ

 

4.1. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

     

4.2. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

 

1) оқудың күндізгі түріне - 25 тамыз бен 31 тамыз аралығында өткізіледі.

 

Білікті жұмысшы кадрларды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

 

1) оқудың күндізгі түріне - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

 

4.3. Колледжге қабылдау мамандықтар бойынша, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

 

  • Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі түріне 31 тамызға дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау - 10 қыркүйекке дейін, ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет-ресурсына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

                                                     

  

Техникалық хатшы С. Кунапиянова