Колледжге түсушілер мына құжаттарды тапсырулары керек: 1. Директордың атына жазылған өтініш 2. Төлқұжат немесе Туу туралы куәліктің көшірмесі 3. Білімі туралы құжат (түпнұсқа) 4. 3х4 көлемді 6 дана фото 5. Дәрігерлік анықтама (Ф 086У)
|
Оқу орнының артықшылығы:
- Біздің колледжді бітірушілер жұмыссыз калмайды. Жаңадан ашылған мамандықтар бойынша оқитын жастар бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті кәсіби шебер болып шығады. Болашақта өздері шағын кәсіпорындар ашуларына мүмкіндік береді.
- Қабылданған студенттер толығымен ақысыз жатақханамен, қала автобустарына тегін жүру билетімен қамтамасыз етіледі.
- Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларына бір уақыт ыстық тамақ тегін беріледі.
- Оқу озаттарымен үздіктерге стипендия төленеді.
- Колледж базасында мамандыққа қосымша 50% жеңілдетілген «ВС» категориялы ақылы автомобиль жүргізушілеріне арналған курс ашылған.
- Студенттердің сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатысуына, спортпен шұғылдануына, кітапханаға баруына, жеке тұлға ретінде өз дарын, таланттарын дамытуына мүмкіндік бар.
- Жастар үйінде тұратын студенттер тәрбиешілердің, түңгі кезекшілердің бақылауы мен қамқорлығында болады.
Талапкер қабылдау ережесі: Скачать
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің YouTube каналы