"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Алматы облыстық білім басқармасы

«Талдықорған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

І. Жалпы ереже

  • Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген. «Талдықорған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК (бұдан әрі колледж) қызметінің барлық салаларында тыйым салу, шектеу және рұқсат беру жүйесі болып табылады.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты және колледж қызметінде, оның қызметкерлері мен басшылық құрамының жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру болып табылады.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
  • функционалдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде әкімшілік, инженерлік – оқытушылар құрамы мен колледж қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  тұрақты мінез –құлқын  және жауапкершілігін қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу;
  • колледж қызметінің тиімділігін арттыру.

1.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

         - Жемқорлыққа қарсы стандарт азаматтардың, колледждің және қызметкерлерінің  құқықтары мен заңды мүдделерін іске  асыру және функцияларын  жүзеге асыру кезінде колледж қызметінде қолданылды.

        - Жемқорлыққа қарсы стандартты колледж қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті.

    - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны үшін колледждің әрбір қызметкері дербес жауап береді.

1.5 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзгерту «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.

1.6 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған колледж қызметкерлерінің әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.

1.7  Колледж қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылауды колледждің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс –қимыл жөніндегі  комиссиясы жүзеге асырады.

1.8  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші: колледждің оқу – тәрбие қызметінің құқықтық жұмыс басқармасы.

Колледж қызметкерлерінің  мінез – құлқының (іс - қимылының) ережелері

  1. Тыйым салу, шектеу және рұқсат ету:

2.1 Колледж және оның қызметкерлерінің құқытары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

2.2 Өзінің қызметтік өкілеттігін жүзеге асыру кезінде өз міндеттерін орындауға байланысты ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер мен өзге де артықшылықтарды қабылдамауға;

2.3. Мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;

2.4. Білім беру және өзге де қызметтерді жүзеге асыру кезінде өзіне немесе үшінші тұлғаға пайда табу мақсатында қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

2.5 Колледждің  іскерлік беделін қадірлеу, колледждің құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келетін немесе зиян келтіретін қызметке қатысудан тартыну, оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттердің жолын кесу;

2.6 Колледж қызметкерлерінің жеке мәліметтері туралы мәліметтерді негізсіз жіберуге жол бермеу;

2.7  Білім, біліктілік, тәжірбие, өнімділік және тиімділік сияқты факторларды ескере отырып, конкурстық негізінде қызметкерлердің қызметтік сатымен алға жылжуын қамтамасыз ету:

2.8 Педагогтардың өзіндік идеяларын, жаңалықтарынан және өнер табыстарынан  пайда алуға, сондай –ақ оларды іске асырудан пайда көрушілік  құқықтары нормативтік құжаттармен қорғалуы тиіс:

2.9  Білім беру  - ғылыми және басқа да қызметтерді көрсету кезінде туындайтын өзге де өзара қарым – қатынастар кезінде жемқорлыққа жол бермеу:

2.11 ҚР Конституциясынан, ҚР Еңбек кодексінің, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау:

2.12 Қазақстан Республикасының заңдарында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу:

2.13  Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында ресми таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау:

 

  1. Өз құзіреті шегінде басқару және өзгеде шешімдерді қабылдау кезіндегі колледж қызметкерлерінің міндеттері

3.1  Тікелей басшыға қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүдделер қақтығысының туындауы, жеке мүдделілігі туралы, сыбайлас жемқорлық мінез- құлыққа көндіру және сыйлықтар алу туралы баяндау.

3.2  Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау

3.3  Өзара  қарым -  қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі  мүмкін заңсыз өтініштері бар әріптестеріне және басшыларға жүгінуден бас тарту.

3.4 Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіруге және ынталандырмауға.

3.5 Әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеуге және қызметтік өкілеттіктерді пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу үшін қызметтен тыс қызмет көрсетпеуге.

3.6  Қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамауға.

3.7 Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзгеде ақпаратты пайдаланбауға .

3.8  Жақын туыстық қатынаста тұрған адамдардың (ата – аналары, жұбайлары, аға –інілері, апа – сіңлілері, балалары) тікелей бағыныштылығымен  немесе  бақылаумен байланыста болса, лауазымға тағайындалудан бас тарту.

3.9 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танту.

3.10  Басшылыққа белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай –ақ материалдарды немесе сөзбұйдаға салуды жедел қарастыру үшін қандайда бір пайда алуға көндіру туралы дереу баяндау.

3.11 Орындау  үшін  алынған үкімнің заңдылығына күмән болса ол туралы дереу жазбаша түрде тікелей басшыға хабарлау.

3.12 Егер тікелей басшы өзі мүдделер қақтығысына тартылса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге болады.

3.13 Әріптестерінен  жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды қолдау және талап ету.

3.14  Мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың салдарларының туындауы мүмкін себептері мен жағдайларын жою бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау.

3.15  Үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе мүдделеріне, сондай – ақ олардың артынан іс – әрекеттер жасаудан тартынуға тиіс.

3.16 Қызметтен тыс мәселелерді шешу кезінде әріптестер мен студенттердің қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау:

3.17  Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар  жасауға мәжбүрлемеу .

3.18 Бағынышты және басқа да лауазымды адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  заңнамалардың  нормаларын  бұзу фактілеріне жол бермеу және олардың жолын кесу.

3.19  Өздерінің  лауазымдық міндеттерін орындау  барысында әріптестерде  туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша толық шараларды уақытылы қабылдау.

3.20 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша толық шаралар қабылдау.

3.21  Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға  ықпал ететін себептер мен жағдайларда жою, оның ішінде қарамағындағылармен .

3.22  Қызметтік емес немесе жеке тапсырмалармен  орындау үшін бағынысты және білім алушыларды тартуға жол бермеу.

  1. Колледж қызметкерлеріне ғылыми – білім беру және өзгеде қызметтерді көрсету кезіндегі ұсыныстар

4.1  Тұрақты негізде білім беру – ғылыми және басқа да әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасын арттыру және өзара іс - қимыл жүйесінде "Колледж  оқытушы - студент" кедергілерді болдырмау шараларын қабылдау:

4.2 Кәсіпқойлыққа ұмтылу, өз білімдерінің деңгейін үнемі арттырып, отандық және шетелдік тәжірибе  мен ғылымның жетістіктерін зерделеп отыру.

4.3  Өзінің кәсіби және жалпыадамзаттық мінез – құлқымен айналадағы адамдарға үлгі болу.

4.4  Білім алушылар еңбек тәртібінің, өзінің колледжіне, дәстүрлеріне, тарихына құрметпен және ұқыпты қарауының жеке мысалы болып қызмет ету.

4.5  Студентерге қатысты  өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін  асыра пайдаланбауға, студенттерге деген көзқарасты  және олардың білімін  субъективизмді болдырмауға.

4.6  Әріптестер мен білім алушылардың қадір – қасиетін кемсітпеу, әдепсіз сөздерді қолдану, фамилиялық және жоғары өлшемдік  көрсету.

4.7  Колледж әкімшілігінің шешімдері және оның бөлімшелерінің қызметі туралы жалған ақпаратты таратпауға.

4.8  Білім  алушылардан сыйлықтар немесе ақшалай сыйақы алмау.

4.9 Плагиат фактілеріне және басқада академиялық бұзушылықтарға жол бермеу.

4.10  Өзінің қызметтік міндеттерін орындай отырып, жоғары мәдениет, жауапкершілік, адалдық, Академиялық адалдық және объективтік таныта отырып, әріптестермен және студенттермен қарым – қатынаста өзара құрмет, әдептілік, тілектестік қағидаттарын басшылыққа алу.

  1. 5. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде колледждің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне ұсынымдар.

5.1  Мемлекттік сатып алу үшін  пайдаланылатын ақша қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау.

5.2  Әлеуетті  өнім берушілерге  Заңда  көзделген  жағдайлардан  басқа, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру.

5.3 Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамассыз ету.

5.4 Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы

5.5 Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу

5.6 Өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға өнім берушінің таңдау туралы шешім қабылдауға құқығы бар не өткізілетін Мемлекеттік сатып алуда Тапсырыс берушінің немесе Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері болып табылатын осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім  берушінің  уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының қатысуына жол бермеу.

5.7  Атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және борышкерлердің бірыңғай тізіміне енгізілген әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеу.

6.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

6.1. Сыбайлас  жемқорлыққа  төзбеушілік  ахуалын қалыптастыру – бұл кез келген теріс пиғылды тәжірибеге  қарсы тұру қажеттігіне колледж қауымдастығының барлық мүшелерінің сенімін нығайту бойынша қызмет.

 

6.2   Колледж қызметі жалпы білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

6.3  Колледж қызметінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді технологиялар мен тетіктерді енгізу;

6.4   Қызметкерлердің мәдениет  кодексін, студенттің ар – намыс кодексін, оқытушы мәртебесі туралы  ережені  және колледж студенті туралы ережені енгізу.

6.5  Инженерлік – педагогикалық  қызметкерлер мүшелерінің  арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты және оның зардаптарының қауіпсіздігін түсінуді қамтамасыз ету,

6.6 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;

6.7  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процесіне студенттерді, оқытушыларды және қызметкерлерді әлеуметтік серіктестік негізінде тарту;

6.8  Студенттік ортада патриотизмді және белсенді азаматтық ұсынымды тәрбиелеу бойынша мақсатты бағдарламаларды енгізу;

6.9  «Сыбайлас жемқорлықтан тыс колледж», «Оқытушы студенттер көзімен», «Оқытушы әріптестер көзімен», «Студенттердің қанағаттануын бағалау», «Таза сессия», «Өз колледжіңді қолда!»т.б  әлеуметтік сауалнамалар  арқылы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы тұрақты мониторинг жүргізу

6.10  Колледждің интернет – ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа халықтың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету.

6.11 Басқа мемлекеттік органдар  мен қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша шаралар әзірлеу.