"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

"Академиялық адалдық кодексі"

"Академиялық адалдық кодексі"

  1. Жалпы ережелер

         І. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алушылардың, колледж қызметкерлердің «Академиялық адалдықты» сақтау кодексі (әрі қарай – ТГТК, Кодекс), 2018 ж. 30 қазандағы № 595 арнаулы  орта  оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі стратегиясына, ТГТК-нің Жарғысына сәйкес әзірленді, ол білім беру процесінде «Академиялық адалдық» қағидаттарын, колледж  қауымдастығы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді, «Академиялық адалдықтың» бұзылу түрлерін және олар болған жағдайда шаралар қолдану тәртібін айқындайды.

  1. Осы Кодекстің мақсаты –колледждегі білім алушыларға, колледж қызметкерлеріне де білім беру процесінде академиялық адалдықты іске асыру қағидаттары туралы түсінік қалыптастыру. «Академиялық адалдық» Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің білім беру процесіндегі негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.
  2. Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Академиялық адалдық» - оқыту және бағалаудағы жеке адалдықты дамытатын құндылықтар мен қағидаттар жиынтығы, сондай-ақ жазбаша бақылау жұмыстарын, емтихан, эссе, зерттеулер мен презентацияларды орындау кезінде лайықты мінез-құлық;

2) бағаланатын жұмыс:

- білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі (ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, эссе, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс, зерттеу жұмысы т.б.) оқу жетістіктерін анықтау үшін оның ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде орындайтын жұмыс немесе тапсырма;

- білім алушының семестрдегі оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін қорытынды бағалауды жүргізу кезінде білім алушы орындайтын жұмыс (бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілер, сынақтар, зерттеу жұмысы және т.б.);

  1. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі әкімшілігі, топ шеберлері мен топ кураторлары осы Кодекспен білім алушыларды таныстыруға міндетті.
  2. Осы Кодекс колледж қауымдастығының барлық мүшелерінің – Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі әкімшілігі, қызметкерлер, білім алушылардың, олардың заңды өкілдерінің орындауы міндетті.

ІІ. «Академиялық адалдық» қағидаттары

         «Академиялық адалдық» қағидаттары мыналар болып табылады:

 1) адалдық – бұл білім алушылардың оқу жұмысының бағаланатын және бағаланбайтын түрлерін адал орындауы;

2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау арқылы өзге біреудің сөзін, ойын және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету;

         3) жариялылық – ашықтық, өзара сенім, білім алушы мен оқытушы арасында ақпарат және идеяларымен ашық алмасу;

         4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын, ой-пікірлері мен идеяларын еркін білдіру құқығын құрметтеу;

5) теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелердің сақталуын және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

 

    ІІІ. Студенттік қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

  1. Студенттер құқылы:

 - осы Кодекстің мәтінімен танысуға;

- оқыту процесінде өз пікірін еркін білдіруге;

 - осы Кодексті бұзды деп негізсіз айыптаудан қорғануға және дәлелдер беруге.

 

ІV. Білім беру процесіне қатысушылардың міндеттері

Білім алушылардың міндеттері:

  1. академиялық адалдық қағидаттарын сақтау үшін білім алушылар міндетті:

 - бөтен зияткерлік меншікті пайдалануға қатысты негізгі қағидаттарды құрметтеуге және сақтауға;

 - этикалық стандарттарды қабылдауға және оларды қатаң сақтауға. Кез келген жұмыс істеу түрінде, ауызша және жазбаша түрде, ағымдағы және қорытынды бағалауда барлық қағидаттарды сақтау;

- ұсынылатын жұмыстар білім беру жобасына қатысушының жеке жұмысы болып табылатынын есте ұстау;

 - бөтен шығармалардан үзінділер пайдалану кезінде өзгенің сөзін цитата ретінде беру тәсілін қолдану;

- зерттеу жұмысын, эссе, жазбаша өтініштерді жазу кезінде сілтемелерді пайдалануға, онда автор мен шығарма, белгілі бір ой қайдан алынғаны көрсетіледі. Жұмыстың соңында барлық ақпараттық ресурстар көрсетілген библиография міндетті түрде болуы тиіс. Сондай-ақ, ақпараттық көздерде ұсынылған қосымшалар да берілуі мүмкін;

 - өз материалын, жеке басының мақсатына пайдалану үшін орындалған жұмыстарын өзінің курстастарына беруге жол бермеу;

 - академиялық әділетсіздік көрінісі үшін жауапкершілік туралы білуге және осы саясат шеңберінде студентке санкциялар қолданылатынына дайын болу.

  1. Колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің міндеттері:

- академиялық адалдық қағидаттарын өз жұмыс тәжірибесіне енгізуге жәрдемдесу; - академиялық әділетсіздік жағдайларының алдын алу;

 - студенттердің этикасы мен тұрақты дамуына негізделген интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттерін оқытуға жағдай жасау;

- Қазақстан Республикасының аумағында да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықта қолданыстағы авторлық құқықтарды қорғау туралы нормативтік құжаттарды зерделеу;

 - академиялық адалдық саясатын түсіндіру бойынша ата-аналар қауымдастығы арасында ақпараттық жұмыстар жүргізу;

 - сабақты, кездесулерді өткізу барысында бөтен сөздер мен ойларды ресімдеу тәсілдеріне көңіл бөлу;

 - орын алған академиялық адалдықты бұзушылық көріністерінің әрбір жағдайына қатаң есеп жүргізу. Осыған ұқсас жағдайлар туралы колледж әкімшілігіне  хабардар ету. Қажет болған жағдайда, колледж  әкімшілігінің көмегіне жүгіну;

- академиялық адалдықты қолдауға қатысты мәселелер бойынша семинарлар мен практикалық сабақтарға бару.

 

VІ. Колледж  әкімшілігі міндеттеледі:

- колледж оқытушылары мен қызметкерлерін білім алушылардың осы Кодексін түсіндіру бойынша жұмыспен қамтамасыз етуге;

- білім алушылар Кодексті бұзған кезде осы Кодексте көзделген шараларды қабылдау бойынша жұмысты үйлестіруге;

 - білім алушылардың академиялық адалдығының іске асырылуына бақылау және мониторинг жүргізіп отыруға.

VІІ. Бұзушылық түрлері

Осы Кодексте колледж білім алушылары мен оқытушыларының және қызметкерлерінің академиялық адалдықты бұзуының мынадай түрлері көзделеді,:     

 1) плагиат:

- авторлығын растамай немесе дереккөзді көрсетпестен басқа көздердің материалдарын беру, ішінара немесе толық иелену;

4 Плагиат түрлі нысанда көрінуі мүмкін:

- тиісті пунктуацияны (тырнақша) пайдаланбай, және/немесе көзін көрсетпей, дереккөзден дәйексөз келтіру;

- досы немесе басқа студентке толық немесе ішінара жазған жазбаша жұмысты ұсыну;

 - Интернеттен алынған курстық / дипломдық жұмыстарды ұсыну;

- басқа курс үшін тапсырма ретінде орындалған курстық жұмысты ұсыну.

2) сөз байласу:

- басқа оқушының кез келген бағаланатын жұмысын орындау;

3) алдау:

 - басқа да білім алушылардың бағаланатын жұмыстарынан көшіру;

 - бағаланып қойған жұмыстарды қайта ұсыну, тапсыру;

 - ұсыну орындамаған, бағаланатын жұмыстарды уақтылы орындамаған жағдайда жалған сылтаулар айту;

- топтық жұмыс болып саналмайтын, бағаланатын жұмысты екі немесе одан да көп білім алушылардың орындауы;

 - басқа білім алушыларға саналы түрде көмек көрсету: оған өзінің бағаланатын жұмысынан көшірту, кеңес беру, шпаргалка, оқулықтарды және т.б. пайдалану;

- бөтен біреудің бағаланатын жұмысын өзінікі етіп ұсыну.

4) бағалауды, бағаланатын жұмыс деректерін бұрмалау:

- бағалауды, тапсырмаға берілген жауаптарды бағалау нәтижелерін қолдан жасау;

- деректерді (үстіне қосып жазу, көшіру, түзету), яғни өлшемдер мен сұрау, сауалнаманы қадағалау нәтижелерін, зерттеу жүргізу кезіндегі басқа да әдістерді қолдан жасау;

- жазбаша бақылау жұмыстарын шамадан тыс бағалау;

- әдейі қолдан өзгерту немесе басқа білім алушының бағаланатын жұмысын бүлдіру.

 

5) бағаланатын жұмыстардың жауаптардың әділетсіз жолмен сатып алу:

 - бағаланатын жұмыстардың жауаптарын оны орындау кезінде беру;

- басқа білм алушының, педагогикалық қызметкердің немесе қызметкердің (жауаптары бар тест тапсырмаларының, емтихандық билеттер мен тапсырмалар, жазбаша емтихан тапсырмалары) көмегімен бағаланатын жұмыстар жүргізілгенге дейін материалды ішінара немесе толық алу;

 - өзінікі етіп беру үшін (курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.) бағаланатын жұмыстарды сатып алу немесе өзге де алу жолдары;

 - дайын бағаланатын жұмыстарды (курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.) сату немесе сатып алу және/немесе сатуға көмек көрсетудің басқа жолдары.

6) ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану:

 - бағаланатын бақылау жұмыстарын орындау, тестілеу уақытында электронды, сандық, қағаз нұсқасындағы ақпаратты, техникалық құрылғыларды пайдалану;

 - бағаланатын жұмыстардың кез келген жауаптарын, оған қоса электрондық пошта, компьютер және т.б. жүктеу арқылы, кез келген жолмен алу;

 - педагогикалық қызметкердің электронды, қағаз нұсқасындағы бағаланатын жұмыстарға қатысты материалдарды кабинеттен шығаруы және/немесе компьютерден көшіруі .

 VІІІ. Жауапкершілік және жаза

- білім беру үдерісінің қатысушылары академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін моральдық жауапкершілікке тартылатынын есте сақтауы тиіс;

- курстық, дипломдық жұмыстар бойынша плагиат, сатып алу және сату қарапайым ережелердің бұзу шегінен шығу ретінде қарастырылады және қоғамдастыққа 5 қатысты елеулі бұзушылық ретінде қабылданады және бөтен материалдарды пайдаланғаны үшін жазаға әкеп соғады;

- әр бұзушылық жағдайын оқытушылар тіркейді және студенттің ағымдағы немесе қорытынды жұмысы бағалау рәсіміне жіберілмейді. Студентке сөгіс жарияланады, оқудан да шығарылады;

- оқытушылар студенттер жұмысында плагиат бар-жоғы тексерілетіні туралы студенттерді ақпараттандыруға кепілдік береді.

 Академиялық адалдық осы бұзушылықтар түрлерінің тізбесі толық болып табылмайды және қажетінше толықтырылуы мүмкін.

ІХ. Кодекс бұзылған жағдайда шара қолдану тәртібі:

  1. Академиялық адалдықты бұзушылық:

- ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде;

 - қорытынды бағалауды жүргізу кезінде анықталуы мүмкін.

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде плагиат, сөз байласу анықталған жағдайда:

- оқытушы ереженің бұзылғаны туралы осы Кодекстің қосымшасына сәйкес акті жасайды, білім алушымен әңгімелесу өткізеді. Кодекстің бұзылғаны туралы акт тиісті заттай дәлелдемелермен және оқушылар жұмыстарының көшірмелерімен бірге колледж басшысына  беріледі;

- жүйелі түрде бұзушылық болған кезде (үш және одан да көп рет) оқытушы Кодекстің бұзылғаны туралы белгіленген үлгі бойынша (2-қосымша) акт жасайды. Кодекстің бұзылғаны туралы акт тиісті заттай дәлелдемелер мен білім алушылар жұмыстарының көшірмелерімен бірге колледж басшысына  беріледі, ол барлық құжаттарды Тәртіптік комиссияға тапсырады. Тәртіптік комиссияның қызметі мен міндеттері Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде әзірленген және бекітілген  колледжінің  Тәртіптік комиссиясы туралы ережеге сәйкес регламенттеледі.

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде алдау анықталған жағдайда:

 - оқытушы,  топ куратордың көзінше белгіленген нысан бойынша ереженің бұзылғаны туралы акт жасайды, білім алушылармен әңгімелесу өткізеді. Кодекстің бұзылғаны туралы акт тиісті заттай дәлелдемелермен және білім алушылар жұмыстарының көшірмелерімен бірге колледж басшысына  беріледі;

 - жүйелі түрде бұзушылық болған кезде (үш және одан да көп рет) оқытушы Кодекстің бұзылғаны туралы белгіленген үлгі бойынша акт жасайды. Кодекстің бұзылғаны туралы акт тиісті заттай дәлелдемелермен және білім алушылар жұмыстарының көшірмелерімен бірге колледж басшысына  беріледі, ол барлық құжаттарды Тәртіптік комиссияға тапсырады.

         4.Білім алушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы бағалауды өткізу кезінде бағаларды, бағаланатын жұмыс деректерін бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптардың әділетсіз жолмен сатып алу, ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталған жағдайда:

 - оқытушы академиялық адалдық ережелерін бұзу туралы актіні жасайды, топ куратордың көзінше білім алушыларға әңгіме өткізеді. Кодекстің бұзылғаны туралы акт тиісті заттай дәлелдемелермен және білім алушылар жұмыстарының көшірмелерімен бірге колледж басшысына  беріледі, ол барлық құжаттарды Тәртіптік комиссияға тапсырады.

  1. Плагиат, сөз байласу, алдау, бағаланатын жұмыс деректерін бағалауды бұрмалау, студенттің бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен сатып алуы, сондай-ақ қорытынды оқу жетістіктерін бағалауды өткізу кезінде ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталған жағдайда:

 - оқытушы немесе емтихандарға қатысуға уәкілетті тұлға белгіленген нысан бойынша ереженің бұзылғаны туралы акт жасайды. Кодекстің бұзылғаны туралы  6 акт тиісті заттай дәлелдемелермен және білім алушылар жұмыстарының көшірмелерімен бірге колледж басшысына  беріледі, ол барлық құжаттарды Тәртіптік комиссияға тапсырады. Ережені бұзған білім алушыға тәртіптік жаза қолданылады.

  1. Білім алушылардың бағаланатын жұмыстарды орындауы кезінде парақорлық, алдау, деректерді бұрмалау, курстық, дипломдық жұмыстарды сату анықталған жағдайда, оқытушы / колледж қызметкері босатуға дейін тәртіптік жазаға ұшырайды.

Осы Ереже бекітілген күннен бастап күшіне енеді және өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін қолданылады.