"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Ішкі тәртіп ережесі

ІШКІ  ЕҢБЕК  ТӘРТІПТЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Жалпы ережелер

 1.1. Осы ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері ҚР Еңбек кодексіне, ҚР «Білім туралы» заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, ұжымдық шартқа сәйкес әзірленді.  

1.2. Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі (әрі қарай – Ереже) – ҚР ЕК сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату тәртібін, еңбек шарты тараптарының негізгі құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, жұмыс режимін, тынығу уақытын, қызметкерлерге қолданылатын ынталандыру және жазалау шараларын, сондай-ақ аталған жұмыс берушідегі еңбек қатынастарын басқарудың өзге де мәселелерін реттейтін жұмыс берушінің акті болып табылады.

      1.3. Ереженің мақсаты еңбек тәртібін нығайтуға, еңбекті тиімді ұйымдастыруға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға, еңбектің жоғары сапасына қол жеткізу үшін жағдай жасауға, еңбекті қорғау мен қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға септігін тигізу болып табылады.   

      1.4. Осы Ережені жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып бекітеді.

 

Еңбек және оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

  1. Қызметкердің кінәсінен еңбек тәртібінің бұзылуы, яғни оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмауы немесе тиісті жағдайда орындалмауы тәртіптік немесе қоғамдық  ықпал ету шараларын қолдануға әкеледі.

2.Еңбек тәртібін  бұзғаны үшін оқу орнының әкімшілігі мына тәртіптік жаза қолданады:

а) ескерту;

ә) сөгіс;

в) қатаң сөгіс;

г) еңбек шартын бұзу.

Еңбек шартын бұзу тәртіптік  жаза ретінде қолданылуы мүмкін:

-еңбек шартпен немесе ішкі тәртіп ережесімен жүктелген  міндеттерді қызметкердің себепсіз жүйелі орындамағаны үшін;

-себепсіз  жұмыста болмағаны үшін (соның ішінде жұмыс уақыты ішінде 3 сағаттан аса жұмыста болмаса), сонымен қатар жұмысқа мас күйінде келгені үшін;

-қызметкердің еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін;

3.Себепсіз жұмыста болмағаны үшін (соның ішінде жұмыс уақыты ішінде 3 сағаттан аса жұмыста болмаса) спирттік ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде  жұмысқа  келгені үшін колледж әкімшілігі тәртіптік жаза шараларын қолданады – осы Ережедегі 2 тармағында қарастырылған.

  1. Тәртіптік жаза колледж директорының бұйрығымен хабарланады. Оқу орнының әкімшілігі тәртіптік  жазаны қолданудың орнына еңбек тәртібін бұзуы туралы мәселені еңбек ұжымының қарауына беруіне құқы бар.

5.Жаза қолданғанға дейін еңбек тәртібін бұзушы адамнан жазбаша түрде түсініктеме талап етілуі тиіс. Қызметкердің түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды. Тәртіптік жазаны әкімшілік тәртіпсіздікті тікелей білгенде қолданады, бірақ оны білгеннен бір айдан кеш болмауы тиіс, ауырған  уақыты  немесе қызметкердің еңбек демалысында болғаны есепке алынбайды.

6.Еңбек тәртібін әр бұзғаны үшін тек бір ғана тәртіптік  жаза қолданылуы мүмкін.

7.Жаза қолданғанда жасалған тәртіпсіздіктің ауырлығы, ол жасалған жағдай болып өткен жұмыс, ЦӘК-тің мінездемесі, бөлім меңгерушісінің мінездемесі және қызметкердің тәртібі ескерілуі тиіс.

8.Бұйрық пен тәртіптік жазаның қолданылу себебін көрсетумен қолдану жаза алған қызметкерге үш  күн ішінде оның қол қоюымен жарияланады. Қажетті жағдайда бұйрық оқу орнының басқа қызметкерлеріне жеткізіледі.

9.Егер тәртіптік жаза қолданған  күннен бастап 6 ай ішінде қызметкерге жаңа тәртіптік жаза қолданбаса, оның уақыты біткен соң қызметкер  тәртіптік  жазаға тартылмады деп есептеледі. Әкімшілік өз бастамасымен немесе еңбек ұжымының қолдауымен егер  қызметкер еңбек тәртібін басқа бұзбаса және ол өзін тек жақсы, адал жағынан көрсетсе, мерзімнің аяқталуын күтпей-ақ жазаны алып тастау туралы бұйрық шығаруы  мүмкін. Тәртіптік жаза қолдану мерзімі ішінде осы Ережеде көрсетілген  мадақтау шаралары  қызметкерге қолданылмайды.

  1. Оқу тәртібін, ішкі тәртіп Ережесін бұзғаны үшін студенттерге мына тәртіптік жазаның біреуі қолданылуы мүмкін:

а) ескерту;

ә) сөгіс;

б) қатаң сөгіс;

в) оқу орнынан шығару.

Тәртіптік жаза ретінде еңбек тәрбиесі қолданылуы мүмкін. Тәртіптік жаза тәртіпсіздік тікелей нықталғанда қолданылады, бірақ оны білгеннен бір айдан кеш болмауы тиіс (студенттің ауырғанын немесе каникулда болғанын ескермегенде) тәртіпсіздік болған күннен жаза қолдану алты айдай кешіктірілмеуі тиіс. Егер студент тәртіптік жаза қолданған күннен бастап жарты жыл ішінде жаңа тәртіптік жаза алмаса, ол тәртіптік жазаға тартылмады деп есептеледі.

11.Ай сайын оқу сабақтарын жүйелі түрде себепсіз жіберген студенттерге:

а) 18 сағат үшін – стипендия төленбейді;

ә) 24 сағат үшін – сөгіс жарияланады;

в) 36 сағат үшін – колледжден шығарылады (колледждің ішкі тәртіп ережелерін орындамағаны үшін).

 

Оқу тәртібі

1.Колледжде оқу сабақтары белгіленген  тәртіпте бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кесте  бойынша жүргізеді. Оқу жоспарлары мен кестелерінде  белгіленген каникулдың ұзақтығын  қысқартуға болмайды.

2.Колледжде рұқсат қағазымен кіретін жүйе бекітілген. Қызметкерлер мен студенттер  колледжге  рұқсат қағазымен, студенттер студенттік билетпен, жатақханаға – рұқсат қағазымен  кіре алады.

3.Оқу орнында жалпы тәртіпті күзеті мен кезекші оқытушылар қадағалайды.

4.Әр оқу тобына бекітілген формадағы  оқу сабақтарының журналы арналады.       Журнал оқу бөлімінде сақталады және топта сабақ  өтетін  оқытушыға беріледі.

  1. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз түрлі іс-шараларға студенттерді  сабақтан жіберуге қатаң тыйым салынады.

6.Сабақ кестесі бір семестрге жасаланылады және әр семестрдің басталуына 10 күннен  кешіктірілмей ілінеді. Оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша  оқуда студенттердің жүктемесі, факультативті қосқанда – аптасына 36 сағат. 

Топ  старостасының қызметіне кіреді:

а) студенттердің сабаққа келмегені және кешіккені жөнінде себептерін  көрсетумен  кураторға, оқу бөліміне күнделікті мәлімдеме береді;

ә) сабақ кестесіне оқу бөлімі енгізген өзгерістер  туралы студенттерге хабарлауға;

б) топта кезек тәртібімен күнделікті кезекші студентті тағайындайды.

Жоғарыда аталған міндеттер аясында староста жарлығы топтың барлық  студенттері үшін  міндетті.