"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Бірінші курс студенттеріне жолсілтеме

Құрметті  бірінші курс студенттері!

         Сіздерді «Талдықорған гуманитарлық–техникалық колледжінің атынан» білім күнімен және оқудың басталуымен құттықтаймыз! Сіздерді студенттік өмірдің басталуымен құттықтаймыз!  Біліңіз, Сіздің білім мен шеберлігіңіздің шыңына жылжу жолында сізге көмектесуге біз дайынбыз. Сіз тәртіпті және жауапкершілікті, еңбекқор және ынталы болыңыз! Сіздің өміріңізде жаңа кезең басталды, ол кәсіби және жеке жетістіктер үшін маңызды бастау болады. Бұдан былай Сіз Алматы облысындағы Талдықорған қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің білім алушысы болып табыласыз. (Алматы облысындағы колледждер арасында өткен «Ең үздік оқу орны» байқауында 2018ж. ІІ орын)   Біздің колледждің түлектері еліміздің экономикасы мен әл-ауқатын көтеру жолында республикамыздың түпкір-түпкірінде  жұмыс істейді.

         Колледжде сіз әрқашан өз ісіңізді таба аласыз: шығармашылықпен, қоғамдық жұмыспен, спортпен айналысу, ғылыммен айналысу, әр түрлі қызмет түрлерімен айналысуға болады.   Педагогикалық және студенттік ұжым сізге сенеді және колледждегі оқу жылдарында терең білім алып қана қоймай, білімді, білікті маман болып шығасыз. Сонымен қатар ынтымақтастық пен адами қарым-қатынасты бағалауға үйренесіз деп үміттенеміз. Сіздерге табыс, денсаулық және сәттілік тілейміз! Жолдарыңыз болсын!

         Бірінші курс студенттеріне кеңес

         Алғашқы күндері немесе тіпті апта ішінде сіз, мүмкін, белгісіз және жаңашылдықтан туындаған қолайсыздықты сезінесіз. Бірақ бұл жақын арада өтетін жаңа жағдайға бейімделумен байланысты табиғи жағдай.  Біліңіз, сіз жалғыз емессіз! Сізді үлкен және тату «студенттік отбасына» қабылдаған куратор, педагогикалық ұжым, курстастарыңыз әрдайым сізбен бірге. Сізге арналған кеңестерді міндетті түрде оқыңыз, олар біздің оқу орнымызда өзіңізді жайлы сезіну үшін қалай әрекет ету керектігін айтады.

         Бірінші кеңес

         Кабинеттердің нөмірлерін толық жаттағанша, тәртіп үшін 10-15 минут бұрын келу керек: бірінші сабаққа кешікпейсіз, барлық студенттер үшін ортақ ішкі ережелерді бұзбайсыз.

        

   Екінші Кеңес

         Кураторды жүзінен тануыңыз керек. Ол әр түрлі мәселелерді тез арада шешуге көмектесетін адам. Бірінші кездесу кезінде оның тегін, атын, әкесінің атын, байланыс телефонын жазып алыңыз. Кураторға өзіңіздің жетістіктеріңіз туралы, сіз не істей аласыз, сізде не болып жатқанын айтып, өзіңіздің нені көрсеткіңіз келетіні туралы ойларыңызбен бөлісіңіз.

         Үшінші кеңес

         Бірінші күні ақпараттық тақтада сіздің тобыңыздың сабақ кестесін табыңыз (мамандық және курс цифрі туралы есте сақтаңыз) және оны қайта жазыңыз. Тек осы мақсатта ғана қолға түскен дәптерді қолданбағаныңыз. Маңызды ақпаратты жазу үшін күнделік (еркін пішім) бастаңыз. Колледжде сабақ кестесі өзгеруі мүмкін, сондықтан оны қайта тексеріңіз.

         Төртінші кеңес

         Колледж аумағында бірнеше ғимарат орналасқан. Олар- оқу корпусы, оқу шеберханасы, қоғамдық-тұрмыстық кешен, жастар  үйі.  Курстастарымен чат топтарын құрыңыз, телефон нөмірлері мен электрондық пошта, мекенжайын жазып алыңыз. Сабақ кестесін нақтылау үшін оларға қоңырау шалуға ұялмаңыз.

         Бесінші кеңес

         Колледж кітапханасында сабаққа сапалы дайындалуға көмектесетін оқу әдебиеттері бар. Сонымен қатар инретнет желісінде берілетін мағлұматтар арқылы сабаққа дайындалуыңа, біліміңді жетілдіруіңе болады.

         Алтыншы кеңес

         Әр пән бойынша бөлек дәптер болуы керек. Мұқабаның сырт жағына пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөнін жазып алыңыз. Жазбаларды ұқыпты және уақтылы жүргізуге тырысыңыз. Дәптер студентті сипаттайды. Сондай-ақ "қосымша" сөмкеге қалам салып жүріңіз. Маңызды ақпаратты белгілеу үшін түрлі-түсті маркерлерді пайдаланғаныңыз дұрыс.

         Жетінші кеңес

         Аттестаттауға және сессияға дайындық бірінші сабақтан басталатынын есіңізде сақтаңыз.  Пәндерді жүйелі түрде оқыңыз: конспектілерді міндетті түрде жазып, оқып жүріңіз, қосымша мәліметтерді өз бетіңізше оқыңыз, сабақтарды үнемі қайталап, сұрақтарды  пысықтап отырыңыз.

         Сегізінші кеңес

         Сабақта белсенді жұмыс істеңіз: түсінбеген мәліметтерді қосымша сұрақ қою арқылы ұстаздан біліп алуға болады. Сабақта қиындық болған жағдайда оқытушыдан көмек сұраңыз. Әрқашан үй тапсырмасын орындаңыз.

         Тоғызыншы кеңес

         Сабақты өткізіп алмаңыз! Қатысушылардың және жоқ адамдардың қатаң есебі жүргізілетінін есіңізде сақтаңыз. Егер сіз оқу күнін дәлелді немесе дәлелсіз себептермен жіберіп алсаңыз, сізге әр сабақты қайталап, пысықтау керек.  Ауырып қалған жағдайда күн сайын жіберілген тақырыптарды өз бетіңізбен оқып, жеке тапсырма алыңыз және оны тиянақты орындауға тырысыңыз.

         Оныншы кеңес

         Өзіңізді лайықты ұстаңыз. Басқалармен қарым-қатынаста сыпайы болыңыз. Басқалардың пікірін құрметтеңіз. Болашақ мәдениет қызметкері екеніңізді есіңізде сақтаңыз!

         Он бірінші кеңес

         Өмір сүріңіз және жақсылықты  ойлаңыз.  Артық уайымға күш жұмсамаңыз. Студенттік өмірде өзіңізді көрсетіңіз! Талантыңызды паш етіңіз! Оқу және қоғамдық жұмыстарды бірге алып жүру керек екенін есіңізде сақтаңыз. Іс-шаралардың, конкурстардың, байқаулардың белсенді қатысушысы болыңыз.

         Жиі қойылатын сұрақтар

         Сыртқы көрініске белгілі бір талаптар бар ма?

         Біздің оқу орнымызда киімнің іскерлік стилі дәстүрлі. Жарқын макияж жасауға, ашық-шашық киінуге, қысқа юбка, биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды (қауіпсіздік мақсатында).  Жеке бастың тазалығын сақтау керек. Ұзын  шашыңызды өріңіз, шашты жинап жүріңіздер.   Жайлылық және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау үшін аяқ киіміңізді ауыстырып отырыңыз.

         Студенттер құрамына қандай жастар кіреді?

         Студенттік жылдар — бұл ерекше бауырластық уақыты. Сізге ресми құжат болып табылатын студенттік билет беріледі.

         Өз күніңді қалай жоспарлауға болады?

         Әрбір студент оқу күні оқу кестесімен регламенттелгенін есте сақтауы тиіс. Ресми рұқсатсыз ешкім сабақтан кете алмайды.  Сабақтан тыс не жоспарланғаны туралы куратор анықтап, сізге хабарлайды.

         Кім шәкіртақы алуға құқылы?

         Бірінші семестрде барлық бірінші курс студенттері шәкіртақы алады.  Екінші семестрде шәкіртақы 1 семестрдің нәтижесі бойынша есептеледі. Қанағаттанарлық бағалары бар ("3") студент алдағы семестрде шәкіртақыдан айырылады, алайда жаңа семестрдегі оқу қорытындысын жақсы аяқтасаңыз,  тағы да шәкіртақы иегері бола аласыз.     

      Бірінші курс студенттерінің білімін бақылау қалай жүргізіледі?

    Студенттер сабақ барысында жиі сұралады. Ағымдағы алған бағалары журналға, электрондық журналға тіркеледі. Қорытынды баға шығарылады.  Оқу жоспарына сай сессия тапсырады. Сессия тапсыру-емтихан тапсыру дегенді білдіреді. Емтихан, есеп тапсыру (зачет)  пәндер бойынша жүргізіледі.

         Бірінші семестр қанша созылады? Демалыс бар ма?

         Қабылданған мамандықтар бойынша бірінші курс студенттері 1 қыркүйектен бастап сабаққа кіріседі. Бірінші курстар үшін бірінші семестр 17 оқу аптасын құрайды. Демалыс 2 аптаға созылады. Әр семестрде қанша оқу аптасы мен  машықтану кестесі бар екенін  оқу процесінің кестесінен біле аласыз.

         Студенттің қабілетін жетілдіру үшін жағдай бар ма?

         Оқудың алғашқы күнінен бастап студентке  сабақтан тыс уақытта өзін  көрсетуге мүмкіндік беріледі.  Олар пән олимпиадаларының қатысушылары бола алады.  Оқытушылар, шеберлер  оларға ғылыми зерттеу үшін қызықты және өзекті тақырыптарды ұсынады. Дарынды студенттерді кәсіби шеберлік байқауларына жібереді.        

            Бос уақытты қалай ұйымдастыру керек?

         Студенттерге қосымша білім беру жүйесінің әр түрі бар.  Колледжде спорттық үйірмелер мен АӘД пәнінен үйірмелер жұмыс істейді. 

 Үйірмелер кестесі колледж сайтында бар. Бірінші қадам сен үшін! Таңдау және әрекет!

         Егер сіздің  денсаулығыңызда проблемалар болса…

         Оқу жоспарына сәйкес колледждің барлық мамандықтарында пәндер тізімінде "дене шынықтыру"пәні бар. Егер сізде денсаулыққа байланысты мәселелер болса, алдын ала (оқу жылының басында) барлық қажетті құжаттарды жинап, тиісті анықтаманы алып келіңіз. Сабақ үрдісі кезінде ауырып қалсаңыз емханаға қаралып, тиісті анықтаманы алып келіңіз.

         Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, міндетті түрде колледждің медициналық қызметкеріне жүгініңіз, ол сізді қарап, одан әрі тексеру мен емдеу үшін сізді қайда жіберуді шешеді. Медициналық қызметкер сізге алғашқы көмек көрсетеді.

         Егер бір нәрсе болса…

         Әрбір адаммен қиындық болуы мүмкін. Бас тартудың керегі жоқ. Алғашқы минуттарда үреймен күресу керек және ересек адамнан кеңес алу керек. Сізге колледж психологы ақыл-кеңесін береді. Одан кейін сіздің жанашырыңыз  кураторға айтыңыз. Егер жағдайды ересектермен ашық талқылаудан қорықсаңыз, онда  толғандырған сұрақтарыңызды қоғамдық- тұрмыстық кешен мен жатақхананың бірінші қабатында  орналасқан "Сенім жәшігіне" салуға болады. Сіз сұрағаңызға міндетті түрде жауап аласыз.

         Пайдалы ақпарат

         Сізді қызықтыратын барлық ақпарат колледждің ресми сайтында орналастырылған.

Колледж сайты: www.tdk-tgtk.kz

Колледждің электрондық почтасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Егер Сізге қандай да бір мәселені шешу керек болса, осы кестелерге қарау керек!