"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Жастар үйі

                                           

              

Ішкі тәртіп ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1. Жатақхананың ішкі ережелері оқу орнының әкімшілгімен құрылған және ол жатақхананың барлық тұрғындарына қатысты.

2. Ішкі тәртіп ережелері жатақхананың алдағы тәртіптерін нығайтуға ықпал етеді.

3. Жатақхана студенттердің оқу кезінде уақытша тұрғылықты орны болып табылады.

4. Жатақхана бөлмелері керекті жиһаздармен, төсек орындармен және қажетті құралдармен жабдықталған.

5. Жатақхананың және тұрмыстық бөлмелердің күн тәртібін оқу орнының әкімшілігі анықтайды.

 

2. Жатақханаға кіру және шығу тәртібі

1. Жатақханаға кіру әкімшілікпен арнайы берілген рұқсатнамамен жүзеге асырылады. Жүзеге асыру комендант пен медбике міндетті.

2. Жатақханаға орналасу үшін студенттер медициналық байқаудан өтеді.

3. Орналасқаннан кейін орналасушы жатақхананың ішкі ережелерімен, келісім-шарттарымен танысып, оған қол қояды.

4. Жатақханаға орналасушы электроқұралдарды, тұрмыстық техникаларды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырылады. Қауіпсіздік ережелерімен және тұру нормаларын комендант таныстырады. Жатақханаға орналасушы техника қауіпсіздік ережесі журналына тіркелу керек.

5. Жатақхананың тұрғындары әкімшіліктің немесе қызметкерлердің шешімі бойынша бөлмеден екінші бөлмеге (қажет болса) ауыстырылуы мүмкін.

6. Оқудан шығарылған жағдайда әкімшіліктің шешімі бойынша, шығару бұйрығы шыққан соң 3 күн ішінде жатақхананы босатуы тиіс.

7. Оқуды аяқтап, қолына диплом алған кейін студент жатақхананы бір күн ішінде босатады.

8. Жазғы демалыс және тәжрибе кезінде тұрғындар бөлмені , алынған төсек орынды комендантқа тапсырып, жатақхананы босатады.

9. Тұрушылар тұру тәртібін бұзу, лайықсыз тәртіп фактілерін жіберу түрінде бұзушылықтар жасаған жағдайда шартта алдын-ала қарастырылған тәртіпте жатақханадан шығарылады.

 

3. Жатақхананың тұрғындардың құқығы мен міндеттері

Тұрушы өзіне мына құқықтарды алады:

- Жатақхананың жүйеленген тұру тәртібін орындау;

Оған берілген бөлмемен ондағы құралдар мен жалпы қолдану орындарын ұқыпты, бөлмені түзу жағдайында және үлгілі санитарлық қалпында ұстау;

- Жатақхананың кеңесін сайлау және оның құрамын кіруге;

- тұрмыстық жағдайларды жақсарту мақсатында бөлмеге косметикалық жөндеулер жасау;

 

4. Жатақханада тұрушы міндетті:

- Жатақхананың ішкі ережелерін қатаң сақтануға;

- Бөлмесіне, жабдықтарына дұрыс қарау және электр энергияны, суды үнемдеуге;

- жатақхананы жақсарту мақсатындағы 40 сағаттық жұмысты атқарып шығу;

- кестеге сәйкес күн сайын жатақхананың тұрғын жайларын, тұрғын емес блогтар аумақтарын және қажет болған жағдайда жатақхананың айналасын жинау;

- мәдени шараларға қатысу және оларды ұйымдастыруға ат салысу;

- өзінің жеке мүлкін сақтауға; - жатақханадан ұзақ мерзімге кету кезінде ( ауырып қалу, демалыс) вахтерларды ескертіп, құнды заттарды тапсырып кету;

 

5. Жатақхананың тұрғындарына тыйым салындады:

- Жатақхананың тізімінде жоқ бөтен кісілерді кіргізуге, бір түнге қондыруға болмайды;

- Алкогольді және нашақорлық жағдайда жатақханаға келуге;

- Басқа бөлмелерге коменданттың рұқсатынсыз көшпеу;

- жатақхананың жайларында шылым шегуге болмайды;

- бөлмеде ит, мысықтарды басқа жануарларды ұстауға болмайды;

- терезеден қоқыстарды лақтыруға болмайды;

- терезеден заттарды және сөмкелерді ілуге;

- Музыкалық аспаптарды қатты қоюға болмайды;

- басқа тұрғындарға және қызметкерлерге бопсалау, қатігездік көрсету, жанжал және басқа бұзықтықты әкімшілік тәртіппен шешу;

- 22.00-ден 06.00-ге дейін ән салуға, радиоқабылдағыштарды, теледидарды қатты қосуға және тұрғындар демалысына бөгет жасауға тыйым салынады;

- Әкімшіліктің рұқсатынсыз дискотека құруға;

- өз қалауымен бөлмелердің кілттерін ауыстыруға болмайды;

- тұрғын емес жайларға өз бетімен кіруге тыйым салынады;

 

6. Алғыстар мен сөгістер:

- егер жатақхананың ішкі ержелерін сақтап, мәдени шараларға қатысып, жатақхананың жақсаруына ат салысып жүрсе әкімшілік алғыс жариялайды немесе ақшалы сыйлар табыс етіледі.

 

7. Белгеленген тәртіптерді бұзған үшін мынадай жазалар қолданады:

- ескерту;

- сөгіс;

- жатақханадан шығарылу