"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтарының ЦК

Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтарының циклдік комиссиясы

 

 

Жетекшісі:  Рысбеков Нуркен Ертанович  07.08.1981ж

Білімі: жоғары

 

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті:   мамандығы 032040 – «Еңбек технологиясы  және кәсіпкерлік мұғалімі» біліктілігі берілді   (2003-2008)

ЦК құрамы:

  1. Рысбеков Нуркен Ертанович
  2. Абілкаримов Шалқар Абілкаримұлы
  3. Байбатжанов Ержан Касейнұлы
  4. Кочурбаев Алмұрат Сағымбайұлы
  5. Бокамбаев Сакен Бақытұлы
  6. Мұқанджан Ержан Бақытұлы
  7. Станов Бекболат Султанұлы
  8. Болатбек Нұрсауле
  9. Барсаев Ерқанат Рахымбердіұлы
  10. Тагаев Есенбай Худжабекұлы
  11. Джарикбасов Олжабий Онумбайұлы

ЦК жетістіктері:

  • 2018 жылы «Worldskills Тaldykorgan» чемпионатына «Электр газымен дәнекерлеуші»  мамандығы бойынша Әбілхан Абат жүлделі ІІ орынды иеленсе, 

 

  • 2018 жылы «Worldskills Тaldykorgan» чемпионатына «Электромонтер» мамандығы бойынша Дүйсенхан Дамир  «Бас жүлдені»  жеңіп алды.

 

  • Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты облыстық байқауына колледжіміздің «Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері» мамандығының ІІІ курс білім алушысы Елубек Сейтжан І орын иеленді.

 

 


«Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі өтілуде.

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде жоспарға сай «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі өтілуде. Бүгін  онкүндіктің ашылу іс-шарасы болып өтті.  Онкүндіктің алғашқы күнінде әр топ өз мамандықтарын таныстырып, дәріптеді.

       

       


«Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары циклдік комиссиясы онкүндігі «Бәсекеге қабілетті мамандар әлемі» атты іс шарасымен жалғасын тапты.

     Желтоқсанның 11 күні «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары циклдік комиссиясы онкүндігі «Бәсекеге қабілетті мамандар әлемі» атты іс шарасымен жалғасын тапты. «Ата кәсіп-елге нәсіп» деп дана халқымыз айтқандай, мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа көзқараспен қарауына орай колледждің мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау болып отыр. 
Осы мақсатты жүзеге асыруда колледж ұжымы қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес, нәтижелі жұмыс жүргізе алатын, құзіреттілігі жоғары білікті маман даярлауда аянбай еңбек етуде.

      

      


10 желтоқсан күні "Дәнекерлеу ісі" мамандығының өндірістік оқыту шебері Е.Байбатжанов 3 курс студенттерімен "Газ жалынымен" дәнекерлеу" тақырыбында ашық сабақ көрсетті.

         


 Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі аясында «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері С.Бокамбаев ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында 274 топ студенттері оқу-жаттығу алаңында автогрейдер және тракторды жүргізіп, жаттығу жұмыстарын орындады.

      

     «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі аясында "Жиһаз өндірісі" мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Ш.А.Абилкаримов ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы 1 курс білім алушыларына, тақырып бойынша теориялық білім беріп қана қоймай, жұмыс жасау технологиясын көрсетіп, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырды.

       

     «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі аясында "Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары" мамандығының өндірістік оқыту шебері Е.Х.Тагаев " Үш фазалы және бір фазалы электр есептеуіштерді қосу" тақырыбында шебер-класс көрсетті. Шебер-кластың мақсаты World Skills стандарттарына сәйкес ішкі тораптарды қозғалыс датчигі арқылы монтаждау және асинхронды қозғалтқышты үш фазалы электр санауыш арқылы токқа қосу сұлбасы арқылы жинау; инновациялық технологияны қолдана отырып АСКУЭ жүйесінде қолданылатын электр санауыштармен жұмыс істеуді көрсету.