"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Оқу бөлімі

 

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ БӨЛІМІНІҢ  ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

 

1.1.Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің оқу бөлімі  колледждің оқытушыларын кеңінен қатыстыра отырып оқу үрдісін кәсіптік дәрежеде  бағыттайтын және ұйымдастыратын оқу жұмысының орталығы болып табылады.  

       Оқу бөлімі тікелей колледж директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бағынады  және бөлім меңгерушісімен тығыз  қарым – қатынаста болады.

Оқу бөлімінің жұмысын Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары басқарады, қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.

Оқу бөлімінің құрылымы мен штатын, алда тұрған мақсаттың ерекшелігі мен жағдайына сүйене отырып, сондай – ақ  оқу бөліміне жүктелген қызметтің көлемін ескере отырып, колледж Директоры бекітеді.

Оқу бөлімі өз жұмысын колледж Директоры бекіткен, колледждің жылдық оқу – тәрбие жұмысының жоспары бойынша жүзеге асырады.

Оқу бөлімінің барлық шешімдері Директордың бұйрығымен немесе колледж бөлімдерінің   өкімімен жүргізіледі.

Оқу бөлімі өз қызметінде ҚР БЖҒМ  нормативтік құжаттары мен бұйрықтарын, колледждің бұйрықтары мен өкімдерін, мемлекеттік білім беру стандартын, типтік және жұмыс жоспарларын, ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды және осы Ережені  басшылыққа алады.

 

  1. Ұйымдастыру құрылымы және қызметкерлердің қызметтік міндеттері:

 

2.1. Оқу бөлімінің құрамына оқу үрдісін ұйымдастыратын және бақылау жасайтын, статистикалық талдау мен есеп беретін бөлім мен хатшы  кіреді.

2.2.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары :

- оқу – нормативтік құжаттарды әзірлейді, жоспарларды басқаруды қамтамасыз  етеді, оқу үрдісін ұйымдастырады;

- оқу үрдісін ұйымдастыру мен басқаруды «Білім туралы» Заңына, орта арнаулы оқу орындары туралы типтік Ережелерге, ҚР БЖҒМ нормативтік құжаттары мен нұсқауларына, колледж Директорының өкімі мен бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады ;

- жұмыс жағдайын талдауды, оны дамыту бойынша іс – шаралар әзірлеуді және колледждің оқу қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтерді даярлауды жүргізеді ;

- ҚР орта арнаулы білім берудің Мемлекеттік Стандартының талабына, ҚР БЖҒМ нұсқауларына  сәйкес жоспарланған оқу құжаттарын(оқу жоспары, бағдарламалары, оқу үрдісінің кестесі) әзірлеуді бақылайды;

- жылдың қорытындысы бойынша бөлімдердің, ПК-ның жұмыстарын тексереді, таратады және Облыстық білім басқармасына  оқу жылы бойынша  есеп береді ;

- бөлімдермен бірлесе отырып жаңадан ашуға болатын мамандықтар мен қосымша мамандықтар жайлы негіздеулер мен дәлелдемелер, қабылданатын оқушылардың жоспарын даярлау;

- өз құзырлылығы деңгейінде Облыстық білім басқармасымен оқу үрдісі бойынша хабарласа алады ;

- ҚР орта арнаулы білім берудің Мемлекеттік Стандартының талабынасәйкес бөлімдер мен ПК оқу үрдісін жоспарлауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

- оқытушылар құрамының оқу жүктемесінің орындалуына бақылау жасайды;

- колледждегі, бөлімдердегі және ПК оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді

- мемлекеттік және ағымдағы емтихандар, сынақтар мен сабақ кестелерін құрастыру мен тұрақтылығын бақылайды;

- кітапхана мен біріге отырып мамандықтардың оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілуін талдайды, шешімдердің жобасын әзірлейді;

- компюьтер класының, оқу үрдісіне ақпараттық технологияны енгізуді қадағалайды;

- аттестаттаудың аралық және қорытынды бақылауларын ұйымдастырады және өткізеді, кешенді тестілеуге, оқу үрдісінің сапасына, сыртқы сараптамалар жасауға  бақылау жүргізеді  ;

- мамандықтар бойынша барлық пәндерден  қажетті оқу құралдарының бар болуын қадағалайды;

-  колледждің есеп бөліміне статистикалық есептің берілуін бақылауды жүзеге асырады;

- студенттердің жеке іс құжаттарының жүргізілуін, бұйрықтарды рәсімдеуді  бақылауды жүзеге асырады;

- студенттердің дипломдарын, академиялық анықтамаларын, студенттік билеттерді рәсімдеуді бақылайды;

- бөлімдер мен ПК құжаттар бланкаларымен қамтамасыз етілуін қадағалайды;

- Облыстық білім департаментімен студенттерді грантқа өткізу туралы келісім сұрайды  2.3.Бөлімдер .

Оқу үрдісін ұйымдастыру  бойынша бөлімдер, жұмысты жетілдірудің жалпы стратегиясын құрастыратын колледждің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.        Мамандар даярлауда, студенттер мен оқытушыларды  аттестаттауда  деңгейлерін бағалау мен олардың жұмыстарының талапқа сай екендігін бағалау  мақсатында  сапаны бақылау мен басқарудың жедел ұйымы қызметін атқарады.

2.4.Оқу бөлімінің хатшысы

- студенттердің жеке құжаттарына жауап береді;

- студенттердің жеке құжаттарын қабылдайды, рәсімдейді, біріктіреді ;

- түлектердің жеке құжаттарын  рәсімдейді және мұрағатқа өткізеді;

- студенттер контингентінің қозғалысының есебін жүргізеді (қабылдау, шығару, қайта отырғызу, академиялық демалыс, басқа оқу орнынан ауысу және курстан курсқа көшіру);

- оқу үрдісіне қатысы бар барлық бұйрықтар мен таратуларды басып шығарады ;

- колледждің аудиторлық қорына есеп жүргізеді және бақылайды;

- сабақтың өтілмей қалуын, емтихан мен сынақтардың ауыстырылғаны туралы уақтылы хабарлап отырады;

- бекітілген оқу сабақтарының кестесінің орындалғанын бақылауды жүзеге асырады; 

- іссапар , ауырып қалу т.б. себептерге байланысты оқытушылардың сабақтарын өз уақытында ауыстырады ;

- Оқытушылар құрамының жұмысын есептеу табелін жүргізеді;

- колледж бойынша  оқушылардың алфавиттік кітабын жүргізеді

 

  1. Оқу бөлімінің негізгі міндеттері

- оқу үрдісін ұйымдастыру мәселесі бойынша ҚР БЖҒМ нормативтік құжаттарына, колледж Жарғысына және осы Ережеге сәйкес бөлімдер мен ПК- да  оқу құжаттарының бар екендігін бақылайды ;

- таңдаған кәсіби қызметі саласында алған орта арнаулы білімі тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыратындыра алуы;

- кітапхана мен біріге отырып мамандықтардың оқу әдебиеттерімен және арнаулы әдебиеттермен қамтамасыз етілуін талдайды;

- оқу жұмысы саласындағы оқу үрдісіне оқу үрдісін оптималдандыруға бағытталған жаңа технологиялармен  озық тәжірибелерді зерттеу, енгізу, тарату;

- мемлекеттік білім стандартына сәйкес барлық мамандықтар бойынша оқу – нормативтік құжаттарын жетілдіру;

- оқуды жоспарлау ;

- оқу үрдісі бойынша бөлімдер мен ПК қызметін үйлестіру;

- аттестаттау, тексеру кезінде анықталған кемшіліктер бойынша оқу бөлімшелерінде жедел шара қолдану кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту, тексерудің сапасы мен нәтижелілігін арттыру;

- ағымдағы нұсқауларға сәйкес педагогикалық жүктемелердің нормативтері мен оқу үрдісінің кестесін әзірлеу, оларды орындалуын  қадағалау ; 

- оқу жоспары мен штаттық нормативтерге сәйкес педагогикалық жүктемелерді бөлімдер мен ПК  бөлу, ПУ жүктемелердің дұрыс бөлінуін қадағалу . 

 

  1. Оқу бөлімінің қызметі

 

- бөлімдер және ПК бірлесе отырып мамандықтар мен мамандандыру номенклатурасы бойынша  ұсыныстар даярлау;

- оқу жұмыс жоспары мен оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу мен таратуға басшылық жасайды;

- мамандар даярлау құрылымын жетілдіру, мамандықтар бойынша мамандар даярлауды ашу және жабуға  байланысты  ұсыныстар әзірлейді ;

- оқу үрдісінің сапасын талдау мониторингі мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады; 

- бақылау – талдау әрекетін, емтихан  - сынақ сессиясын даярлау мен жүргізуді өткізуге бақылау жасауды жүзеге асырады, емтихан құжаттарын талдайды; 

- оқыту сапасын жақсарту , оқу үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

- аралық бақылау мен сессия бойынша бақылау нәтижелерін талдауды жүзеге асырады;

- 2НК статистикалық есептеулерді жүзеге асырады

- оқытушылар құрамын аттестаттау жұмысына қатысады.

 

  1. Құқығы

 

  Колледждің оқу жұмысын жедел  басқару  органы ретінде оқу бөлімі құқылы:

- бөлім меңгерушілері мен ПК жетекшілерінен қажетті материалдар мен хабарларды сұрауға және алуға ;

- аудиториялық сабақтарға, емтихандарға, бақылау жұмыстарына, курстық жұмыс пен диплом жұмыстарын қорғауға, мемлекеттік емтихандарға қатысуға;

- оқыту сапасын арттыру бойынша , оқу үрдісін жоспарлау мен ұйымдастыру мәселесін жетілдіру бойынша , колледж қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге ;

- әдістемелік семинарлар, конференциялар, кеңестерге қатысуға;

- тәжірибе алмасу мен оқытуды басқаруды дамыту мақсатында басқа оқу орындарының туыстас бөлімшелерімен қарым – қатынас орнатуға міндетті.