Қысқы педагогикалық оқылым - 2020
Колледждің жылдық жоспарына сәйкес 13 қаңтар күні колледждің инженер-педагогтары арасында "Қысқы оқылым -2020" күндері өз жұмысын бастады. Қысқы оқылымның алғашқы күніне Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ш.Исаханова қатысып, модульдік құзыреттілікке негізделген оқу-жоспарлау құжаттары бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар колледж әдіскері Ж.Ахметова және директордың КОЖ орынбасары А.Бюлюкеева оқытушылар мен ө/о шеберлеріне "Оқу үрдісінде модульдік оқытуды дамытудың жолдары" тақырыбында әдістемелік ұсынымдарын бойынша бағыт-бағдар беріп, колледж психологы Ұ.Джакубаева психологиялық тренинг өткізді