Колледждің әдістемелік мәселесі:
Мамандар даярлауда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Мақсаты:
Білім беруді жаңғырту жағдайында әдістемелік қызметтің мазмұнын жаңарту және педагогикалық ұжымға болашақ құзырлы маманды қалыптастыру үшін педагогикалық дағдыларды жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
- білім үрдісіндегі оқу-әдістемелік кешендерін жасау мен жаңартуда оқытушыларға көмек көрсету;
- жаңа технологиялар мен алдыңғы қатарлы әдістемелерді, озат педагогикалық іс- тәжірибе таратуды;
- педагогтарға ашық сабақ, әдістемелік материалдарды дайындауда, инновациалық бағдарламалармен технологияларды оқып енгізуде әдістемелік кеңес беру;
- педагогтардың біліктілігін көтеруді жоспарлау мен ұйымдастыру;
- колледжде педагогикалық оқуларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру;
- педагогтардың республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, конференцияларға, семинарларға қатысуын ұйымдастыру;
- колледждің ұжымының педагогикалық шеберлік шығармашылық байқауларды ұйымдастыру;
- колледж жұмысының тиімділігін арттыруда ішкі құжаттар үлгісін жасау;
- редакциялық баспасөз қызметін ұйымдастыру;
- білім үрдісінің мазмұнын инновациялық кәсіби білімдік бағдарламалар арқылы және инновациялық педагогикалық технологиялар мен оқытудың әдістерін қолдана отырып жетілдіру;
- педагогтар мен студенттердің әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын, шығармашылық қызметтерін дамыту;
- педагогикалық ұжымның тәжірибелерін тарату мен жинақтау және оларды ұжым жұмысына енгізу;
- педогог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін көтеру жұмыстары;
- білім беру үрдісіне модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу;
- оқытудың дуальды жүйесін енгізу;
- оқытушыларды сабақта және сабақтан тыс қызметінде құзыреттілік тәсілді пайдалануға оқыту бойынша әдістемелік жұмысты жобалау;
- ПЦК шеңберінде колледж педагогтарының жұмысына әдістемелік жетекшілік ету;
- әлеуметтік әріптестермен жұмысты ұйымдастыру;
2016-2017 оқу жылына ИПК сандық және сапалық көрсеткіштері
Оқытушылардың жалпы саны 43: олардың ішінде штаттық - 43 қызметкер. Жоғарғы білімді - 41 (95%). Жоғары санатты оқытушылардың саны - 13 (30%), бірінші санатты - 11 (26%), екінші санатты - 9 (21%), санаты жоқ – 10 (23%). Соның ішінде педагогика ғылымдарының магистрі -2, Оразова Б.Қ, Нусупбеков Н.Қ, математика магистрлері –Қанатқызы З, М.Жұман.
2017-2018 оқу жылына ИПК сандық және сапалық көрсеткіштері
Оқытушылардың жалпы саны 48: олардың ішінде штаттық – 48 қызметкер. Жоғары білімді - 47 (98%). Жоғары санатты оқытушылардың саны - 14 (29%), бірінші санатты - 7 (15%), екінші санатты - 11 (23 %), санаты жоқ - 16 (33%) Соның ішінде педагогика ғылымдарының магистрі - 2, Е.Н.Саякупова, Г.Е.Макенова, математика магистрлері - Қанатқызы З, М.Жұман.
2018-2019 оқу жылына ИПК сандық және сапалық көрсеткіштері
Оқытушылардың жалпы саны- 49: штаттағы - 49. Жоғарғы білімді - 43(89%). Жоғары санатты оқытушылардың саны - 15 (31%), бірінші санатты - 7 (15%), екінші санатты – 11 (23%). Санаты жоқ - 15 (31%). Соның ішінде математика білім магистрі – 1, педагогика ғылымының магистрі-1.
2019-2020 оқу жылына ИПК сандық және сапалық көрсеткіштері
Оқытушылардың жалпы саны- 48: штаттағы - 48. Жоғарғы білімді - 43(89%). Жоғары санатты оқытушылардың саны - 15 (31%), бірінші санатты – 6 (13%), екінші санатты – 9 (18%). Санаты жоқ - 18 (38%). Соның ішінде математика білім магистрі – 1, педагогика ғылымының магистрі-1.
Білім жетілдіру курсынан біліктілігін арттыру көрсеткіші
Оқу жылы |
2016-2017 |
2017-2018 |
2018-2019 |
2019-2020 |
Барлығы ИПК |
43 |
48 |
49 |
48 |
Біліктілікті арттыру курстары өтті |
20 |
27 |
32 |
10 |