"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

 

Карипжанова Хафиза Советқызы

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

1967 жылы дүниеге келген. 1992 жылы Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын үздік дипломмен бітірген. Хафиза Советқызы жастардың рухани адамгершілікті,  салауатты өмір салтын ұстанған, елі мен жерінің тарихын терең білетін, елжанды азаматтар болып тәрбиелену жолында қажырлы еңбек сіңіріп келе жатқан педагог.  Қазақ тілінің  мәртебесін көтеріп, ұлттық әдеп-ғұрыпты жастардың бойына қалыптастыру жолында ғылыми-әдітемелік  жұмыстармен айналысады. Мақалалары республикалық, облыстық журналдарда  жиі жарияланады. Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» және облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» бірнеше рет және 2017 жылы "Ұлағатты ұстаз" төсбелгісімен, 2018 жылы Алматы облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының "Алғыс хатымен", "Білім беру ісіне сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.