"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Колледж директоры

                                                          

1. Тегі,  аты,  әкесінің аты

Джумадилов Асет Казыивич

2.Туған  күні

15.12.1967ж

3.Білімі жөніндегі мәліметтер (оқу орнының аты,уақыты, білімі бойынша мамандығы)

Жоғары. 1987-1992 жж І.Жансүгіров атындағы ТКПИ, еңбек және жалпы техникалық пәндер мұғалімі;

Біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәлімет

 1.2016ж. «Развитие компетентности персонала учреждений профиссионального образвания в соответствии со стандартами WorldSkills»;

2. 2016 ж.  Балтика және Скандинавия елдерінің EuroSkills 2016 чемпионатында  тәжірибе көрсету бағдарламасына қатысқаны жайлы сертификаты;

3. 2016 ж. Беларусь Республикасында тағылымдамадан өткені жайлы куәлік;

4. 2017 ж. «Эффективное управление организацией технического и профессионального образования. Система менеджмента качества и образовании на основе международного стандарта ISO 9001» ALMA AMU;

5. 2018 ж. «Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу  теориясы, әдістемесі мен технологиясы» «ТжКБДжБ, РҒӘО»АК;

6. 2018 ж. «Қазақстандағы Туриндік процесі» МОН РК «Кәсіпқор» Холдингі;

4.Атқарылатын лауазымы, тағайындалған күні, біліктілік санаты

Колледж директоры, 2013 ж.

 

5.  Жалпы еңбек өтілі

34 жыл

6. Осы білім ұйымындағы еңбек өтілі

27 жыл

Джумадилов Асет Казиевич өзінің еңбек жолын 1992 жылдан бастап, жемісті еңбек етіп жүрген маман. Колледжде еңбек еткен жылдары өзін білікті, әрі тәжірибелі маман, жақсы ұйымдастырушы ретінде таныта білді.

 2003 жылы директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары,  2013 жылдан бері колледж директоры қызметін атқарып келеді. Асет Қазиевич барлық күш-жігерін осы колледждің  алға қойған мақсаттарына жету барысында аянбай қызмет атқарып жүр. Оқу мекемесінің тек алғы шептен көріне беруіне үлесін қосып қана қоймай, осы бағытта еңбек етуді барлық ұжымға талап қоя білетін білікті басшы. Шығармашылық ауқымы кең, жаңашыл, үнемі ізденіс үстінде жүреді.

            Сонымен қатар колледжде жұмыс істейтін педагогтардың ғылыми, шығармашылық жұмыспен айналасуына мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде әрбір оқытушы мен шебер өз жұмыстарын ғылыми түрде ұйымдастыра алады. Асет Қазыйұлы жаңашыл, жаңалыққа жаны құмар, педагогикалық тәжірибесі өте бай оқытушы. Жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ізденімпаз, ұжым арасында беделді, бастамашыл, шығармашылықпен жұмыс істей алатын білікті басшы. Өз білімін жетілдіру мақсатында үздіксіз арнайы әдебиеттерді оқиды, кәсіптік білім мазмұнына үнемі өз үлесін қосады, білім берудің әртүрлі әдістемелік жолдарын қолданады. Өзінің жұмысында табандылығымен шынайы көзқарасы бар тәжірибелі еңбекқор адам. Білімгердің бойындағы қабілеттерін дамытып, оларды жетілдіруге ықпал етіп отырады. Студентті болашақта өз бетімен әрекет ете білетін тұлға ретінде тәрбиелеуді мақсат тұтады.   

Асет Қазыйұлы - өскелең ұрпақты тәрбиелеуде зор үлес қосып келе  жатқан,  алға қойған мақсат - міндеттерін орындауда жауапкершілікпен қарайтын, өзінен кейінгі жас мамандарға үлгі бола білетін өнегелі оқытушы, жас мамандардың ақылшысы мен көмекшісі.Қала, облыс, Республика көлемінде өткізілген  іс-шараларға үнемі белсене қатысады. Осы еңбектері ескеріле отырып,  ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, облыстық білім басқармасының, Нұр Отан  партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтатын болсақ Әсет Қазыйұлының еңбектегі жемістеріне төмендегі жетістіктері куә.

Педагогтің кәсіптік қызметі нәтижелерінің динамикасы:

  • 2015 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
  • 2015 ж. «Гордость экономики» ордені;
  • 2016 ж. «Мұсабек Сеңгірбаевтың туғанына – 100 жыл» мерекелік медалі, ҚР Алматы облыстық соғыс және әскери қызмет Ардагерлер қауымдастығы;
  • 2016 ж. Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының «Алғыс хаты»
  • 2017 ж. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
  • 2017 ж. «За вклад в развитие образования»  төсбелгісі;
  • 2018ж. «Үздік директор – 2018» төсбелгісі «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы;
  • 2018 ж. Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Алғыс хаты»;
  • 2018 ж. ҚРБжҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Алғыс хаты»;
  • 2018 ж. ҚР МҚІ және Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы департаментінің «Алғыс хаты»;
  • 2018 ж. «Үздік директор – 2018» «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының І дәрежелі дипломы;