Колледж миссиясы:
Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес, нәтижелі жұмыс жүргізе алатын, құзіреттілігі жоғары білікті маман даярлау.
Көзқарас: гуманитарлық және техникалық сала қажеттілігі үшін кәсіби құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда Республикамыздың жетекші колледждерінің қатарына ену.
Стратегиялық бағыттары:
- Мамандардың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру.
- Білім алушылардың дамуы үшін, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін жағдайлар жасау;
- Жұмыс берушілер мен кәсіби білім беру қызметін тұтынушылардың білімінің сапасы мен кәсіби дайындығы мазмұнының еңбек нарығының талабына сай келу сұранысын қамтамасыз ету;
- Жаңа мамандықтар ашу немесе мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығын зерттеу;
- Әлеуметтік серіктестікті кеңейту, олардың кадр дайындау мәселесіндегі сұраныстарын ескеру үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу;
- Кәсіби қызметтің, кәсіби тәжірибенің және білім берудің технологияларын оптимизациялау, білім алушыға қызметтің жаңа әдістері мен түрлерін меңгерту арқылы өмірлік қажеттілігі бар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үйрету.
- Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу: дуальді оқыту жүйесі, модульдік бағдарламалар;
Стратегиялық міндеттері:
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының адамгершілік-рухани құндылықтары мен салауатты өмір салты мәдениетінің нығаюына жәрдемдесу;
- колледждің инженер-педагог қызметкерлері мен қызметкерлердің кәсіби жетілдіруге және өзін-өзі танытуға, білім деңгейін арттыруға, шығармашылығын дамытуға оңтайлы жағдай жасалуын қамтамасыз ету.
- Оқу-тәрбие үрдісін дамыту үшін заманауи техникалық және инновациялық ресурстармен жабдықтай отырып, колледждің оқу үрдісіне үштілділік және модульдік оқыту жүйесін енгізу арқылы жұмысшы мамандарды және орта буын мамандарын даярлау;
- Колледждегі ғылыми әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, тәжірибелі оқытушылардың іс-тәжірибесін тарату, кәсіби біліктілік деңгейін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту, талантты және дарынды студенттермен кешенді жұмыс жүйесін дамыту;
- Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу;
- Жаңа білім мазмұны аясында жастарды тәрбиелеудің идеологиялық және саяси стратегиялық мазмұнын қамтамасыз ету;
- Еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына талдау жүргізу және түлектерді жұмыспен қамту;
- Ақпараттық коммуникативтік технология мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім беруді ақпараттандыру және технологияландыру үрдісін жақсарту;
- Инженер педагогтардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру;
- Жаңа педагогикалық және заманауи ақпараттық технологияларды одан әрі пайдалану. «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ дайындаған, модульдік технология бағдарламаларын енгізу.
- Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін мотивация және ынталандыру жүйесі ретінде бағалаудың рейтингтік жүйесін жетілдіру.
- Колледждің материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылық-экономикалық жүйесін жетілдіру;
Колледждің миссиясы, мақсаттары, саясаты ұлттық білім беру жүйесінің мақсаттары, міндеттері мен басымдықтарына сәйкес келеді. Колледждің педагогикалық ұжымы Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің даму тұжырымдамасына, білім беру мекемесінің міндетіне, көзқарасына және саясатына сәйкес білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаттары мен міндеттерін белгілейді.