"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Жаңалықтар

Тарих пәнің оқытушысы Д.Қ.Идрисова жаңартылған білім беру мазмұнына орай ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында білім алушылардың белсенділіктері жоғары болып, сабақ қызықты өтті.


АӘД пәнінің оқытушысы Шарипов Е.К. "Мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастыру және ұрыстық мүмкіндіктер" деген тақырыпта ашық сабақ берді. Ашық сабақ барысында әскер өнер мен әскери тактикалар "Жиhаз өндірісі" мамандығында білім алып жатқан болашақ Отан қорғаушыларға кеңінен насихатталды.

      


ЖББ ПЦК апталығының қарсаңында физика пәнінің оөытушысы К.С.Айнагулова  ашық сабақ көрсетіп, қашықтықтан оқыту кезіндегі барлық мүмкіндерді қолданды. "Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидалары және тәжірибелік дәлелдемелері. Молекула массасы мен өлшемі" деген тақырыпта білім алушылармен жұмыс жасап, тіпті сабақ барысында тәжірибеде көрсетті.

   


23.11.2020 күні ЖББ ПЦК апталығында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Шешенгельдинова Д.Т. "Спорттың адам өміріндегі пайдасы. Мәтіндегі сөйлемдердің орын тәртібі" деген тақырыппен жаңартылған білім беру мазмұнында ашық сабақ көрсетті. Сабақта ақпараттық-коммуникативті технология элементтері қолданылып, сабақ жоғары деңгейде өтті.

      


Жалпы білім беретін пәндердің апталығында дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы  Қасымбек Е.Қ. "Екі қолмен кеудеден айыптық допты себетке лақтыру. Екі жақты ойын ойнау" тақырыбында ашық сабақ өткізіп, білім алушыларға дене тәрбиесінен қашықтықтан оқыту кезінде теориялық білім берді. ашық сабақ өз деңгейінде өтіп, білім алушылардың белсенділігі жоғары болды

         


Талдықорған гуманитарлық-техникалық коллеждінің дебатшыларының "НАРТӘУЕКЕЛ" тобы Талдықорған қаласындағы жастар ресурс орталығының ұйымдастыруымен мемлекттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне арналып өткен  дебат сайысында жүлделі 3-орынға ие болды.


«Абай әлемі» (Абай шығармаларына иллюстрациялар) тақырыбында Республикалық жас суретшілер байқауы

     Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «Абай әлемі» (Абай шығармаларына иллюстрациялар) тақырыбында Республикалық жас суретшілер байқауына колледжіміздің «Дизайн» мамандығының ІІ,ІІІ курс білім алушылары қатысып жүлделі орындар иеленді.
Дарибаева Ботагөз – І дәрежелі диплом
Найманова Аружан - ІІІ дәрежелі диплом
Қабдеш Аружан, Жамалбек Жанбота, Идрышев Гани сертификат
Білім алушыларға жетекшілік жасаған оқытушылар А.Асқаров, М.Найманова, А.Оразалина «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Жеңістеріңіз және марапаттарыңыз құтты болсын!


"Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу"

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 25 қыркүйек күні студенттермен Талдықорған қаласының ІІБ қызметкері, колледж инспекторы Б.Жанысбековтің "Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу" онлаин кездесуі өтті. Кездесуге студенттермен қатар директордың орынбасары Х Карипжанова мен барлық топ кураторлары қатысты. Кездесуде Б.М. Жанысбеков жастар арасында көп кездесіп жатқан құқықбұзушылық әрекеттер, яғни мезгілсіз уақытта көшеде жүру, қақтығыс, төбелес, ұрлық, түнгі кезде кафелерде жұмыс істеу т.б мәселелерді қозғады. Студенттерге кәмелеттік жасқа толғанға дейін тәртіп бұзған жағдайда әкімшілік жаза ата -аналарына қолданылу жолдарын айтты.Қазіргі кезде қоғам болып әр адамның бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескертті.. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Карипжанова қиындық жағдайларға тап болсаңдар топ кураторы мен психологқа, кез келген колледж педагогына хабарласуларын тапсырды.

      


     "АИТВ/ЖИТС таралу қарқынының алдын алу "тақырыбында ONLINE семинар"


     "Қос қанат Жетісу" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 23 қыркүйек күні карантиндік іс-шараларға байланысты шектеулерді ескере отырып, жасөспірімдердің денсаулығын сақтау бойынша 1 курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта семинар ұйымдастырылып өткізілді. Іс - шараның негізгі мақсаты:Талдықорған қаласының білімгерлер арасында ЖИТС-тің алдын алу,қауіп-қатерге салауатты баламаларды қалыптастыру. Семинарға колледждің орынбасары Х.Карипжанова, психолог У. Джакубаева, медбике А Есенеева және 1-2 курстардың студенттері қатысты. Семинарды Талдықорған қалалық №1 емханасының инфекционист дәрігері Смайлова Айгүл Мұсағұлқызы жүргізді. Смаилова Айгүл Мусагуловна ВИЧ, СПИД-тен қорғану жолдарын,жұқтырудың қаупін,емделу тәсілдерінен мағлұмат берді.Студенттерге салауатты өмір сүруді насихаттады.Колледж директорының орынбасары Хафиза Советқызы Карипжанова студенттерге осындай қиын кезде таза жүріп, кездейсоқ оқиғалардан алыс болуларына ақыл -кеңес берді.

      


Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 қыркүйек -Білім күніне арналған
" Айбары асқақ Ата Заң! " атты онлаин ашық тәрбие сағаты өткізілді.

     Тәрбие сағатында барлық топтың студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтай келе, пандемия кезінде шыдамдылық пен сабырлық сақтап, білім алу жолында аянбай шыңдалуларын тіледі. Тәрбие сағатында еліміз үшін ата заңымыздың маңызы мен адам өмірі үшін қажеттілігі де кеңінен талданып, бейнебаяндар көрсетілді

 


Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі Сіздер үшін карантин жағдайында оқуға қабылдау сұрақтары бойынша виртуалды комиссиясы жұмыс жасайтын хабарлайды.

 

Онлайн режимінде сұрақ қою үшін ZOOM-ға төмендегі идентификатор және пароль арқылы кіресіз
1. идентификатор 703 194 2075
2. пароль:12345
Виртуалды қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-сенбі күндері
9:00 ден 13:00 ге дейін;
14:00 ден 18:00 ге дейін.


Бүгін Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде соңғы *Дизаин* мамандығы бойынша 3 жыл оқыған студенттерге диплом тапсыру рәсімі ұйымдастырылды.

     Барлық карантин талаптары негізге ала отырылып, іс шара жақсы ұйымдастырылды. Оқу бітіруші 270топ студенттері колледжде білім мен тәрбие берген барлық ұстаздар қауымына шексіз алғыстарын білдіріп, рақметтерін айтып, ән арнады.

    


"Дизайн" мамандығының бітіруші 270-тобының дипломдық жұмыстарын қорғау сәті

      


"Нәтижелі жұмыспен қамту" тобына диплом тапсыру сәті

      

      


Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі 2019-2020 оқу жылының қорытынды емтихандарын оқу жылының кестесіне сәйкес бастады.

     Алғашқы қорытынды емтихандарды «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша оқитын 4 топ тапсырды. Әр мамандық бойынша бекітілген комиссия мүшелері ZOOM бағдарламасы арқылы байланысқа шығып өз сұрақтарын қойып, кері байланыс орнатты. Ұйымдастырылған емтихандарға комиссия мүшелері жоғары баға беріп, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының әлеуметтік серіктестігі, комиссия мүшесі бітіруші топ студенттерін өз мекемелеріне мамандықтары бойынша жұмысқа шақырды. Бұдан колледж дайындайтын жұмысша мамандықтарының бүгінгі күні жоғары сұранысқа ие екендігін көруге болады. Алдағы уақыттада колледж бітіруші болашақ мамандары өз мамандығының нағыз шебері болады деген сенімдеміз!

   


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР

     Мамыр айының 15 күні колледж Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе «Қашықтықтан оқыту жүйесі: алғашқы қорытындылар және болашақ» тақырыбында Республикалық вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайында кәсіби білікті мамандарды қалыптастырудың тәжірибедегі мүмкіндіктерін көрсету.
     Вебинарға Алматы қаласы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнері академиясы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі, сонымен қатар суретшілер одағы, ҚР көркем академиясының академигі, Алматы облыстық көркемсурет галереясының ғылыми қызметкері, әлеуметтік серіктестік басшылары қатысып, «Дизайн» мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту барысында қорытынды емтихан, шығармашылық жұмыстар, жұмысқа орналасу туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
     Колледжіміздің «Дизайн» мамандығының өндірістік оқыту шебері, ҚР суретшілер одағының, ҚР көркем академиясының корреспондент мүшесі Асқаров Айдар Тұрғанбайұлы мен «Ұлағатты ұстаз» төсбелігісінің иегері, арнайы пән оқытушысы Адильбекова Бақыт Зиядақызы өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандықтың қыр-сырын, жетістіктерін, сонымен қатар биылғы оқу жылында қашықтықтан оқыту бойынша ұйымдастырылатын қорытынды емтиханды өткізудің ретін әріптестеріне таныстырып өтті.
Вебинар қорытындысында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ш.Исаханова қашықтықтан оқытуда тәжірибе алмасқан әріптестерге шығармашылық табыс тілеп, болашақта бірлесе жұмыс жасап, жас ұрпақты тәрбиелеуде толағай табыстар тіледі.

   

      


Колледж ардагерлері біз сіздермен біргеміз!

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің еріктілер тобы колледжде талай жылдар еңбек етіп, оқу орнының  өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан зейнеткерлер Ү. Қуатбековке, Ж. Акажановқа, Қ. Құсмолдиноваға, К. Идрисоваға, Ш. Нұхтарханға, Е. Ткенбаевқа, А. Кисирядоваға  қазіргі төтенше жағдайға байланысты үйлерінен ұзап шыға алмай отырғандарына байланысты азық-түлік жеткізіп, қол ұштарын берді. 'Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді" дегендей, қарттарымыз шексіз  ризашылықтарын білдіріп, колледж  басшысы А. Джумадиловпен ұжым мүшелеріне амандық пен саулық тіледі. 

      

      

     

 


Арнайы пән оқытушысы Акимбаева Мадина "Бейнелеу өнері және сызу оқытушысы" мамандыңы бойынша сыршырай пәнінен "Бояу түстерімен дене көлемін сомдау" тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

     13 наурыз күні арнайы пән оқытушысы Акимбаева Мадина "Бейнелеу өнері және сызу оқытушысы" мамандыңы бойынша 280 топ студенттеріне сыршырай пәнінен "Бояу түстерімен дене көлемін сомдау" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты акварель материалын еркін меңгеруге машықтандыру, оның орындалу тәсілін және әдісіне жетік үйретумен қатар акварель материалымен орындау арқылы сұлулық әлемін түсінуге, ой-қиялын, бейнелі ойлау, қабылдау,  көрем  талғампаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тілдік дағдыға баулу болды.

       


13 наурыз күні тарих пәнінің оқытушысы Д.Сейтқұрмановтың Адам және қоғам пәнінен "Саясат және мемлекет" тақырыбында 288 топпен өткізген ашық сабағынан көріністер.

      


Наурыз айының 12-19 аралығында колледж жас мамандары арасында «Бүгінгі жас маман – ертеңгі білікті ұстаз» тақырыбында ашық сабақтар апталығы өтілуде.

     Апталықтың мақсаты: жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау көрсету.
Апталықтың бірінші күні ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Баукенова кәсіптік шетел тілінен 291 топпен ашық сабағын көрсетті.

       


Дизайн мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің аралық аттестация кезіндегі көрмесі
Арнайы технология пәні бойынша "Заттарды модельдеу", "Пейзаж", "Дизайнерлік сағат" тақырыптарына арнап жасаған заттарынан көрініс.

      


" Ғасырлар даналығы " атты тақырыпта викториналық ойын өткізілді.

     12.03.2020 күні "Ғұлама ғалым Аль- Фарабидің 1150 жылдығы" аясында жастардың бойына патриоттық, Отан сүйгіштік қасиеттерді дамыту және көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында " Ғасырлар даналығы " атты тақырыпта викториналық ойын өткізілді.Аталған іс-шараға Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің КДМ төрайымы М.Қ. Найманова 281-топ білімгерімен қатысып қайтты. Қожахан Аңсаған белсене қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.

   


8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Сарқылмайтын жылылық, Ана аты- ұлылық " атты мерекелік іс- шара ұйымдастырылып өтті.

     Талдықорған гуманитарлық- техникалық колледжінде 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Сарқылмайтын жылылық, Ана аты- ұлылық " атты мерекелік іс- шара ұйымдастырылып өтті. Колледж директоры Джумадилов Асет Қазыйұлы барлық колледж аналары мен ару қыздарын төл мерекелерімен құттықтап, отбасыларына сүйіспеншілік пен ізгілік нұрын, еліміздің гүлдену жолындағы жасампаз еңбектеріне сәттілік тілеп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Колледждің өнерпаз білімгерлері өз өнерлерін көрсетіп, барлық аналарға жаксы көңіл- күй сыйлады.  

            


     Mектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған«Менің анамның бейнесі»атты көрме – байқауы өтті.

     4 наурыз 2020 жылы, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған мектеп оқушылары, студенттер және кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған«Менің анамның бейнесі»атты көрме – байқауы өтті.Байқауға 100 астам туындылар қойылды. Қатысушыларды Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Марлен Қапашұлы құттықтап, марапаттады. Көрме-байқауында колледжіміздің "Дизайн" мамандығының ІІІ курс студенттері өз шеберліктерін көрсетіп жүлделі орындар және ақшалай сертификаттар иеленіп қайтты. І орын және 30 000 теңге сертификатты Тусупбекова Айдана, ІІ орын және 20 000 теңге сертификатын Мадый Аяжан иеленсе, ІІІ орын және 10 000 теңге сертификатын Табынова Жасмин жеңіп алды. Сонымен қатар, байқауға түскен суретшілер арасында колледжіміздің суретшілер одағының мүшесі, "Дизайн" мамандығының өндірістік оқыту шебері Асқаров Айдар Тұрғамбайұлы ІІІ орын иеленіп, 50 000 теңге сертификатымен марапатталды. Байқауға қатысқан жеңімпаздар, жеңістеріңіз құтты болсын!

      


 Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерлердің "BIRGEMIZ" облыстық фронт- офисын ресми түрде ашылу салтанатына Талдықорған гуманитарлық- техникалық колледжінің 281- топ студенттері мен КДМ төрайымы Найманова М.Қ. белсене қатысты.

       


Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті. 

     2020.20.02. Талдықорған қаласының әкімдігі «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Талдықорған қаласының Бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжінің» ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы рухани бағыттар негізінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті. Байқауға қала колледждерінен 22-ден аса білімгерлер қатысты. Қатысушылар бірінші айналымда, Абай шығармаларын (білім, ғылым, табиғат және өнер тақырыбында поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқыды. Екінші айналымда, М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді көркем шеберлікпен орындалды. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері Бағдаулет Балауса, Серікбол Нұргүл өз бақтарын сынап қайтты. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы Дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілері Х.Карипжанова және А.Мусекеноваға Талдықорған қаласы әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

      


Көркемөнер галереясында өткен көрмені колледж білім алушылары мен ұстаздары тамашалап қайтты. 

     Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Көркемөнер галереясы» МКҚК. Кәсіпқой суретшілер Оралбек Қабөке, Мөлдір Сағындықова және Алмас Нұрғожаевтың туындыларынан біріктірілген «Өрлеу» атты «Еріктілер жылы» аясында көрме ұйымдастырылды. 2020 жылғы 25 ақпанда Талдықорған қаласы, Көркемөнер галереясында өткен көрмені колледж білім алушылары мен ұстаздары тамашалап қайтты. Мемлекет басшысының жолдауын алға тартып кәсіпқой суретшілер – Оралбек Қабөке, Мөлдір Сағындықова және Алмас Нұрғожаевтың туындыларынан құралған көрменің ашылу салтанатына 30 жуық туындылары қойылып, көрермендер назарына ұсынылады. Көрме-байқаудың мақсаты: ұлт тәрбиесінің өзегі, өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы – сурет өнері арқылы жас ұрпақтың бойына күш, жігер-қайрат, қанаттарын қатайтатын рух дарытып, өскелең ұрпақты өнерге, еңбекқорлық пен табандылыққа, өзіндік дара тұлға ретінде қалыптастыру. Кәсіпқой суретшілердің туындыларынан табиғаттың үнсіздігін, оның сыры мен қоршаған ортаны, жан түсінбес мұң мен қуанышты, философиялық және дүниетанымдық, көркем-эстетикалық құндылықтарды түсіндіріп, көрерменнің рухани жан дүниесін ояту.

      


Дене тәрбиесі оқытушыларының ұйымдастыруымен көңілді мәре өткізілді. Мақсаты:  Қазақстанның дені сау ұрпақтарын қалыптастыру.

      


Жатақханада тұратын білім алушылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы  өткізілді.

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 20 ақпан күні жатақханада тұратын білім алушылар арасында тәрбиешілер С.Ибраимжанова,Н.Боканова,Н.Жұмабайдың ұйымдастыруымен   «Жігіт сұлтаны» байқауы  өткізілді. Жігіттердің «сегіз қырлы бір сырлы» болу жолындағы өнерін ,білімін,шешендігін,жауапкершілігін, мәрттігін   бес кезең бойынша сынатты.Таныстыру кезеңінде  Сабалақов Нұрлыбек  Ұлы Абайдың 175 жылдығына жеңісімді тарту етемін десе, Тілектес Ернұр «Бөлшектенбей бар қазақ  бір болайық»-деп жырлады.Жігіттер   күш атасын танымас  демекші  ұлттық ойынымыз «Аударыспақты көрсетіп, күш сынасты.Олар тек күш сынасып қана қоймай, «Білімді мыңды жығар демекші, білім сынына да түсті.Ұлы Айбайдың 175 жылдығына байланысты сұрақтарға ұтымды жауап берді. Ақтық сынға сүрінбей жеткен  жігіттердің  ішінен 1 орынды 282 топ студенті Тілектес Ернұр, 2 орынды 292 топ студенті Сабалақов Нұрлыбек,3 орынды 290 орынды Базарбаев Абдрашид жеңіп алды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара  өте қызықы,  тартымды  өткізілді.Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға колледж әкімшілігі бағалы сыйлықтар  тарту етті. 

   

      


«Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу әдістері» тақырыбында

облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті. 

     Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 2020 жыл 19 ақпанда Талдықорған агротехникалық колледжінің базасында «Серпін» жас мамандар шығармашылық тобының «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу әдістері» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.
     Семинарда жас мамандарға нәтижелі сабаққа жетудегі оқытудың тиімді әдістері, білім алушылардың өзіндік ізденісін жетілдіру, «WorldSkills» стандарттарын оқу үрдісіне енгізу, электронды оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру, модульді қорытындылаудағы бағалау механизмі нақты қолданыстағы тәжірибенің қорытындысы негізінде ұсынылды. 60 жас маман қатысқан семинарда 4 жас маман, 2 әдіскер, 1 штаттан тыс тренер, 4 арнайы пән оқытушысы, 1 үздік педагог тәжірибе таратты.Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің психологы У Джакубаева жас мамандармен "Жарқын болашақ иесі бүгінгі жас маман"тақырыбында тренинг өткізді. Ағылшын тілі мұғалімі жас маман А.Баукенова тәжірибе алмасып қайтты.

          


17/02/2020 ж. "Жалпы білім беретін" пәндік-циклдік комиссиясының онкүндігі басталды. "Білімге құштарлық-адамның жаратылыстық қасиеті" атты жалпы атаумен бүгін онкүндіктің ашылуы болды. Онкүндік "Білім" жәрмеңкесімен басталды 

      

       


ПЦК жетекшісі Д.Идрисова география пәнінен ашық сабақ берді. Сабақ жаңартылған білім беру бағдарламасына негізделіп, өткізілді.

      

Орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы, көп жылдық тәжірибесі бар З.Чурегеева ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында Елбасының үш тілділік саясаты басшылыққа алынды.

      

Физика пәнінен жоғары санатты оқытушы К.Айнагулова ашық сабақ көрсетті. Сабақта өмірден мысалдар келтіріліп, білім алушылардың қызығушылығы жоғары болды.

      

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы С.Токтабеков ашық сабақ көрсетті. Білім алушылардың белсенділігі жоғары болды. Салауатты өмір салты айқындала түсті.

Бүгін дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы О.Жалпетеков "Соққан допқа тосқауыл қою. Допты көтеріп беру тәсілі" деген тақырыпта ашық сабақ көрсетті. Дені сау ұрпақ тәрбиелеуге көп көңіл бөлінді.

      


"Мен өмірде жырлау үшін келгенмін" атты поэзия кеші өтті. 

Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған "Мен өмірде жырлау үшін келгенмін" атты поэзия кеші өтті. Қазақ болып туғанына мақтан еткен Мұқағали ақынның еліне ,жеріне тіл тағдырына өмірдің сан қилы қырына, асыл сезім махаббатқа, табиғатқа арнаған өлеңдерін жастарымыз жатқа оқып көрерменге рухани, ләззат сыйлады. Кеште ақиық ақынның жауһар жырларынан басқа сахналық көрініс көрсетіліп, ақын сөзіне жазылған әндер айтылды. Ақынның рухына арнап залдағы көрермендермен бірге "Есіңе мені алғайсың" әнін шырқады. Кешті ұйымдастырған З.Чурегеева,А Мусекенова, Н Жұмабайға директордың орынбасары Х.Карипжанова жастардың бойына адамгершілік пен отансүйгіштік сезім ұялатқандары үшін рақметін айтып,шығармашылық табыс тіледі.

       


   Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі биылғы еріктілер жылында Қазақ зағиптар қоғамының Алматы облыстық филиалына өз көмегін берді. 

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі биылғы еріктілер жылында Қазақ зағиптар қоғамының Алматы облыстық филиалына өз көмегін берді. Колледж ұжымы зағиптар қоғамына биылғы жылы республикамызда кең көлемде аталып өтетін ұлтымыздың мақтаныштары, даналары ұлы ақын Абай Құнанбаевпен Дінмұхамед Қонаевтың, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың портреттерін сыйға тартты. Сонымен қатар осы қоғамда биылғы жылы аталып өтетін І Наурыз Алғыс айту күні мен Наурыз мерекесіне айшықты,көлемді қалқандар жасап берді. Жасалған сыйлықтар өмірден денсаулықтарына байланысты қиындық көрген жандардың көңілдеріне қуаныш нұр сыйлады. Алматы облыстық зағиптар қоғамының төрағасы А. Дәркембаев колледж басшысы А.Жұмаділовке осындай құнды да шексіз көмегі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына тек қана шығармашылық табыс тіледі.

      

       


 Талдықорған қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші мамандары Р. Нурбаева мен Р. Месінбековамен кездесу өткізілді.

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен Талдықорған қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші мамандары Р. Нурбаева мен Р. Месінбековамен кездесу өткізілді. Олар снюс деген никотиндік қоспасы бар сағыз немесе конфеттің адам ағзасына зияндығы туралы алдын алу шаралары бойынша сұхбаттасу жүргізді. Өз сөздерінде қазіргі кезде жастарға никотинді қоспасы бар затты сағыз немесе конфет түрінде алдап таратып, олардың ағзаларын бүлдіріп, денсаулықтарына зиян келтіретін, сол затқа тәуелділік тудыратын заттан сақ болуларын, тегін берсе де қолданбауларын айтты. Снюстің қалай таратылып жатқандығы туралы бейнефильм көрсетілді. Студенттер сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х. С. Карипжанова келген қызметкерлерге жастардың денсаулығы мен болашағы үшін берген құнды мәліметтері үшін рақмет айтты.

      


Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі.

      

                                   


 Қысқы педагогикалық оқылым - 2020

     Колледждің жылдық жоспарына сәйкес  13 қаңтар күні  колледждің инженер-педагогтары арасында "Қысқы оқылым -2020" күндері өз жұмысын бастады.  Қысқы оқылымның алғашқы күніне Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ш.Исаханова қатысып,  модульдік құзыреттілікке негізделген оқу-жоспарлау құжаттары бойынша әдістемелік көмек көрсетті.  Сонымен қатар колледж әдіскері Ж.Ахметова және директордың КОЖ орынбасары А.Бюлюкеева оқытушылар мен ө/о шеберлеріне "Оқу үрдісінде модульдік оқытуды дамытудың жолдары" тақырыбында әдістемелік ұсынымдарын бойынша бағыт-бағдар беріп, колледж психологы Ұ.Джакубаева психологиялық тренинг өткізді

              

      

     Қаңтар айының 14 күні Қысқы педагогикалық  оқылым жоспары бойынша жас мамандар, ағылшын тілі пәнінің оқытушылары А. Дауболова және А.Баукенова "Ағылшын тілін тез үйренудің 13 тәсілі" тақырыбында шебер класс, АӘД пәнінің оқытушысы М.Санат "Білім беруді жаңарту жағдайында АӘД сабақтарына әскери- патриоттық тәрбие беру" тақырыбында баяндама, "Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары" мамандығының ө/ о шеберлері " Worldskills" чемпионаты - заман талабы " тақырыбында іс тәжірибесімен  бөлісіп, биология және химия пәндерінің оқытушысы Қ.Сулеименова "Кәсіби күйзеліс- жаһандық дерті" тақырыбында оқытушылармен тренинг жаттығу өткізіп, соңынан жаңартылған бағдарлама  бойынша сабақ барысында қолданып жүрген әдістерімен бөлісті.

         

     Қысқы педагогикалық оқылым - 2020.  Қаңтар айының 15 күні "Ақпараттық технологиялар" мамандықтары циклдік комиссиясы колледждің цифрландыру деңгейі туралы дөңгелек үстел өткізді.

           

     Қысқы педагогикалық оқылым -2020. Колледжіміздің ұлағатты ұстазы, ҚР суретшілер одағының мүшесі А.Асқаров Туркия елінен алған   іс-тәжірибесімен бөлісу сәті.

      

     Қысқы педагогикалық оқылым барысында директордың ТІЖ орынбасары Х.Карипжанова және тарих пәнінің оқытушысы Д.Идрисова "Мемлекеттік рәміздер- ұлттың бетпердесі"  тақырыбында рәміздер  туралы  маңызды мағлұматтарды  кеңінен ашып, түсіріп өтті.

            

     Қысқы педагогикалық оқылым барысында жоспарланған іс шаралар ойдағыдай өтіп, нәтижелі аяқталды. Қысқы оқылымның қорытындысын колледж директоры А.Жұмаділов  және  әдіскер Ж.Ахметова шығарып, әр іс шараға тоқталып, белсене қатысқан оқытушылармен өндірістік оқыту шеберлеріне Алғыс хаттар тапсырды.

      

      


Кәсіби бағдар жұмысы

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында қала, ауыл, аудан мектептеріне барып,  келесі 2020-2021 оқу жылында оқытылатын мамандықтар жайлы жан жақты мәлімет беріп, колледж жайлы бейнефильм көрсетіп қайтты.

       

      

 


   Талдықорған гуманитарлық-техниклық колледжінде қызметкерлердің бүлдіршіндеріне арналған кәсіподақ шыршасы өтті.

     30.12.2019ж Талдықорған гуманитарлық-техниклық колледжінде қызметкерлердің бүлдіршіндеріне арналған кәсіподақ шыршасы өтті. Шыршада бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, аяз атадан сыйлықтарын алып, көтеріңкі көңіл- күймен үйлеріне қайтты. Кәсіподақ шыршасын ұйымдастыруға үлес қосқан колледж әкімшілігі және 281- топ шебері М.Қ. Наймановамен топ студенттеріне алғысымызды білдіреміз. Келе жатқан жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, береке, денсаулық және табыс әкелсін.

      

   


 СӨСҚ мамандары "Біз темекісіз Қазақстан үшін!" атты мүсіндік композиция жарысын өткізді.


     Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер мен жастар арасында денсаулықты сақтау, темекі шегуден саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдалану арқылы темекі тарту проблемасына назар аудару, жас таланттарды анықтау және қолдау.
Жарыстың марапаттау рәсімі бүгін ұйымдастырылды.? Барша жүлдегерлерді, жетекші мұғалімдерді, қатысушыларды құттықтаймыз! «Ерте қартаюға жол берме!»
     І орын - Ерназаров Абылай , Байбулатова Назика. Жетекшісі: Оразалина Алтынгуль, Акимбаева Мадина - Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі

 


ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!!!

     ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!!13.12.19ж күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты кеш Желтоқсан құрбандарын бір минуттық еске алудан басталып, ҚР мемлекеттік гимнімен жалғасын тапты. Салтанатты жиын әрі қарай тарих пәнінің оқытушысы жас маман Сейтқұрманов Дастан Алсейтұлының «Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстанның тарихына ғылыми көзқарас» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты. Баяндама аясында қазақ жері мен елінің жеті қырының бүгінгі кезеңмен сабақтастығы толығымен талданды. Ең алғаш жылқыны қолға үйреткен, қара және түсті металдарды өңдеп, балқытуды және табиғатпен етене өмір сүруді меңгерген қазақтар болатын. Осынша кең байтақ жерді иемденген бабаларымыз ұрпаққа ескерткіш ретінде «Алтын адамды» қалдырды. Тауы мен тасына дейін ән салған түркі әлемінің бесігі саналатын ғажап табиғат та қазаққа тиесілі. Ежелгі қазақтар тек қана отырықшылықпен емес, саудамен де айналысқанына «Ұлы Жібек жолы» толықтай дәлел. Жері шүйгін, суы мол еліміз алма мен қызғалдақтың отаны саналатыны туралы айтып өтті.Салтанатты жиын ары қарай колледж директорының құттықтауымен жалғасын тапты. Сөз алған Асет Қазыйұлы Джумадилов колледж ұжымы мен білімгерлерді ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, азаттық алған жылдар ішіндегі еліміздің толағай табысқа жеткендігін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты мен қамқорлығының нәтижесінде тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен атқарылған игі істерге тоқталды. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің бізге оңай жолмен келмегенін және тәуелсіз ел болу бір бөлек, ал сол елдің білімі мен ғылымын дамытып, елдің әлеуетін көтеру одан да қиын екендігін атап өтті. Жиын колледж қызметкерлері мен білімгерлерін марапаттаумен, колледж студенттерінің және жас мамандардың патриоттық әндер айтылған концертімен жалғасты.

      

   


 


"Ақынның қаламы-адалдық алаңы" атты арнаулы оқу орындарының білімгерлері арасында ақындар мүшайрасы өтті.

     Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы,жастар ресурстық орталығы, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Ақынның қаламы-адалдық алаңы" атты арнаулы оқу орындарының білімгерлері арасында ақындар мүшайрасы өтті. Аталған іс - шараға колледж студенттері Журумбаева Құралай, Серікбай Нұргул қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

       


Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай " Сен Сәкенді білесің бе?" атты байқау өтті.

     С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, аты аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай " Сен Сәкенді білесің бе?" атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты - С.Сейфуллиннің шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау. Аталған байқауға кітапхана меңгерушісі А.Ибраеваның жетекшілігімен қатысқан 3 курс студенті Тұрсын Бақытгүл "Көркем сөздің шебері" бөлімінде ерекше актёрлық шеберлігімен көзге түсіп алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

      


«Спорт – денсаулық кепілі» атты гір тасын көтеру, армрестлинг (қол күресі) сынды спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды.

     Үстіміздегі оқу жылының 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж студенттері арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты гір тасын көтеру, армрестлинг (қол күресі) сынды спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті - бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, жағымды имиджді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту, студенттер арасындағы достық қатынастарды күшейту болып табылады. Жарыстың нәтижесі бойынша гір тасын көтеруден 1 орын 272 топ студенті Дулатбек Ерасыл , 2 орын 274 топ студенті Садуакасов Мади. 3 орынды 274 студенті Тілейхан Сакен жеңіп алды. Аталған спорттық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

      


"Жас буын" пікір- сайыс турнирі.

     Үстіміздегі жылдың 12 желтоқсан күні Жастарға қызмет көрсету орталығында Мемлекеттік Жастар Саясатын жүзеге асыру, жастардың белсенді азаматтық көзқарастарын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту жастардың қоғамдағы орындарын айқындау мақсатында өткен "Жас буын" пікір- сайыс турниріне. Талдықорған гуманитарлық- техникалық колледжінің КДМ төрайымы М.Найманованың жетекшілігімен 281-топ білімгерлері Омарғазы Сара, Қожахан Аңсаған қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

       


Мұражай практикасының көрінісі.

     Желтоқсан айының 11 күні "Дизайн" мамандығының 3 курс студенттері өндірістік оқыту шебері С.Нұрмұханбетовтың жетекшілігімен мұражай практикасының бағдарламасына сәйкес Алматы қаласындағы Қазақстан  мемлекеттік орталық музейіне және республикалық Ә.Қастеев атындағы  Өнер музейіне барып, атақты суретшілердің туындыларымен, сонымен қатар Абай атындағы Алматы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне барып, университет студенттерінің жұмыстарымен    танысып, пікір алмасып қайтты.

   

       


Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған өлке бояулары» атты Алматы облыстық көркемсурет галереясында көрме өтті. 

     11 желтоқсан күні колледждегі «Дизайн» мамандығының өндірістік оқыту шебері  А.Асқаров және 288 топ студенттері Елбасы  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   «Туған өлке бояулары» атты Алматы облыстық көркемсурет галереясының  2019 жылғы атқарылған іс-шараларының  қорытынды көрмесіне қатысты. Көрме барысында  өндірістік оқыту шебері А.Асқаров және  студенттер шебер-класс көрсетіп, Алғыс хаттармен марапатталып қайтты.

      


«Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары циклдік комиссиясы онкүндігі «Бәсекеге қабілетті мамандар әлемі» атты іс шарасымен жалғасын тапты.

     Желтоқсанның 11 күні «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары циклдік комиссиясы онкүндігі «Бәсекеге қабілетті мамандар әлемі» атты іс шарасымен жалғасын тапты. «Ата кәсіп-елге нәсіп» деп дана халқымыз айтқандай, мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа көзқараспен қарауына орай колледждің мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау болып отыр.
Осы мақсатты жүзеге асыруда колледж ұжымы қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес, нәтижелі жұмыс жүргізе алатын, құзіреттілігі жоғары білікті маман даярлауда аянбай еңбек етуде.

      

      


     Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ" атты көркемсөз байқауы.

     11 желтоқсан күні Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және  Жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен "Жастардың бойына рухани құндылықтарды дарыту және патриоттық тәлім-тәрбие беру мақсатында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ" атты көркемсөз байқауына колледждің жас маманы Жұмабай Нұрсұлтан Жеңісұлы қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Нұрсұлтан Жеңісұлы марапатыңыз құтты болсын! Жаңа бастаған еңбек жолыңызға шығармашылық табыс, сәттілік тілейміз!

      


«Деструктивті діни ұйымдардың құрбандарымен жұмыс. Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында ұлттық сарапшылардың қатысуымен арнайы оқыту семинарларын өткізді.

     10.12 19 күні «Право» ҚҚ Алматы облысының «Шанс» психологиялық-құқықтық қолдау орталығымен бірлесіп «Деструктивті діни ұйымдардың құрбандарымен жұмыс. Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында ұлттық сарапшылардың қатысуымен арнайы оқыту семинарларын өткізді.Семинарға колледж психологы У Джакубаева, жас маман М.Акимбаева қатысты. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

                           


10 желтоқсан күні "Дәнекерлеу ісі" мамандығының өндірістік оқыту шебері Е.Байбатжанов 3 курс студенттерімен "Газ жалынымен" дәнекерлеу" тақырыбында ашық сабақ көрсетті.

         


 Желтоқсан айының 06 күні Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ш.Қ.Исаханова колледждегі оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің сабақтарына қатысып талдау жасап, әдістемелік көмек көрсетіп қайтты.

   

    


«Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігінен көрініс.

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі аясында «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері С.Бокамбаев ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында 274 топ студенттері оқу-жаттығу алаңында автогрейдер және тракторды жүргізіп, жаттығу жұмыстарын орындады.

      

     «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі аясында "Жиһаз өндірісі" мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Ш.А.Абилкаримов ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы 1 курс білім алушыларына, тақырып бойынша теориялық білім беріп қана қоймай, жұмыс жасау технологиясын көрсетіп, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырды.

       

     «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі аясында "Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары" мамандығының өндірістік оқыту шебері Е.Х.Тагаев " Үш фазалы және бір фазалы электр есептеуіштерді қосу" тақырыбында шебер-класс көрсетті. Шебер-кластың мақсаты World Skills стандарттарына сәйкес ішкі тораптарды қозғалыс датчигі арқылы монтаждау және асинхронды қозғалтқышты үш фазалы электр санауыш арқылы токқа қосу сұлбасы арқылы жинау; инновациялық технологияны қолдана отырып АСКУЭ жүйесінде қолданылатын электр санауыштармен жұмыс істеуді көрсету.

      


"Біз,таланттарды іздейміз!" атты іс-шара өткізілді.

3 желтоқсан күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде "Біз,таланттарды іздейміз!" атты іс-шара өткізілді.Бұл шараға 1 курс білім алушылары қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты колледжге жаңа түскен білімалушылардың бойындағы өнерлерін көрсете алуларына жағдай жасау, колледждің «қоғамдық өміріне» қатысу белсенділігін арттыру
және оларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, сахна, эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Болашақ мамандар өздері таңдаған мамандықтарын ән-жырмен сипаттап,өз өнерлерін паш етіп шараны қызықты өткізуге ат салысты . Әсіресе, 288 топ студенті Жақсыкельдинова Данеляның қобызбен орындаған Абайдың "Көзімнің қарасы" шығармасы көрермендердің көңілінен шықты.1 курс білім алушыларының арасында талантты , дарынды балалар анықталып марапаттарға ие болды.

      

      

      


«Дизайнердің көзімен» атты колледжішілік шығармашылық көрме.

      Колледждегі «Дизайн» мамандығы бойынша «Көркемсурет – әсемдеу жұмыстарын жүргізуші» біліктілігінде білім алып жатқан студенттер өздерінің шығармашылық жұмыстарын жинақтап, «Дизайнердің көзімен» атты колледжішілік шығармашылық көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты студенттердің мамандық бойынша жасаған үздік жұмыстарын, оның ерекшелігін көрсету, жарнамалау және мамандыққа деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, әдемілікке, сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру
Студенттер өз шығармаларын түрлі техникаларды қолдана отырып орындады. Атап айтсақ графика, кескіндеме, гжель, мүсін құю, қағаз пластикасы, декупаж техникаларымен орындалған шығармалар мен пленэрлік жұмыстары көрерменге ұсынылды.

      

      


«Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі өтілуде.

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде жоспарға сай «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтары» циклдік комиссиясының онкүндігі өтілуде. Бүгін  онкүндіктің ашылу іс-шарасы болып өтті.  Онкүндіктің алғашқы күнінде әр топ өз мамандықтарын таныстырып, дәріптеді.

       

       


"Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық -зомбылыққа бірлесіп қарсылық білдіреміз!"

     25-26 қараша күні Талдықорған қаласында "Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық -зомбылыққа бірлесіп қарсылық білдіреміз!"тақырыбында Халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті. Аталған конференцияға Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, тәрбие орынбасыры және колледж психологы қатысты. 

       


 «25 қараша – әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық күні» 

     Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі және Талдықорған аумақтық әйелдерді қолдау орталығымен бірлесе «25 қараша – әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық күні» аясында және 2019 жылы Халықаралық еңбек ұйымы қабылдаған № 190 Конвенцияның міндеттерін қолдау мақсатында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын ұйымдастырды.
     Шара Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі білімгерлерінің қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел басында өткен кездесуде жастар көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды, пікірлерімен алмасты, тақырыптық бейнероликті көріп, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын қолдайтындықтарын жеткізді.

      

      


Аккредиттеу комиссия мүшелерінің білім алушылардың кәсіптік практикадан өтетін   кәсіпорындар базасын аралау сәтінен көріністер.

 

      

      

      

      


«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен» НААР комиссия

     2019 жылдың қараша айының 19 жұлдызында Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен» НААР  құралған комиссия мүшелері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын  институционалды және мамандырылған аккредиттеуден өткізу бойынша өз жұмысын бастады. Аккредиттеу жұмысының негізгі мақсаты - білім беру сапасына жан жақты баға беру процесі болып табылады. Оқу орнының аккредиттелген болуы талапкерлер және олардың ата-аналары жағынан сенімділік тудырады және жұмыс берушінің аккредиттелген мамандық бойынша оқып шыққан маман алып шыққан білімнің толықтығына сенімділік болуына жағдай жасайды. Аккредиттеу комиссиясының мүшелері өз жұмысын колледждің материалдық-техникалық базасын аралап, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысудан бастады.

      

      

     Одан ары комиссия мүшелері жұмыс бағдарламасына сәйкес колледж директоры, әкімшілік мүшелері, ЦК жетекшілері, педагогикалық ұжым, білім алушылар, түлектер, ата-аналар, қамқоршылық кеңестің мүшелері, әлеуметтік серіктестермен кездесіп сұхбаттасу жүргізіп сауалнама алды. Аккредиттеу комиссиясы алдағы күндері өз жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыратын болады. Колледж ұжымына СӘТТІЛІК серік болсын!

      

      


Білім саласы қызметкерлерінің спартакиадасы.

     Кәсіподақ мүшелеріне арнап, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұстаздар арасында спартакиада ұйымдастырды.
Оған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қахарман Жақсылық, аудандық, қалалық филиалы, жоғарғы және арнаулы оқу орындарынан 14 команда 400-ден астам ұстаз қатысты.
     Спорттық шараның ашылу салтанатында қатысушы командалар ортаға шақырылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.
Алғашқы құттықтау сөзін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров алып, екі жылда бір рет өткізілетін жарыстың мақсатын айқандап, салалық кәсіподаққа 95 жыл толғанын, орталық комитетте жаңадан төраға сайланғанын және қоғамдық бірлестіктің жұмысын қысқаша баяндап, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
     Жоғарыда аты аталған мекеме басшылары ұстаздарға арнап өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ал, бас төреші Равиль Хамитов қатысушыларды ережесімен таныстырып, шараны ашық деп жариялады.
     Командалар волейбол, шағын футбол, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен бөлініп, қатысушылар өзара бақтарын сынап, мықтыларды анықтайды.
     Жарыс қорытындысы 30 қазан күні жабылу шарасында жарияланып, облыстық ұйымның дипломдары мен ақшалай сыйлығы табысталады.

      

      

      


«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің» студенттері қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында кәсіптік қызмет негіздері пәнінен білім алып жатыр.

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша» мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен МКҚК «Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің» студенттері қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында кәсіптік қызмет негіздері пәнінен білім алып жатыр. Осы республикалық пилоттық жобаның шеңберінде біздің колледжіміздің болашақ Радиоэлектроника және байланыс мамандары Алматы облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына экскурсияға барды. Осы республикалық пилоттық жобаның мақсаты - қазіргі кезде жастарды кәсіпкерлікке ерте жастан бейімдеп, экономикалық сауаттылықтарын арттырып, жеке іскерлік дағдыларын қалыптастырып, кәсіпкерлік қызметке бағыттау. Ұлттық кәсіпкерлер палата мамандырмен кездесіп, сұхбат жүргізілді. Алматы облысының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының директорының әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары Алмагуль Шегеевна Онгарбаева болашақ маман иелерін жылы лебізбен қабыл алып, Ұлттық палатаның кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту; қаржылай емес қолдау көрсету; адами капиталды дамыту; сатып алулар мен жергілікті құрам, және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; туризмді дамыту сынды басым бағыттары мен қосымша бағыттары бөлімдерімен таныстырды. Өз сөзінде Онгарбаева А.Ш - жалпы, бизнес¬ке оқыту жүйесі бізде үш кезең¬¬нен тұрады. Бірінші кезең – «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы. Мұнда бизнес жүргізудің схемасы ұсынылады. Екінші кезең – «Бизнес-даму», мұнда бизнес жүргізудің тың тәсілдері тереңдетіп оқы¬тылады. Ал үшінші кезең – жоба¬лық оқыту жүйесі барысында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарына жіберіп, тәжірибе жинауға мүмкіндік жасаймыз деді. Кәсіпкерлер палатасының білікті маманы студентердің барлық сұрақтарына жауап беріп, болашақта елінің әйгілі кәсіпкерлері болуларына тілегін білдірді.  


«Менің мамандығым - болашағым» тақырыбында саяхат

      2019 жылдың қазан айының 25 күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің 1414000 – «Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс студенттері, өндірістік оқыту шебері Ш.А.Абилкаримовтың жетекшілігімен  және аға оқытушы Е.А.Жанғалиевтың басшылығымен Талдықорған қаласындағы «Сорокин» ЖК мекемесіне және «Furniture center» жиһаз орталығына «Менің мамандығым - болашағым» тақырыбында саяхат жасады.

      Саяхаттың мақсаты дуалды оқыту жүйесі бойынша теорияны өндіріспен ұштастыра отырып, білім алушылардың мамандыққа деген көзқарастарын қалыптастыру мен қызығушылықтарын арттыру; Жиһаз жасайтын өндірістік кәсіпорынның жұмысын, технология ерекшеліктерін, цехта  қолданылатын  жабдықтармен және заманауи жиһаз түрлерімен  таныстыру болып табылды.

      

        


«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында саяхат

          2019 жылдың қазан айының 23 күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша білім алатын 1 курс студентерін өндірістік оқыту шебері Е.Х.Тагаев және аға оқытушы Е.А.Жанғалиев Талдықорған қаласындағы «ТАЭТК» АҚ мекемесіне «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында саяхатқа апарды. 

Саяхаттың мақсаты:

  • Білім алушылардың мамандыққа деген көзқарастарын қалыптастыру мен қызығушылықтарын арттыруда «ТАЭТК» акционерлік қоғамының жұмыс орнымен, оқу орталығымен және материалдық-техникалық базасымен таныстыру.
  • WorldSkills стандарттарымен модульдік-құзіреттілік тәсілдерін оқу үрдісіне енгізу арқылы студенттердің мамандық бойынша кәсіби құзіреттіліктерін арттыру.

      

            

           


 «Балалардың психологиялық жағдайын диагностикалау жүйесімен жұмыс істеуге дайындық»

           Кәмелетке  толмағандар  арасында құқықбұзушылық ,қылмыс,зорлық-зомбылық суицидтік әрекеттердің алдын алу және болдырмау бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған Қалалық іс-шаралар жоспары  бекітілген.Аталған жоспарда "Ресурс"бағдарламасы аясында "Жанұя"қоғамдық  қоры Қайнар  университетімен бірлесіп «Балалардың психологиялық жағдайын диагностикалау жүйесімен жұмыс істеуге дайындық» тақырыбындағы оқу курсына колледж  психологы  У.Джакубаева  қатысып,білімін  көтеруде.

                                             


«Кәсіп түбі-нәсіп»

       Кәсіп түбі-нәсіп» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша қызметтер» мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен республикалық пилоттық жобаның аясында қазанның 23 күні МКҚК «Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде» кәсіпкерлік қызмет негіздері пәнінің оқытушысы Майбатаирова Жанар Жақыпқызының ұйымдастыруымен «Кәсіп түбі-нәсіп» атты жетістікке қол жеткізген кәсіпкерлер мен 3 курс студенттерінің арасындағы еркін форматтағы қонақ дәрісі өкізілді.
       Колледж директоры Джумадилов Әсет Қазыйұлы шараны ашып, студенттерге қонақтарды таныстырып өтті. Өз сөзінде колледж директоры осы жоба бойынша білім алып жатқан 119 студентке кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың мақсатын айтып өтті. Сөз соңында: «Жастық шақ – адам өміріндегі ең шешуші кезең деуге болады. Өмір бір орнында тұрмайды. Кәсіп ашуға ыңғайлы уақыт ол –дәл қазіргі кез. Сондықтан, алтын уақыттарыңызды бос жібермей, қоғамнан өз орындарыңызды алуға асығыңыздар-деді.
Дәріс қонақтары Ахметжанов Дастан Рустемович ЖШС «Сұңқар Inter Link» дирекоры мен осы мекемеге басшылық етуші Ерназаров Алмас Ерназарұлы және ЖШС «Tesla» директоры Кенжегулов Шыңғыс Жұмағұлұлы болды.
       Кездесу барысында ЖШС «Сұңқар Inter Link» дирекоры Ахметжанов Д.Р қатысушыларға шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты кеңестер беріп, тәжірибесімен бөлісіп, өз сөзінде кәсіппен айналысамын жаңа идеямды қосамын деушілерге біздің орталықтан әр дайым орын бар- деді. Жастардың басым бөлігін қызықтырған «Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болу керек?», - деген сауал болды. Бұл сұраққа осы мекемеге басшылық етуші Ерназаров А.Е «Кез келген кәсіпкерге әр түрлі адамдармен сөйлесе алу, бастаған істе табандылық таныту және нәтижесі үшін жауапкершілікті ала білу сынды қасиеттер аса маңызды», - деп жауап берді. ЖШС «Tesla» директоры Кенжегулов Ш.Ж студенттерге тиімді бизнес жасау тәжірибелерімен бөлісіп, өз қызметкерлеріне қоятын жұмыс берушілердің талаптарын айтып, жеке бас қабілеттері мен сипаттарын жетілдіру жолында еңбек ету жайлы ақыл-кеңестерін берді.

            


   "Қарттарым асыл- қазынам" атты қайырымдылық концерті

       18.10.2019 ж. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің "Жүрек жылуы" еріктілер тобы қаламыздағы "Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып "Қарттарым асыл- қазынам" атты қайырымдылық концертін өткізді. Көңілдері жабырқап қиындықты көп көрген ақсақалдар мен апайлар студенттермен бірге ән шырқады. Қарттарымыз жастардың өнерін көріп, қуанып ақ баталарын берді.

      


   "Құқықтық сауаттылық-заман талабы"

    Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында Талдықорған гуманитардық- техникалық колледжінің Жастар үйінің тәрбиешілердің ұйымдастыруымен "Құқықтық сауаттылық-заман талабы"-тақырыбында колледж инспекторы:Жанысбеков Бейбіт кездесу өтті.

                 


   «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі»

           Елімізде 11 қыркүйек күні латын графикасы негізінде қазақ тілінде жалпықазақстандық ашық диктант жазу акциясы болды. Диктанттың тақырыбы «2019 jyl – Jastar jyly» деп аталады. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының тікелей ұйымдастыруымен өтті. Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі кітапханалар мен жоғарғы оқу орындары синхронды түрде қатысты. Диктант жазу барлық облыс, қала және аудандық кітапханалар мен ЖОО-ларда, мектептерде бір мезгілде, яғни сағат 11.00-де басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған мәліметке қарағанда айтулы шараға 180 000 адам қатсыпты. Біздің Алматы облысы бойынша 67000 ға жуық адам қатысты .
       Соның ішінде Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері де іс-шараға белсене атсалысты. Осындай ауқымды шараны ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болды. Диктантты қатесіз, сауатты жазған қатысушы Ассамблея атынан марапатталатыны жайлы да айтылған болатын. 16 қазан күні Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» атты облыстық семинар соңында жалпықазақсатандық ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша арнайы комиссия құрамының шешімімен жеңмпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.Комиссия құрамының шешімімен жалпықазақстандық ашық диктантта Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері КЕЗДІКБАЙ ГҮЛІМ, МАМАЖАН ЕЛАМАН "ҮЗДІК НӘТИЖЕ" КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ!!МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !!   

 

         


Спорт - денсаулық кепілі.  

          Үстіміздегі жылдың 11 қазан күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде жоспар бойынша топаралық «Алтын күз» жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты: жастар арасында жеңіл атлетиканы дамыту және машықтандыру,салауатты өмір салтын қолдау және дене шынықтыруға баулу сонымен қатар қатысушылардың спорттық дәрежесін көтеру, топтар арасында спорттық байланыс орнату. Іс-шара колледж директорының құттықтау сөзімен ашылып,гимн орындалды. Жарыс ҚР жеңіл атлетика федерациясының қалыптасқан ережелері бойынша өткізілді. Қашықтық: 3000м –ұлдар , 1000 м – қыздар, 100 м – ұлдар , қыздар. 1000 м қашықтықта- 270 топ студенті Мадый Аяжан –І орын, 3000 м қашықтықта-Құрметқанұлы Бекзат,Жамсап Ерсұлтан- І орынды жеңіп алса, 100 м қашықтықта І орынды 281 топ студенті Берлибекова Амина, 280 топ студенті Қабдилманапова Тілектес, 288- топ студенті Казначенко Надежда жеңіп алды.   

      

      


Халықаралық суретшілер көрмесі

         Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Асқаров Айдар Тұрғамбайұлы 13-22 қазан аралығында Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында өтіп жатқан халықаралық суретшілер көрмесіне қатысуда. Қылқалам шебері ұзақ жылдар бойы көптеген қалалық, облыстық көрмелер мен және республика бойынша өткізілген мәдениет күндерінің белсенді қатысушысы болып табылады. Сурет салудың әдісін жан-жақты меңгерген шебер ретінде облысымызға танымал болып, бірқатар туындылары қаламыздағы көркемсурет галереясында сақтаулы. Талай байқаулардың жеңімпазы атанып, бірнеше ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Бүгінгі күні өз өнерін, шығармашылық жұмыстарын шетелдерге таныстырып, мамандығын шыңдап қайтады деген сенімдеміз. Айдар Тұрғамбайұлының шығармашылық ізденісіне сәттілік тілейміз!

      

      


"Кәсіподақтар күніне" орай...

10 қазан Қазақстан Республикасы "Кәсіподақтар күніне" орай кәсіподақ жүйесіндегі көп жылғы еңбегі үшін және кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқаны үшін колледж директоры Джумадилов Асет Қазиұлы марапатталды.Марапат құтты болсын!!!

      


 Талдықорған қала күні мерекесі өтті.

                Талдықорғанда қала күні аясында 04 қазан күні әсерлі кездесулер, қызықты кештер, тартысты жарыстар, сурет көрмелері мен концерттер өтті. Қорытынды жиын үшін «Жастар» саябағы таңдалды. Оның аумағы кең, айналасы әсем безендірілген. Осынау көрікті орынға мыңдаған қала тұрғындары мен меймандары жиналып, еңбек ұжымдарының және әртүрлі оқу орындарының жетістіктерімен танысты.

      

               Айтылған іс-шараға Талдықорған гуманитарлық-техникалық коллледжінің шеберлері мен білім алушылары қатысып, қала тұрғындары мен меймандарына бейнелеу өнері мен жиһаз жинақтаушы мамандарының туындыларынан көрме ұсынды. Сонымен қатар бес түрлі жанрда бейнелеу өнері саласынан мастер класстар көрсетті. Атап айтқанда кескіндеме, графика техникасында портрет, натюрморт, абстракция бейнелеуін көрсетті. Құммен бейнелеу техникасында шебер Асқаров Айдар шәкірттерімен мастер класс көрсетіп, көрермендердің портреттерін бейнелеп,  халықтың назарын өздеріне аударды. Сонымен қатар «Дизайн» мамандығында білім алып жатқан білім алушылар өз қол туындылары ретінде қағаздан, газеттен, пластик және т.б. материалдардан жасаған киім үлгілерін көрермен назарына ұсынды.

      


 «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

            ҚР Премьер министрі А.Маминнің ұсынысын негізге ала отырып,  3 қазан күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде республикалық экологиялық сағат ұйымдастырылды. Жоспар бойынша барлық топтарда «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатында  білім алушыларға экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру мақсатында  табиғатты қорғау, қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз және табиғат байланыстылығы жайлы толық мәлімет беріліп талданды. Экосағаттан кейін колледж ауласында «Бір тал кессең, он тал ек» акциясы өтті. Акцияға Алматы облыстық білім басқармасының кәсіптік және арнаулы техникалық білім беру бөлімінің бас маманы Дюсентаева Кенжегүл Мұқашқызы қатысты. Акция барысында барлық топ білім алушылары бөлінген объектілерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Білім алушылар бар ынталарымен, жақсы көңіл күймен жүріп  20 түп алма ағашын, 70 түп қарағаш көшетін отырғызды. Табиғатты қорғау мақсатында білім алушыларды пайдалы еңбекке баулып, өзі тұрған аймақтың табиғатын қорғауға үйретсек жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысы қалыптасатыны анық.

      

      


                                                                                               Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем!
          «Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және тәлім мен тәрбие беретін ол ең алдымен – мұғалім. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Сондықтан, ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
          Жыл сайын қазан айының алғашқы күндерінде Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің қабырғасында қалыптасқан дәстүр бойынша білім саласының өкілдері мен ардагерлері қос мерекені бірге тойлайды. Оның бірі 1 қазан – Халықаралық қарттар күні болса, екіншісі 5 қазан - ұстаздар мерекесі. Зейнет жасындағы ұстаздардың әріптестерінің ықыласын айрықша күтетіні де сондықтан. Қарттар күні аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады. Бүгін осы аталған мерекелерге орай колледжіміздің ұлағатты ұстаздары Әділбекова Бақытгүл Зиядақызы мен Нұрмұханбетов Саят Амантайұлының жетекшілігімен «Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем» тақырыбында салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шараға білім саласында ұзақ жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп, колледж қабырғасынан зейнетке шыққан, халық пен елдің мүддесіне барлық өмірлерін арнаған ардагерлер шақырылды. Кеш шымылдығын құттықтау лебізімен колледж басшысы Жұмаділов Әсет Қазыиұлы ашып қазыналы қарттарды, білім беру саласының ардагерлері мен құрметті ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді.
              Бағдарлама барысында колледж білімгерлері өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, әр мұғалімге арнайы өлең шұмақтарын арнады. «Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз» дей келе қарияларға арналған ізгі ниеттерін өлең шумақтарымен өріп, жылы тілектері мен алғыстарын білдіріп гүл шоқтарын сыйлады. Ардагерлер білім алушы жастармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді.Қарт адамдар баға жетпес тәжірибе мен білімге ие, сондықтан бүгінгі ұрпаққа олардың өмір жолдары табылмас қазына. Біз өз дәстүріміз бойынша ардагерлерді құрметтеп, жастар тәрбиесінде тиімді пайдалануымыз керек. Салтанатты шара колледжіміздің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген ән–сазды бағдарламасына ұласты.

        

        


"Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!" тақырыбында салтанатты жиын өтті.         

        Бүгін 1қыркүйек - "Білім күні" Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде, Білім күніне орай, "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Білім күніне арналған шара сәулетті колледж алаңында ұйымдастырылды.Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылып, колледж директоры Жұмаділов Әсет Қазыиұлы ұстаздар қауымын және колледж білімгерлерін құттықтап, жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі.Сонымен қатар колледжіміздің тәжірибелі ұстазы А.Мусекенова, ата-аналар комитеті, колледж білімгерлері құттықтау сөз сөйлеп, білім алушыларға жақсы білім алуларына тілектестіктерін білдірді.Шара барысында колледж әдіскері Ж.Ахметова Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса,"Жастар үйінің" тәрбиешісі Н.Боканова "Қалалық этносаралық ұйымының" Алғыс хатымен марапатталды.Сонымен қатар 270 топ білімгерлерінің бір шоғыры  "Көркемсурет галереясының" сертификаттарына ие болды.Салтанатты жиынды жүргізген кітапхана меңгерушісі А.Ибраева өткен оқу жылындағы колледждің жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, жалпы рейтинг бойынша  колледжіміз оқу үлгерімі жөнінде көшбасшы колледждердің қатарында екенін атап көрсетті.Колледждің өнерлі өрендері әсем әндерімен көпшіліктің көңілін көтерді.Шара соңында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Карипжанова білімгерлерді күн тәртібімен таныстырды.Әр топ білімгерлері өз оқу кабинеттерінде Білім күнінің "Ата Заңым- асыл қазынам!" Тақырыбындағы алғашқы сабаққа қатысып,ҚР Конституциясы туралы, Мемлекетіміздің жеткен жетістіктері, болашағы туралы ой бөлісті.

       

                

"Өлке өнері" атты облыстық кәсіпқой суретшілердің көрме байқауы өтті.   

    07 маусым күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Өлке өнері" атты облыстық кәсіпқой суретшілердің көрме байқауы өтті. Байқауға колледжіміздің Дизайн мамандығының өндірістік оқыту шебері Асқаров Айдар Тұрғамбайұлы және арнайы пән оқытушысы Әділбекова Бақытгүл Зиядақызы қатысып өз мамандықтары бойынша шеберліктерін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Айдар Тұрғамбайұлы БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп 200 000 т сертификат иеленсе, Бақытгүл Зиядақызы белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Әріптестерімізге марапаттарыңыз құтты болсын дей отырып, өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

      

Плэнер - 2019

            Колледждегі "Дизайн" мамандығының ІІ курс, 270 топ студенттері өндірістік оқыту шебері С.Нұрмуханбетовтың жетекшілігімен оқу үрдісінің жоспарына сәйкес Плэнер практикасын өтуде. Студенттер қаламыздың сұлу табиғатын, көрікті жерлерін қағаз бетіне түсіріп, мамандықтарының қыр сырын терең үйренуде

         

         

"Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ!"

       27 мамыр күні колледждің "Дизайн" мамандығының ІІ курс студенттері Б.Әділбекованың жетекшілігімен "Мүшелтой" балалар мен жасөспірімдер клубы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ!" тақырыбында қаладағы колледж білімгерлері арасында өткен аймақтық жарыста жүлделі ІІ-ІІІ орындар және "Дарынды суретші" номинациясын иеленіп қайтты. ІІ-орын Жұман Жібек, ІІІ-орын Түсупбекова Айдана, "Дарынды суретші"-Ербосын Дәурен. Жас ұрпақты оқытудың қажырлы еңбегі мен жоғары талапшылдығына, тұлғаны азамат етіп қалыптасуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жетекшісі Әділбекова Бақыт Зиядақызы Алматы облысының білім басқармасының басшысы Д.Жүнісовтің Алғыс хатымен марапатталды.

           

          


"Құрғақ құрылыс және сылақ" құзыреттілігі бойынша колледжіміздің 3 курс "Ғимараттармен құрылымдарды салу және пайдалану" мамандығының студенті Қыдыр Еркежан қатысуда.     

          22 мамыр күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында "Құрғақ құрылыс және сылақ" құзыреттілігі бойынша колледжіміздің 3 курс "Ғимараттармен құрылымдарды салу және пайдалану" мамандығының студенті Қыдыр Еркежан қатысуда. Чемпионат екі күнге жалғасады. Чемпионат қорытындысы 24 мамыр күні шығарылады. Еркежанға сәттілік тілейміз!

                       

      


«Электромонтаждық жұмыс» құзыреттілігі бойынша WORLDSKILLS TALDYKORGAN - 2019 чемпионаты өз жұмысын бастады.     

      22 мамыр күні Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледж базасында «Электромонтаждық жұмыс» құзыреттілігі бойынша WORLDSKILLS TALDYKORGAN - 2019 чемпионаты өз жұмысын бастады. Чемпионатқа Алматы облысының колледждерінен 9 сайыскер қатысты. Чемпионаттың мақсаты Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау.
     «Электромонтаждық жұмыс» құзыреттілігі бойынша чемпионат қорытындысы 24 мамырда шығарылады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

         


"World Skills Taldykorgan" аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. 

      "Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін арттыру және ұлттық чемпионатқа қатысатын үтімкерлерді анықтау" мақсатында Алматы облысының білім басқармасы 2019 жылдың 21-24 мамыр аралығында "World Skills Taldykorgan" аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Чемпионатты Алматы облысының білім басқармасының басшысы Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов ашып, чемпионаттың мақсат-міндеттерін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионатта 16 құзыреттілік бойынша білім алушылар өз кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жарысады.


Алматы  облыстық  "Нұр Отан" партиясының  ұйымдастыруымен кездесу өтті.         

        Бүгін  2019 жылдың  22 мамыр  күні    Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  сенімді  өкілдерінің  шығармашылық  және  ғылыми  интеллигенция  өкілдерімен  кездесу  өтті. Кездесуге  Алматы  облыстық  "Нұр Отан"  партиясы  қоғамдық  штабының  мүшелері  қатысты. Кездесуді  Алматы  облыстық  партия  филиалы  төрағасының  бірініші  орынбасары,қоғамдық  штаб  жетекшісі  Сарыбаев Ғалиасқар  Төлендіұлы кіріспе  сөзбен  ашты. Қазақстанның  құрметті  журналисі  М.Б.Жанаділов, журналист  Н.Д.Бектемірова, "Жетісу"  газетінің  бас  редакторы  Әміре  Әрін  сөз сөйлеп,ҚР Президенттігіне кандидат  Қасым-Жомарт  Кемелұлы  Тоқаевқа  қолдау  көрсетті. Кездесуге колледжіміздің ұстаздары  У.А.Джакубаева, А.Қ.Ибраева  қатысып  өз пікірлерімен  бөлісіп  қайтты. Кездесу  соңында  ҚР мәдениет  қайраткері Райымбеков Әлімғазы  ата  көпшілікке  батасын  берді.

         


Облыстық «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру мен тарату» форумы өтті.   

 2019 жылдың 17 мамыр күні Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру мен тарату» форумы өтті.
      Форумның мақсаты: колледждердегі жастардың бейнеролик бағытындағы кәсіптік жұмыс жүргізе бастаған шығармашылық көзқарасын дамыту. Студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылықтары мен кәсіптік білім беру ұйымдарының беделін арттыру, өз колледждерін бейнероликтер арқылы насихаттау
     Форумда шығармашылық бейнеролик, анимация, музыкалық клип, мультфильм жанрындағы бейнероликтер сарапқа салынады, бағаланады. Біздің колледжіміздің студенті өз бейнеролигінде «Жиһаз жинақтаушы» мамандығының қыр сырын терең білетіндігін және көпшілікке жаңашылдық формада мағыналы түсіндіре білген Шуиншалин Нұрлан жүлделі ІІІ орынды иеленіп 25000 теңге сыйақы және мақтау қағазымен марапатталды.

         

         


«Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» атты үздік сабақтар фестивалі өтті.

      15 мамыр күні Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестиваліне колледжіміздің «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының өндірістік оқыту шебері Рысбеков Нүркен Ертанұлы ашық сабақ көрсетіп жүлделі ІІІ орын иеленді.

            

                                


"Ашық есік" күні өтті.       

       Бүгін 2019 жылдың 15 мамыр күні ұлтымыздың салт – дәстүрін, құдіретті өнерін бойтұмардай сақтаған, басқаларды ұлттық ерекшеліктермен табындыра білген гуманитарлық-техникалық колледжінің «Мамандық – өмір таңдауы» атты «Ашық есік күні» өткізілді. Салтанатты жиында колледж директоры Джумадилов Асет Қазиұлы келген қонақтармен сұхбаттасып,колледж тарихына тоқталды. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі 37 жылдық тарихы бар оқу орны. Колледжіміз сан алуан кәсіби мамандар дайындап, еліміздің экономикасын көтеруге өзіндік үлес қосып, үнемі ізденіспен жұмыс істеп келе жатқан білім ордасы. Қазіргі таңда колледждімізде 10 мамандық бойынша жұмысшы кадрларын даярлайтыны туралы айтып өтті.Колледжге қаладағы 14 орта мектептің оқушылары жетекшілерімен келіп, колледждің тыныс тіршілігімен, өнерлерімен, спорттық шеберліктерімен танысып, оқу шеберханасында және оқу полигонында «Шеберлікке бастар жол» атты шебер сынып көрсетіп, түрлі мамандыққа байланысты көріністерді тамашалады.

         

         
             2018 жылы Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен аймақтық Worldskills Taldykorgan сайысында колледж білімгері Дүйсенхан Дамир "Электромонтер" мамандығы бойынша «Бас жүлдені» жеңіп алды. «Дәнекерлеу технологиялары» мамандығы бойынша Әбілхан Абат "жүлделі ІІ орынды иеленді. 44-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында Айтбек Ұлбосын 3 орын,
Алиасқар Балжан 3 орын иеленді. Заханов Айбар республикалық «Шаханов оқуларында» Бас жүлдені, қалалық «Ана тілі сұлтаны» байқауында І орынды жеңіп алды.Бердіқожа Іңкәр "Ана тілі аруы " қалалық сайыстан 1 орын. Республикалық экстрадалық вокал байқауында Құрбанжан Ерзат 1 орын иеленді.
Діни экстремизмге жол жоқ атты велоспорт жарысында Түкен Мерей 1 орын иеленді.
Рүстенбекұлы Ақниет каратэден спорт шеберіне кандидат. Сонымен қатар колледжіміздің қыздары Төлеуханова Ботагөз қалалық «Наурыз аруы» байқауынан І орын, қалалық,"Мисс Талдыкорган-2017" байқауында «Вице Мисс Талдықорған» титулын жеңіп алды. 2018 жылдың 7-10 ақпан күндері Ақмола облысының Шучинск қаласында Джиу - джитсу спортынан жастар арасында өткен, Қазақстан чемпионатында колледжіміздің студенттері Сәрсенұлы Самат, Сәрсенұлы Санат, І - орынды иеленсе, Сәрсенұлы Сәкен, Джакупов Ануар 85 кг салмақта ІІ - орындарды жеңіп алды. І - орын иеленген Сәрсенұлы Самат пен Санат Абу - Даби қаласында өтетін әлем чемпионатына Джиу – джитсудың «Неваза» түрінен - күміс медаль, ал Сәрсенұлы Самат - қола медальды иеленді. Ресейдің Алтай өлкесінде өткен жасөспірімдер арасындағы Халықаралық хоккей жарысынан алтын медаль иеленген – Тойшыбеков Нұржігіт те осы колледждің білімгері.
Бұл жеңістер бір жылдың нәтижесі. Біз өз жеңістерімізді мақтан тұтамыз.

   


Колледждегі "Көркемдік әсемдеу жұмыстарын орындаушы" мамандығының ІІ курс студенттерінің мамандық бойынша алған білімдерін анықтау мақсатында "Өнерлі өрге жүзер" тақырыбында іскерлік байқауы өтті. Байқау екі кезеңде ұйымдастырылып өткізілді. Бірінші теориялық кезеңінде студенттер тест тапсырмаларын орындады, екінші кезеңде тәжірибелік жұмыстар орындады. Байқау нәтижесінде бірінші орынды Махметова Жанерке, екінші орынды Сейтқұл Диана, үшінші орынды Түсіпбекова Айдана иеленді.

         

Колледждің АƏД пәнінің оқытушысы майор Е.Шарипов 21.94.-05.05 аралығында Жаркент қаласы, "Көктал" оқу -жаттығу полигонында ұйымдастырылып өткізілген "Айбалта -2019" стратегиялық штабтық-командалық оқу - жаттығуларына қатысып, бағалы сыйлықпен және мадақтамамен марапатталып қайтты.

         

1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні мерекесіне арналған облыстық "Достық" фестивалінде қазақтың  және әр этностардың ұлттық ойындарына Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің бірқатар студенттері белсене қатысып Алғыс хаттармен марапатталды.

         

           


 "Жаңа технология және өнер" атты жинақталған көрменің салтанатты ашылуы өтті.

     2019 жылдың сәуір айының 26 күні "Алматы облысының мәдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы" мемелекеттік мекемесі "Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында, Орал Таңсықбаевтың 115 жылдығына арналған О.Таңсықбаев атындағы сəндік - қолданбалы өнер колледжі студенттерінің туындыларынан жинақталған "Жаңа технология және өнер" атты жинақталған көрменің салтанатты ашылуы өтті.

     Көрмеге Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің 280 және 281 топ студенттерімен топ кураторлары қатысып қайтты.

            


«Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының WORLD SKILLS стандарттары мен модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізу шеңберіндегі қызметі» атты Республикалық семинар – кеңесі өткізілді. 

            26 сәуір күні Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледж базасында Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен  «Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының WORLD SKILLS стандарттары мен модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізу шеңберіндегі қызметі» атты Республикалық семинар – кеңесі өткізілді.  Шебер - класқа келген қонақтарды колледж акт залында колледж директоры А. Джумадилов колледж тарихымен таныстырып,  республика, облыс көлемінде  жеткен  жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар  қонақтарға колледжде оқытылатын мамандықтар бойынша шағын  көрме ұйымдастырылды.

          

Семинар-кеңес аясында «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығының «Электромонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша шебер-класы өткізілді.

Шебер-кластың мақсаты: World Skills стандарттары мен модульдік  құзыреттілік тәсілін оқу үрдісіне енгізу арқылы студенттердің  құзыреттілігін арттыру.

 Шебер-класты Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері  Кочурбаев Альмурат Сағымбайұлы және Талдықорған политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Иманберлинов Даукен Сайлаубекұлы өз студенттерімен ұйымдастырып өткізді. Шебер сыныпты Республикалық семинарға келген қонақтар және эксперт мүшелері көріп, сараптама жасап, болашақта өтетін World Skills чемпионатына  дайындық және жақсы бастама екендігін айтып өтті.

Мұндай шебер-сыныптардың өткізілуі өте маңызды себебі, бұл арқылы:

  • World Skills чемпионатына студенттерді дайындау;

бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің құзыреттілігін арттырылады;

  • World Skills стандартына сай әлемдік бәсекеге қабілетті, білікті, білімді маман иесін дайындауға мүмкіндік аламыз;
  • World Skills сайысы арқылы колледждің материалдық-техникалық базаларын заманауи үлгіде жаңартуға мүмкіндік пайда болады;
  • Дүниежүзілік World Skills қозғалысын жарнамаланады.

          


 «Жарқын болашақ – жастардың қолында» атты кездесу ұйымдастырылды.

 Колледжде 18 сәуір күні студенттерге «Жарқын болашақ – жастардың қолында» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Шанс» әлеуметтік-психологиялық құқықтық қорғау орталығының директоры Ж.Куджаков, заңгері Мухамедов Руслан, психологы Сейфульмаликова Азиза, облыстың ата-аналар комитетінің төрайымы Д.С.Қыдырбаева, «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің қызметкері А.Сырлыбаева келді.

     Кеңестің мақсаты: еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін түсіндіру арқылы білім алушылар арасында жасалып жатқан құқық бұзушылықтың адам, қоғам өміріне тигізер  зияны туралы көзқарастарын қалыптастыру, жасөспірімдерді заң талаптарын сақтап, татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

        Д.Қыдырбаева жастарды заманнан қалмай білім алып, мамандықты терең меңгеруге ақыл-кеңес берді. Әр балаға алдағы өмірде мақсат қоя білуге үйретіп, жетістікке жету үшін барлық күш-жігерлерін алмау керектігін айтты. Ол ана ретінде әр баланың болашағы жарқын болғанын тіледі.

   «Шанс» әлеуметтік-психологиялық құқықтық қорғау орталығының директоры Ғ.Куджаков осы орталықтың жұмысы туралы жан-жақты түсінік берді. Әрқашан қиындықтан шыға алмай жүрген әр балаға рухани қолдау көрсетіп, заң жүзінде бағыт-бағдар беретін мамандар бар екенін жеткізді. Құжат жасатуда, құжаттар алуда туындаған қиындықтарды да шешуге көмек беретінін айтты. Студенттердің қойған сұрақтарына келген қонақтар толымды жуап беріп, жақсы сұхбаттасу болды.

     «Қос Қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің мүшесі А.Х.Сырлыбаева өздерінің істеп жатқан жаңаша бастамалары туралы айтып, жастарды белсенді болуға шақырды. Өздерінің орталықтарына келуге келуге шақырып,  біріге жұмыс істеуге үндеді.

   Кездесу соңында: «Шанс» әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының директоры Ғ.Ж.Куджаков пен колледж директоры А.Қ.Джумадилов ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеу мақсатында мемарандумға екі жақты қолдарын қойды.

          

        


Жас маманға жол ашық!

      Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде 17 сәуір күні Қамқоршылық кеңес мүшелері студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге қамқоршылық кеңестің төрайымы Алматы облысының көркемсурет галериясының ғылыми қызметкері, кеңес төрайымы -  Оразбаев Айгүл Қадіржанқызы, мүшелері: «Сұңқар» ЖШС директоры - Ерназаров Алмас Ерназарович, Жетісужилсоцстрой директоры - Татарчук Борис Борисович, «Шығыс 4» ЖШС директоры - Литвенко Виктор Николоевич, ТIIБ «Шығыс» қалалық полиция испекторы - Жанысбеков Бейбіт Мұратұлы, колледждің ата-аналар ұйымының төрайымы - Токмолданова Баян Айжановна, ата-ана - Малдыбекова Мейрамгул қатысты.

       Қамқоршылық кеңестің төрайымы А.Оразбаева студенттерге қамқорлық жасауға, колледждің қоғамдық жұмыстарына көмектесетіндерін, дарынды балаларды дамытуға қолдау көрсететінін жеткізді. «Сұңқар» ЖШС директоры Ерназаров Алмас Ерназарович-«Қазақтелекомға» осы мамандық бойынша білім алған қабілетті балаларды жұмысқа алуға көмектесетінін айтты. «Жетисужилсоцстрой» ЖШС директоры Татарчух Борис Борисович колледждің құрылысшы мамандары талай жылдан бері машықтанудан өтіп жатқандарын, олар өз мамандықтарын терең білетін мамандар дей келе, қазір құрылыс обьектілерінде талай студент оқудан  кейіп қалып жұмыс істеп жатқанын айтты. Колледж ұжымы заман талабына сай білікті маман дайындап жатқандарына рахмет айтып, алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтіндерін жеткізді. Кездесуде ата-аналар комитетінің төрайымы Тоқмолданова Баян Айтжановна колледж ұжымына белсенді жастарды тәрбиелеуде, мамандық беруде жақсы жұмыстар атқарып жатқанын айтып, әр бастамаға қолдау көрсететіндерін жеткізді.

     

                                        


18 сәуір күні Жетісу телеарнасының "Болмыс" бағдарламасына колледжіміздің 270 топ студенттерімен топ кураторы Б.Адильбекова қатысты. Бағдарлама "Алпамсадай азаматтар қайда?" атты тақырыпта өтті. Қатысқан студенттер қазақ халқының алпамсадай батырлармен қауышқанына ризашылықтарын білдірді.