Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
педагогтермен, топ басшыларымен байланыста болады;
оқу үшін жағдай жасайды;
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, білім алушының денсаулығы үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың жұқпалы ауруларға шалдығуының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.ҚБТ жауапты қызметкер:
ҚБТ қолданумен жүргізілетін оқыту процесі қатысушыларына арналған нұсқаулықтар мен ұсынымдарды әзірлеу бойынша платформалар/ААЖ әкімшіліктерімен өзара әрекетті іске асырады;
ҚБТ қолданумен оқыту процесін ұйымдастыруға студенттер мен оқытушылардың даярлығын анықтау бойынша мониторинг жүргізеді;
техникалық жағдайларды жасау (серверлерді дайындау, бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау, тағы басқа) мәселесі бойынша білім басқармаларының ТжКБ бөлімдерімен бірлесіп, платформалар/ААЖ әзірлеушілерімен, ТжКБ ұйымдарымен онлайн-кеңес өткізуге қатысады;
платформалар/ААЖ әкімшіліктерімен бірлесе отырып, ТжКБ ұйымдары педагогтері үшін оқыту вебинарларын өткізу графигін анықтайды.
Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жанындағы оқу-әдістемелік орталықтар (кабинеттер):
ТжКБ ұйымдарына қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту процесін ұйымдастыруда, оқыту кестесін, графигін құруда әдістемелік-кеңестік көмек көрсетеді.