"Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК
0

Қашықтықтан оқыту

                         Құрметті  колледж  ұжымы  және студенттері!

     Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің  педагогтарының,  студенттерінің және басқа  да қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақталуын  қамтамасыз ету мақсатында   сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде  коронавирустан сақтану мен алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 қаулысында көрсетілгендей республика бойынша жарияланған төтенше жағдай  негізінде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап біздің колледж  толығымен  онлайн түрінде бекітілген кесте бойынша қашықтықтан оқыту элементтері Platonus, ZOOM, WhatsApp көмегімен  оқытуға көшті. Оқыту механизмі мен сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы барлық өзекті  қосымша ақпараттар  мессенджерлері  оқу топтарының чаттарына жіберіліп отырады.  Білім алушылар мен оқытушылардың, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі біздің басты құндылығымыз болып табылатындықтан, колледж басшылығы өз кезегінде,  әлемдегі және елдегі жағдайды БАҚ материалдары  арқылы мұқият қадағалап, орындап отыруларыңызды сұрайды.

     Құрметті Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің ұжымы мен студенттері  өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда . Барлық гигиеналық талаптарды орындап, ережелерді мұқият сақтаңыздар. Елімізде тұңғыш рет жарияланған жағдайға сабырлылық танытып, әр адам өз өмірін сақтап, жауапты болуға шақырамыз.

 

 

 

Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен

кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру

жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 01 сәуірдегі №123 бұйрығының 1-қосымшасының 27, 28 пунктеріне сәйкес ұсынымдары:

Білім алушылар:

- педагогтермен күнделікті байланыста болады;

- қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;

- күн сайын білім алушы кабинетіне (бар болса), электронды поштаға және өз бетінше зерделеу үшін оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелері мен технологияларын қолданады;

- күн сайын білім беру ұйымы белгілеген қол жетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше орындайды;

- орындалған тапсырмаларды педагогке қол жетімді байланыс құралдары (электрондық пошта, Aitu чат, WhatsApp чаттар және т. б.) арқылы уақтылы жібереді;

- оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау қағидаттарын сақтайды;

- қол жетімді электрондық ресурстарды пайдаланады.

Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

- жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;

- білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- педагогтермен, топ басшыларымен байланыста болады;

- оқу үшін жағдай жасайды;

- санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, білім алушының денсаулығы үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың жұқпалы ауруларға шалдығуының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.